Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

61.Туристік ағым статистикасының негізгі көрсеткіштері.

Статистикалық есеп – туризм зерттеушілерінің ортақ мəселесі болып саналады. Халақаралық туризмді зерттеу сандық көрсеткіштерді қажет етеді, оның негізін статистика құрайды. Туристік ағымдарға жүйелі есеп жасау ХХ ғасырдың бірінші жартысынан басталады. 1929 жылы Австрияға 2 млн,Швейцарияға – 1,5 млн, Италияға – 1 млн-нан артық адамдар барды. Туристік қозғалыс кезіңде Еуропаның кейбір елдерінде саяхатқа статистикалық есеп жүргізілді. Бірақ ол кезде оның өзіндік маңызы болмады. Мəліметтерді жинау жəне оны өңдеу ұлттық қауіпсіздік, көшіп-қону процесін бақылауға жəне салық салу ережелерін сақтау үшін жүргізілді. Туристік мақсат еске алынбады. Туристер басқа да саяхатшылармен бірге есептелінді. Халықаралық туризм статистикасының жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында басталды. Соғыстан кейінгі Еуропа елдері көптеген шаруашылық қиындықтарына тап болды: күйзеліс, басқарудағы ретсіздік, қаржы-қаражат жүйесінің күйреуі жəне басқалар. Елдердегі осындай жағдайларды тұрақтандыру үшін бүтіндей кешенді əрекеттер керек болды. Осындай ауыр жағдайда үкімет үлкен үміт артып халықаралық туризмге үндеу тастады. Қаржының тұрақтануы, төлем балансының жандануы, ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуді солармен байланыстырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Батыс елдерінің үкіметі мен халықаралық ұйымдары назарын дамушы елдерге аударды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1960 ж. отарланған елдер мен оның халқына бостандық беру туралы Декларация қабылдады жəне алдағы он жылды "Даму декадасы" деп хабарлады. Кеңесшілер əлемнің Үшінші елдерінің артта қалған экономикасын көтеру бағдарламасын жасап, туризмге елеулі орын берді. Туризм экономикасының маңызы мен мөлшерінің өсуімен қатар оның статистикасы да дамыды.

Халықаралық туризм статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады: туристік ағым статистикасы жəне туристік табыс пен шығын статистикасы. Туристік ағымның негізгі көрсеткіштері – келушілер (кетушілер) саны мен олардың сол елде болу ұзақтығы. Келушілер (кетушілер) саны дегеніміз, қандай да бір елде белгілі бір уақыт ішінде (əдетте бір жылда) болған, қоныстанған, тіркеуден өткен туристердің саны. Келушілер (кетушілер) статистикасы əлемдегі туристік ағымдардың санын жазумен шектеледі. Олардың мөлшері өсуде. Егер де соғыстан кейінгі 50 жылда əлемдегі халықтың саны екі есе өскен болса, туристердің саны 27,5 есе көтерілді, 1950 жылы 25,3 млн болып, 2000 жылы 696,1 млн адамға дейін, 2001 жылы 692,9 млн адамға дейін көтерілді. 2002 ж. халықаралық туристік елушілердің саны 700 млн адамнан асып, 715 млн адамға дейін жетті. 2005 ж – 800 млн адамнан асып (806 млн адам) 2007 ж – 900 млн адамға дейін (898 млн адам) жетті, 2010жылы- 940млн.

