Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

24.Хт дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлар.

Халықаралық туризмнің өсуінде əлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орынды ұлттық табыс алады. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы əбден қисынды жəне түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі – адамның жақсы тұрмысына ғана тəуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да байланысты. Соңғы 25-30 жылда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едəуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, өндіріске жəне тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық жəне психологиялық қысым туғызады жəне

олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Белсенді демалыс – туризм арқылы, бұл мақсаттар жылдам жəне тиімді орындалады. Туристік іс-əрекеттің жиілігі мен белсенділігіне жəне мөлшерінің көтерілуіне жасалынатын маңызды жағдай – ол халықтың нақты табысының өсуі. Қазіргі шақта жер шарының əрбір тұрғыны ХІХ – ХХ ғасырларда тұрған өздерінің ата тегінен орташа есеппен 4,5 есе бай тұрады. Материалдық тұрмыс жағдай деңгейінің өсіп жақсаруымен жеке тұтыну құрылымында заңдылық түрде өзгерістер болады. Белсенді туристік іс-əрекет үшін бос уақыт қорының болуы жеткіліксіз. Жаппай туристік қозғалыстың қалыптасуы үшін ең бастысы – өмір деңгейінің көтерілуі, ол екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды.

Қоғамның əлеуметтік-кəсіптік құрылымы басқа да факторлар сияқты туризмнің дамуына өзінің əсерін тигізеді. ХХ ғасырдың басталуына дейін туризм аристократтық сипатқа ие болды. Туризм туралы мəлімет Антикалық дəуірге жатады. Ерте замандағы гректер мен римдіктер теңіз арқылы да жəне жер бетімен де саяхатқа шығып тұрды. Халықаралық туризмнің өсуінде материалдық-техникалық факторлардың маңызы зор. Олардың ішіндегі бастылары: орналастыру орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері, көлік қызметтері жəне т.б. Туристерді орналастыру үшін арналған материалдық базасы туристік инфрақұрылымды құруда негізгі орын алады. Оларға қонақ үйлері, пансионаттар, мотельдер, турбазалар, кемпингтер, жеке пəтерлер жатады. Туристік саяхат кезінде түнеу орнымен қатар туристердің тамағын ұйымдастыру да маңызды роль атқарады. Сондықтан да, туристердің көптігіне қарамай жылдам қызмет көрсетуге болатын үлкен мейрамханалар салынғаны жөн. Туристердің тамағын ұйымдастыруда туристік саяхаттардың мезгілдік ерекшеліктеріне байланысты күрделі мəселелер туындайды. Жоғарыда атап кеткен факторлар объективті болып саналса, басқа факторлар, əсіресе, мотивациялар, субъективті болып саналады. Олар туристің таңдауын анықтайды жəне мынадай сұрақтарға жауап береді: неге 100 млн астам адам саяхатқа шығады, саяхат кезіңде не іздейді, қандай қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Американдық психологтың (Маслоудың) мотивация теориясы бойынша, адамдардың қажеттілігі əр алуан. Бұл теорияда төменгі сатыда материалдық, ал жоғарғы сатыда рухани қажеттер орналасқан. Бірінші кезеңде адам ең маңызды қажеттерді қанағаттандыруға тырысады. Егер ол толық қанағаттанған болса, адам келесі кезектегі қажеттерді қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттер

пирамидасын басшылыққа ала отырып қажеттердің қайсысына тұтынушы ақша төлеуге дайын екенін білуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]