Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

26.Хт дамуының субъективті факторлары. Маслоудың

мотивация теориясы.

Табиғи-географиялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, материалды-техникалық факторлар объективті болып саналса, басқа факторлар, əсіресе, мотивациялар, субъективті болып саналады. Олар туристің таңдауын анықтайды жəне мынадай сұрақтарға жауап береді: неге 100 млн астам адам саяхатқа шығады, саяхат кезіңде не іздейді, қандай қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Американдық психологтың (Маслоудың) мотивация теориясы бойынша, адамдардың қажеттілігі əр алуан. Бұл теорияда төменгі сатыда материалдық, ал жоғарғы сатыда рухани қажеттер орналасқан. Бірінші кезеңде адам ең маңызды қажеттерді қанағаттандыруға тырысады. Егер ол толық қанағаттанған болса, адам келесі кезектегі қажеттерді қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттер пирамидасын басшылыққа ала отырып қажеттердің қайсысына тұтынушы ақша төлеуге дайын екенін білуге болады. Әрекет етуге талаптанған адамдардың кажетін анықтау, әсіресе маңыздылық аукымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теориясын зерттеу қажет.

А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бүрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды езін өзін жетіддіретін және өзін өзін меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде карастырады. Ол адамдарда иерархиялык жүйеден түратын кептеген қажеттілік болатындығын мойывдайды. А. Маслоу бүл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі.

1. Физиологиялық хажеттілік өмір сүру үшін керек. Бүған тамак, су, баспана, демалу және жыныстық қатьшас қажеттіліктер жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалыкжәне психологиялык

кауіп қатерден қорғану кажеттілігі, болашақта физиологиялық қанағаттандырылуы мүмкін.

3. Әлеуметтік қажетгілік — бұл бір нәрсеге немесе біреулерге катыетылықсезші, өзінді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік карым катынас, құщтарлықжәне сүйемелдеушілік сезімі.

4. Қүрметтеу қажеттілігіне езін өзі кұрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, баска біреулердің өзін қүрметтеуі, мақүлдауы жатады.

5. Өзін-озін көрсету қажетгілігі — өзінің потенциалды мумкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

А. Маслоу көзқарасы «қажеттілік теориясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттілікті катаң иерархиялық құрылымда орналастыруға болады деп есептеді.

А. Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік канағаттандьгрылған жағдайда ғана едәуір жоғарғы деңгейдегі кажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағатгаңцыру ой ниеті туындайды. Әрбір нақтьі уакыт кезеніне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті кажеттілікті канағаттандыруға ұмтылады.

Өзін-өзі керсету қажеттілігі ешқашанда толық канағаттан-дырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дииуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол ссбептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.

А. Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес косты. Басшылар адамдардың мотивациясы, олардың жан жақты қажетсінуімен айқындалатындығын түсінді.

Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшылар адамдардың ең қажетті нәрселерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыруға тырысу қажет.

Басшы өзінің қарамағындағыларды мұкият бакылауы, сөйтіп, кандай қажеттілік олардын белсеңділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет қолайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалык тәсіл басым болра, енді мотивацияға әлеуметтік-экономикалык тәсіл басым бола бастады.

Әлеуметтік қажеттілік

1. Қызметкерлерге өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс тапсыр.

2. Жүмыс орңында тату бірлік орнат.

3. Қол астындағылармен ауық-ауық мәжіліс өткізіп тұр.

4. Егер пайда болған бейресми топтар ұйьшға ешқандай зиян келтірмейтін болса, онда оны ыдыратуға тырыспа.

5. Үйым мүшелерінің өлеуметтік белсенділігін арттыруға жағдай жаса.

Құрметтеу қажеттілігі

1. Қол астындағыларға неғұрлым мазмұнды жұмыс тапсыр.

2. Оларға қол жеткен нәтижесі бойынша қолайлы кері байланыс орнатуды қамтамасыз ет.

3. Қол астындағылардың қол жеткен ндаижесін жоғары бағала, кетермеле.

4. Қол астындағыларды мақсатты туокырымдауға және шешім қабылдауға катыстыр.

5. Қол астындағыларға қосымша праволар мен өкілдіктер бер.

6. Қызметін жоғарылатуға тырыс.

7. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, оқыту мен кайта даярлауды қамтамасыз ет.

Өзін-өзі корсету қажеттілігі

1. Қол астыңдағылар өз мүмкіндіктерін толык пайдалану ұшін олардын окуын және ой-ерісін жетілдіруіне жағдай жаса.

2. Қол астывдағыларға күрделі, өрі маңызды жұмыстар талсырып, оныңтолық орьшдалуын талап ет.

3. Қол астындағылардың творчестволық қабілетін кетермеле.

А. Маслоу пирамидасының жалпы қүрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды. Оның теориясында қате жақтары болуьг, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, шюйда көптеген ой-пікірлердің айрықша маңызы бар екеңдігі сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]