Халықаралық туристік ағымның аймақтық бөлінуі ертеден-ақ қалыптасқан. Бұқаралық туристік алмасудан бастап қазіргі шаққа дейін әлемнің туристік нарығында көзге түсіп жүргені – Еуропа (402,8 млн келуші – 2000 ж., 476,6 млн – 2010 ж.). Бұл аймақты еуропалықтардың өздері де, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың тұрғындары да қалайды. Екінші орынды көп жылдардан бері Америка алып тұрды (128,3 млн келуші – 2000 ж., 149,8 млн – 2010 ж.). Еуропа мен Америка, оның Солтүстігі нағыз әсерлі туристік аймақ болып саналады. Әлемдегі барлық туристік келушілердің 4/5 осында келеді. Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризм динамикасында соңғы 50 жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардың 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қарқыны әлемнің орташа деңгейіне жақын ғана болды (6,6 және 5,9% жылына). Жаңадан ашылған туристік аймақтар – Азия-Тынық мұхит, Таяу- Шығыс және Африка елдері жылдам даму үстінде. Соңғы жиырма жылдың ішінде қарқынды дамып келе жатқан – Азия- Тынық мұхит аймағы болып табылды, ондағы келушілердің жылдық орташа өсу саны, әлемдік орташа көрсеткіштен 9 есе асып түсті. 2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы келушілердің санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші –2002 ж., ал Америкада 120,2 млн келуші – 2002 ж.; 176,2 млн – 2007 ж., ал Америкада 142,1 млн – 2007 ж.; 192,7 млн – 2010 ж., ал Америкада 149,8 млн – 2010 ж.). Әлемде Еуропа бірінші орынды сақтап отыр (402,8 млн келуші – 2000 ж.; 480,1 млн – 2007ж.; 476,6 млн келуші – 2010 ж.). Туристік ағым статистикасының басқа бір көрсеткіші – келушілер болуының ұзақтығы. Бір күндік сапар мен түнеуге ғана келгендер үшін ол сағат санымен өлшенеді. Түнеу дегеніміз бір туристің сол елдегі өткізген бір тəулік уақыты. Болуының ұзақтығына қарай (түнеу саны) саяхат нарығын бірнеше сегментке бөледі. Қысқа мерзімдік сапар (1-3 түнеу) демалыс пен мейрам күндерінде демалып, көңіл көтеру, сондай-ақ іс мақсатымен келуі. Екінші топқа жататындар (4-7 түнеу) – шағын демалыс кездеріндегі əр түрлі себептермен сапар шегушілер. Нарықтың бұл сегменті ұтымды қарқынмен дамуда. Орта мерзімдік сапар (8-28 түнеу) – бұл негізінен ұзақ уақыттағы демалыс. Ұзақтығы 29-91 жəне 92-365 түнеу сапары, ол ұзақ мерзімдік туризмге жатады. Кейбіреулері, дəлірек айтқанда, ұзақ сапарларды демалу, көңіл көтеру жəне емделу үшін қолданса, басқалары іскерлік жəне кəсіптік мақсатпен қолданады. ДТҰ-ның мəліметі бойынша, түнеу туралы статистикалық мəліметтер ай тізбегі, орналасу түрі мен категориясы, сондай-ақ территориялық белгілері арқылы топтасады. Туристердің болуының ұзақтығы əр елде əр түрлі. Бұндайайырмашылықтар қабылдайтын елдердің туристік мамандығына байланысты (іскерлік туризм немесе демалу мен көңіл көтеру үшін саяхат) жəне оның ішкі нарықтағы баға деңгейіне де, туристік ағымдардың ерекшеліктеріне де байланысты болады Келушілер статистикасына қарағанда болу ұзақтығының статистикасы туристік саяхаттар мазмұнын сипаттайды. Қарастырылған туристік ағымдардың көрсеткіштері шетелдік туристерді ғана статистикалық есепке алмай, сондай-ақ жергілікті халықты да, шетелге кететін немесе өз елінің ішінде саяхаттайтын адамдарды да есепке алу үшін қолданады. Осы көрсеткіштер арқылы келу, шығу жəне ішкі туризмнің мəлімет базасын салыстыруға болады. Халықаралық туризм табысы. Құнды көрсеткіштердің талдауына қарасақ, туризм әлемнің шаруашылық саласының лидеріне айналғанын байқаймыз. Халықаралық туризмнен түсетін табысқа шетел туристерінің уақытша болған елде жасаған шығындары, оның ішінде ел ішіндегі көлік пен сауда шығындары кіреді. Халықаралық көлік тасымалына жұмсалған ақша статистикада бөлек есептеледі. Туризм статистикасының екінші күрделі бөлімі – туристік табыс пен шығын статистикасы. Мұнда елдің төлем балансына туризмнің тигізетін әсері, сондай-ақ халықаралық туризм шығыны және одан түсетін табысы

