Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

3.Туризм туралы түрлі адамдар ассоциациясының ұсынысы.

«Туризм» мен «турист» түсініктері əдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, əсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» жəне «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ресми түрде ғылыми əдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archіv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан. Туризм өте кең түсінік, əдебиет бетінде туризмнің əр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «əр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952- ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул жəне ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің əр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен жəне мəдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, əскери жəне революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» – деді.

Туризмге қысқа да, сəтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы». ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді. Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық жəне концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жəне басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мəнін көрсететін анықтама, пəнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

4.Тарихи даму үрдісінде "туризм" мен "турист" түсініктеріне берілген анықтамалар. «Туризм» мен «турист» түсініктері əдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, əсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» жəне «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз

білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады. 1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсатымен жасалынатын саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда əр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай, уақытты кетіріп жүретінді турист деп атады. Ресми түрде ғылыми əдебиетте «туризм» түсінігі XX ғ 30ж туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archіv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан. Туризм өте кең түсінік, əдебиет бетінде туризмнің əр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «əр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952- ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул жəне ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің əр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен жəне мəдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, əскери жəне революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» – деді. Туризмге қысқа да, сəтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты,сапары, жорық жасап демалуы». ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді.

Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тəжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм

жəне саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория жəне тəжірибе жағынан маңызының зор екендігін жəне оған берілетін анықтаманың толық та дəлірек болу керектігін көрсетті.Қазіргі шақта 1963-ші жылы Рим конференциясында енгізілген, Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қабылдаған халықаралық тəжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама келесі: «Туристер – əр түрлі мақсатта тұрақты жерінен тыс жерге саяхат жасайтын, ақша табу əрекетпен айналыспайтын адамдар». Бұл анықтама мыналарды қамтиды: – туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады жəне олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар; экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).

5.Саяхат жасаушылардың классификациясы. «Туристер – әр түрлі мақсатта тұрақты жерінен тыс жерге саяхат жасайтын, ақша табу әрекетпен айналыспайтын, адамдар». Бұл анықтама мы наларды қамтиды:–туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).Бұл анықтама мыналарды қамтиды:

– туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда). Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт,виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Туристер де, экскурсанттар да ішкі және шетелдік(халықаралық) туристер(экскурсанттар) болып бөлінеді. Ішкі келушілер: өз елінен басқа жерге көшіп кету үшін келгендер; табыс табу үшін келгендер; жұмыс н/е оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар; ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер; көшпелілер; Халықаралық келушілерге жатпайтындар: иммигранттар немесе эмигранттар; шекаралық қызметкерлер; дипломаттар; консулдық қызметкерлер; әскери қызметшілер; қашқындар мен көшпелілер; транзиттік жолаушылар. ЮНВТО бойынша саяхат жасаушыладың классификациясы: Сапар мақсатына байланысты саяхатшылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдарды жатқызады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кəсіби əрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көрші шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенге қалушылар. Екінші топқа жататындар – уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ–ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кəсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау жəне басқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит жəне т.б.) Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер жəне экскурсанттар болып бөлінеді. Турист – бұл бір тəуліктен артық жəне бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Экскурсант – түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам.

6. ХТ даму тарихы. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапары. Халықаралық туризм қашан пайда болды? Кейбіреулері халықаралық туристік байланыстарды сонау алғашқы қаумның құрылған кезіне жатқызса, басқалары – орта ғасырдағы крест жорығына жатқызады, ал үшіншілері алғашқы бірінші турист ретінде Марко Полоны атайды. Қазіргі туризмнің басталуы деп 1841 жылды атайды, яғни кəсіпкер Томас Куктің 600 адамды (туристерді) поезбен Лейстерден Лафбороға апарған жылы. Арзан билетпен көп адамды тасымалдау қымбат билетпен аз адамды тасымалдауға қарағанда əлде қайда тиімді деп Томас Кук Англияның темір жол компаниясын сендірді. 1845 жылы Томас Кук экскурсия жүргізу мақсатымен Ливерпульге саяхат ұйымдастырды. 1847 жылы тек қана Англия да емес, басқа да шет елдерге жолдамаларды сататын туристік қоғам ұйымдастырылды. 1863 жылы Кук тұңғыш туристік фирманы ұйымдастырып, Швейцарияға саяхаттайтын алғашқы туристік топты құрды. Англия – бұл ең бірінші капиталистік жолмен дамуға енген ел. Бұнда алғашқы зауыттар мен фабрикалар, сонымен қатар алғашқы туристік ұйымдар мен фирмалар құрылған.

ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдарында Еуропадағы шетелдік саяхатшылардың көбісін ағылшындар құрады. Контененттегі "Англетчер", "Британик", "Лондон" атты қонақ үйлері дəл сол уақытта пайда болды. 1865 жылы Кук АҚШ-қа туристік саяхаттарды ұйымдастыру мақсатымен барады. Оның мақсаты – ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Еуропаға туристік сапар шегуге көңдіру. 1866 жылы ағылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚШ-қа сапар шекті. 1867 жылы «Квейкер-сити» кеме бес айлық саяхатқа шығып, теңіз туристік сапарлардың басталуына себеп болды. Осы саяхатқа қатысқан 60 туристердің ішінде əйгілі Марк Твен жазушысы ды болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын уақытша тоқтатты. Соғыс бітісімен-ақ халықаралық туризмнің көлемі соғысқа дейінгі деңгейге жылдам жетіп, ал 3-4 жылдан кейін оның деңгейі көптеген елдерде одан да асып кетті. ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары шетелдік туризмнің географиялық шеңбері кеңейді. Егер соғысқа дейін шетелдік туристердің көбісі Италия мен Швейцарияға саяхаттаса, ал соғыстан кейін халықаралық туризм барлық Еуропа елдерін қамтыды. 1925 жылы Гаага қаласында туризмді насихаттау үшін халықаралық одақтың ұйымдарының 1-конгрессі өтті. Оның жұмысына 14 Еуропа елдерінің делегаттары қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын тағы да уақытша тоқтатып, туризмнің материалдық-техникалық базасына елеулі зиянын келтірді. Соғыстан кейінгі жылдар соғыстан бұзылған туристік байланыстарды қалпына келтіруге ғана кетті. 1950 жылдары əлемдегі тіркелген туристердің саны соғысқа дейінгі деңгейден біразға асып кетті, 25 млн адамға жетіп, түскен табысы 2,1 млрд долларды құрады. 1950 жылдан бастап халықаралық туризмнің дамуында жаңа кезең басталды. Халықаралық туризм жаппай құбылыс ретінде ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда бола бастады, себебі бұл уақытта адам құқығын қорғайтын заңдар қабылданды. Осы кезде «халықаралық туристік құқық» түсінігі қалыптасты.

Туристік саяхаттар,сауда саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды.Біздің заманға дейінгі IV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген,осында алғашқы көшіп конушылыққа жататыны-діни негізінде саяхаттар.Б.з.д. 6 ғ египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп,жасанды көлдер,шипалы бұлақтарға барумен байланысты болса,кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады.Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін акелмеді.Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айййқындддаоған фактілерді ғана баяндады.Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттың нақты әлеуметтік экономикалық себептерімен байланыстырады.В.Б.Сапрунованың басқалардан басты ерекшелігі-туризм тарихын кезеңге бөлді: 1кезең-көне заманнан 19 ғ басына дейін немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды.2кезең-19-20ғ.ғ-элитарлық туризм кезеңі,яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы.3 кезең-20ғ басы-2 д.ж. соғыс басталуына дейін,бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы.4кезең-1945 жылдан қазіргі уақытқа дейін-бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі,туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы.Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге тех-қ-эко-қ,әлеуметтік алғышарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлері ретінде алып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]