Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

60. Дүниежүзіндегі ірі туристік аймақтар (дтұ бойынша).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым əлемнің ірі туристік аймақтарын алтыға бөледі:

1. Еуропа аймағы Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық жəне Шығыс елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар Жерортатеңізінің шығысындағы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);

2. Америка аймағы Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб бассейні аумағының аралындағы мемлекеттері;

3. Азия-Тынық мұхит аймағы Азияның Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс елдері, Австралия жəне Мұхит аралдары;

4. Африка аймағы Африка елдері, Египет пен Ливияны қоспағанда;

5. Оңтүстік-Азия аймағы Оңтүстік-Азияның барлық елдері;

6. Таяу Шығыс аймағы Азияның Батыс жəне Оңтүстік-Батыс елдері, Египет жəне Ливия.

Халықаралық туристік ағымның аймақтық бөлінуі ертеден-ақ қалыптасқан. Бұқаралық туристік алмасудан бастап қазіргі шаққа дейін әлемнің туристік нарығында көзге түсіп жүргені – Еуропа (402,8 млн келуші – 2000 ж., 476,6 млн – 2010 ж.). Бұл аймақты еуропалықтардың өздері де, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың тұрғындары да қалайды. Екінші орынды көп жылдардан бері Америка алып тұрды (128,3 млн келуші – 2000 ж., 149,8 млн – 2010 ж.). Еуропа мен Америка, оның Солтүстігі нағыз әсерлі туристік аймақ болып саналады. Әлемдегі барлық туристік келушілердің 4/5 осында келеді. Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризм динамикасында соңғы 50 жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардың 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қарқыны әлемнің орташа деңгейіне жақын ғана болды (6,6 және 5,9% жылына). Жаңадан ашылған туристік аймақтар – Азия-Тынық мұхит, Таяу- Шығыс және Африка елдері жылдам даму үстінде. Соңғы жиырма жылдың ішінде қарқынды дамып келе жатқан – Азия- Тынық мұхит аймағы болып табылды, ондағы келушілердің жылдық орташа өсу саны, әлемдік орташа көрсеткіштен 9 есе асып түсті. 2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы келушілердің санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші –2002 ж., ал Америкада 120,2 млн келуші – 2002 ж.; 176,2 млн – 2007 ж., ал Америкада 142,1 млн – 2007 ж.; 192,7 млн – 2010 ж., ал Америкада 149,8 млн – 2010 ж.). Әлемде Еуропа бірінші орынды сақтап отыр (402,8 млн келуші – 2000 ж.; 480,1 млн – 2007ж.; 476,6 млн келуші – 2010 ж.).

Келушілер (кетушілер) саны туристік қозғалыстың негізгі көрсеткіші болып саналады. Туристік ағым статистикасының басқа бір көрсеткіші – келушілердің елде болу ұзақтығы. Шетел туристерінің елде болу мерзімінің есеп бірлігі ретінде түнеу немесе тур-күн [бір туристің белгілі бір жерде (елде) бір тәулік бойы болуы] қабылданған. ЮНВТО нұсқауына сәйкес, шетел туристердің түнеулері туралы статистикалық мәліметтері айлар бойынша, орналасу құралының типі мен категориясы бойынша және аумақтары бойынша топтастырылады. Шетел туристерінің елде болу мерзімі елдер бойынша бірдей емес: бұл уақыт қабылдаушы елдің туристік мамандандырылуына (діни, іскерлік, ойын-сауық, демалыс т.б.), ішкі нарығындағы бағалар деңгейіне, туристік ағымдарының сипатына (транзиттік немесе осы жерде аяқталатын) және басқа факторларға байланысты болады. Елде болу ұзақтығына қарай (түнеу саны) саяхат нарығын бірнеше сегментке бөледі. Қысқа мерзімдік сапар (1-3 түнеу) демалыс пен мейрам күндерінде демалып, көңіл көтеру, сондай-ақ іс мақсатымен келуі.

Екінші топқа жататындар (4-7 түнеу) – шағын демалыс кездеріндегі әр түрлі себептермен сапар шегушілер. Нарықтың бұл сегменті ұтымды қарқынмен дамуда. Орта мерзімдік сапар (8-28 түнеу) – бұл негізінен ұзақ уақыттағы демалыс. Ұзақтығы 29-91 және 92-365 түнеу сапары, ол ұзақ мерзімдік туризмге жатады. Кейбіреулері, дәлірек айтқанда, ұзақ сапарларды демалу, көңіл көтеру және емделу үшін қолданса, басқалары іскерлік және кәсіптік мақсатпен қолданады. Келу статистикасы туристік ағымдардың көлемі туралы жалпы мәлімет беріп тұрса, елде болу ұзақтығының статистикасы туристік саяхатқа сипаттама береді. Транзиттік және белгілі жерде аяқталған сапарлар жөніндегі ақпарат туристердің әралуан топтарының орналастыру қызметтеріне деген сұраныстарын зерттеу кезінде қолданылады. Туристік ағымдардың көрсеткіштері елге келген шетел туристерінің статистикалық есебімен бірге, шет елдеріне баратын жергілікті халықтың есебінде де қолданылады. Нәтижесінде кіру және шығу туризмі жөніндегі мәліметтерді салыстыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]