қарастырылады. Туризм статистикасының екінші бөлімінің негізгі түсінігі – туристік шығын. Туристік алмасуды туристер саны және ақша түрінде өлшеуге болады. ЮНВТО (ДТҰ), басқа да халықаралық ұйымдар ұсыныстарына сай, туризм статистикасында төлем балансында көрініс табатын қос құндық көрсеткіштер: халықаралық туризмге жұмсалған шығындар мен одан түскен пайдасы – қолданылады. Халықаралық туризмге жұмсалған шығын дегеніміз белгілі бір ел тұрғындарының шет елінде туристік мақсатта болған кезде жұмсаған ақшасы. Бұған «таза» туристердің шығындарымен бірге экскурсанттардың шығыны да кіреді.

62.Туристік табыстардың статистикасы. Халықаралық туризм табысы. Құнды көрсеткіштердің талдауына қарасақ, туризм әлемнің шаруашылық саласының лидеріне айналғанын байқаймыз. Халықаралық туризмнен түсетін табысқа шетел туристерінің уақытша болған елде жасаған шығындары, оның ішінде ел ішіндегі көлік пен сауда шығындары кіреді. Халықаралық көлік тасымалына жұмсалған ақша статистикада бөлек есептеледі. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың мөлшері өсуде. 1950 жылдан 2010 жылдың арасында ол 437 есе өсті, яғни 2,1 млрд американдық доллардан 919 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2001 ж., 406,2 млрд американ долл. 2010 ж.), ал ШАТА екінші орында (82,2 млрд американ долл. 2001 ж., 248,7 млрд американ долл. 2010 ж.) Америка үшінші орында (122,5 млрд американ долл. 2001 ж., 182,2 млрд американ долл. 2010 ж.). Халықаралық туризмнен түсетін табыстың аймақтық бөлінуі туристік келушілердің географиясымен сәйкес келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950 жылды алмағанда, Еуропа ең табысты туристік аймақ болып тұрды. Американың туристік табысы АҚШ-тың белсенді туристік саясатына және АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы ішкі туристік алмасуға байланысады. Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған елдер тобында (АҚШ, Канада) және Батыс Еуропаның (Франция, Германия, Ұлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) және Альпі елдерінде (Австрия, Швейцария) шоғырланған. Осылардың үлесіне барлық табыстың жартысы тиеді. АҚШ - ең табысты елдердің бірі. Халықаралық туризмнің статистикасы мәліметтерді жинаудың түрлі формаларын пайдаланады. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың мөлшері өсуде. 1950 жылдан 2006 жылдың арасында ол 300 есе-ден артық өсті, яғни 2,1 млрд американдық доллардан 700 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2001 ж., 348,2 млрд американ долл. 2005 ж.), ал Америка екінші орында (122,5 млрд американ долл. 2001 ж., 144,6 млрд американ долл. 2005 ж.) тұр. Халықаралық туризмнен түсетін табыс – ол елге уақытша келген шетел туристердің ішкі тасымалдауға жəне сатып алуға кеткен шығындары. Халықаралық көлік тасымалдауына кететін қаражат турдың шығын жəне табыс статистикасында жеке ескеріледі. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың аймақтық бөлінуі туристік келушілердің географиясымен сəйкес келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950 жылды алмағанда, Еуропа ең табысты туристік аймақ болып тұрды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап Азия-Тынық мұхит аймағының салмағы көтеріле бастады, онда туристік табыстың ең жоғарғы орташа жылдық өсу қарқыны байқалды (18,5% 1985-1995 жылдары). 2001 ж. – 82,2 млрд долл, 2005 ж. – 138,6 млрд долл. Американың туристік табысы АҚШ-тың белсенді туристік саясатына жəне АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы ішкі туристік алмасуға байланысады. Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған елдер тобында (АҚШ, Канада) жəне Батыс Еуропаның (Франция, Германия, Ұлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) жəне Альпі елдерінде (Австрия, Швейцария) шоғырланған. 2001 жылы солардың үлесіне барлық табыстың жартысы тиді. АҚШ - ең табысты елдердің бірі. Туризмнен түсетін табыс 80-жылдардан кейін көтерілді. 2007-477 млрд, 2008-944 млрд, 2009-852 млрд, 2010-925 млрд.?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]