Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

39.Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азиядағы рекреациялық туризм.

Соңғы 20 ж. ішінде Африкаға келушілердің саны көбее бастады. Халықаралық туризм жақсы дамыған аймақтар – Африканың солтүстігі, шығысы, оңтүстігі. Əрқайсысы өзіне тиімді туризм түрлерін дамытады. Египет, Тунис, Марокко – жағажай танымдық туризмді; Кения, Зимбабве – сафари мен экотуризмді. ЮАР-да жайлы табиғи жағдайлаыр бар:жұмсақ,тропикалық климат, табиғи жəне мəдени ескерткіштері. Таяу Шығыста рекреациялық туризм басты роль атқармайды. Оның дамуы болашақта саяси тұрақсыздықтан əлі де белгісіз. Оңтүстік Азияда халықаралық туризм нашар дамыған. ДТҰ кепілдемесі бойынша Оңтүстік Азияға Еуропа, Солтүстік Америка, ШАТА нарықтарын игеру керек.

40.Іскерлік туризмнің географиясы.

Іскерлік туризм ең табысты және туристік нарықта дамушы сегменттің бірі. 2003 жылы ДТУ 200 млн іскерлік саяхаттарды тіркеді. 1980 жылдан бастап қарқынды дамыды. Іскерлік туризм екі сегмент кқрсетіледі. 1 іскерлік туризм 2 MICE – meeting incentives conventions exhibitions – кездесу, инсентив, конференция, көрме, жәрмеңке. Іскерлік саяхат командировкалар бизнес функцияларды атқарады немесе келісім шарт жасасу үшін қолданылады.

MICE - кәсіби біліктілігімен алмасу, презентациялар өткізу, перспектива бойынша жұмыс жасау қосымша функциялар (жұмыскерлерді мадақтау) т.б. іскерлік саяхат пен MICE айытмашылығ оның мақсаттарында. Іскерлік саяхат жеке кездесулер немесе бірнеше адамдар ғана болуы мүмкін. Ал MICE аудиториясы кең және оны ұйымдастыру үшін арнайы мамандарды талап етеді. MICE өз ішінде үшке бөлінеді : 1 конгресс, конференция, саммит, симпозиум, 2 көрме, жәрмеңке, 3 инсентив шаралар.

1 конгресс, конференция, саммит, симпозиумға қатысушылар саны.

  • Корпоративтік топтар ірі, орташа, кіші компаниялар. Олар коммерциялық жағынан кездесулер өткізеді. Маркетинг, сату, жаңа тауар шығару, кадр мәселелері, тренингтар өткізеді. Бұндай шаралар ұйымдастыруда турфирмаларға жүгінеді.

  • Ассоциациялар. Олар «цехтік» проблемаларды, көбінесе сауда экономикалық немесе ғылыми тұрғыдан шешу үшін жүргізеді. Ассоциация мүшелері қатысудан бас тарта алады. Ақшалай қаражатты өз мойнына алады. Бұндай шараларды өткізу 2-3 жыл бұрын шешіледі. Оның өткізу орнын тендер арқылы арқылы жүргізеді. Оның өткізу уақытын оргкомитет бекітеді. Корпоративтік емес шаралардың 8% 2000 аудиторияны жинайды. Орташа есеппен 20-250 адамға дейін болады.

  • Мемлекеттік құрылым, білім жөніндегі организациялар, денсаулық сақтау органдары, халықаралық рейс экипаждары. 12% Іс- шаралар өткізіледі. Кейде ассоциациялармен біріктіреді.

2 көрме, жәрмеңке. Бұл шаралар тауарға презентация, жарнама жасау және қонақтарға ақпарат беріп, сату көлемін ұлғайту үшін жүргізіледі. Қатысушыларды екі категорияларға бөлуге болады.

  • Экспонентты жарнама жасаушылар

  • Келушілер, келісім шарт жасау үшін, сатып алу үшін, ақпарат алушылар.

Келушілердің құрамына қарай (халықаралық, ұлттық, жергілікті және аймақаралық), экспозициясы бойынша (универсалды, тематикалық, салалық, салааралық), өткізу жиілігі бойынша (периодты, жыл сайынғы, мезгілдік), мақсатына қарай (сауда, ақпараттық, танымдық) т.б.

Көрме мен жәрмеңкелерде билеттерді сату презентацияларды өткізу, қоғамдық тамақтану орындары, арнайы демалу бөлмелерін ұйымдастыру қажет.

Германияд «Экспо - 2000» атты конгресс көрме өтті. Ол 1 маусым 2000 жылы Ганноверде ашылды. Онда 189 мемелекет, 58 павильон болды.

Ең үлкен конгресс көрме орталықтары: Амстердам, Барселона, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева,Копенгаген, Лондан, Мадрид, Париж, Страсбур.

Мамандырылған туристік көрмелер мен биржалар ерекше назар аударады. Туристік өнімдерді ілгері жылжыту үшін олар 40 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын Еуропаның өзінде 200-ден артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады:

1) Берлинде өтетін халықаралық туристік биржа (Іnternatіonal Tourіsmus Borse, ІTB). Биржа жұмысының тақырыбы əртүрлі, мысалы, Еуропадағы экотуризмге арналған немесе Африкадағы туристік қозғалыстың дамуының болашағы туралы жəне т. б.;

2) жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FІTUR). FІTUR – бұл Испандық жəне Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл "Еуропа мен Америка арасындағы көпір";

3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (World Travel Market, WTM). Америкада іскерлік ағымдар АҚШ-қа ұмтылады; Оңтүстік-Шығыс Азияда – Сингапурге, Жапонияға, Тайваньға, Гонконгке. Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуімен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко жəне Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында

дамыған. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өндіретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.

3 Инсентив туризм. 1960 жылы пайда болды. 1970-80 ж. шарықтау шегі жылдары болды. Алғаш АҚШ өткізілді. Компаниялар екі мақсатпен қатысады: бірі сыртқы имиджін сақтап тұру үшін: 50% фирмалар жаңа тауарды еңгізу үшін, 35% сату көлемін ұлғайту үшін, осы мақсаттармен шараларға диллер мен әріптестерді шақырады.

екіншісі: ішкі корпоративтік атмосфераны күшейту және оларды мадақтау. (15%)

Инсентив шаралар әртүрлі формаларда өтеді. Жиналыстар, конференциялар, «галстуксыз» презентациялар, тауарды өткізу, демалуға жіберу, мадақтау, жұмыскерлерді оқыту, тренингтер жүргізу. Инсентив тур күнге созылады. Бағасы дейін. Көп баратын маршруттар: Франция, Испания, Швейцария, Австрия, Кипр, АҚШ, Кариб бассейні. Қатысушылар саны 1-2-ден жүзге дейін баруы мүмкін. Соңғы жылдары мұндай турларды ұйымдасьыру үшін арнайы мекемелер ашылды. Келісім- шарт бойынша турфирмалар инсентив турларды құрастырады. ең танымал турфирмалар АҚШ Мак Доналд Трэвал компаниясы. Инсентив турларға келушілер 5-4 жұлдызды қонақ үйлерде тұрады. Арнайы экскурсияларды өздері тағдайды немесе белгілі бір мақсатпен жасалып отырады. Ол гольф турнирі болуы мүмкін немесе пикниктер, круиздер, әуе шарларда ұшу ұйымдастырылады. Нью - Йоркта жұмыскерлерді мадақтау ұйымы бар. 650 мүшеден, 18 комитеттен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]