Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.87 Кб
Скачать

21.Хт дамуының негізгі факторлары мен шарттары.

Статикалық фактор, динамикалық фактор, табиғи-географиялық факторлар, демографиялық, əлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық жəне саяси факторлары. Халықаралық туризм дамуына жəрдемін тигізетін негізгі факторларды статикалық жəне динамикалық деп екі топқа бөледі. Оның біріншісіне табиғи-географиялық факторлар жатады. Олардың өзгермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ыңғайлап алады. Екіншісіне демографиялық, əлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық жəне саяси факторларды жатқызады. Бұл факторлар кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Халықаралық туризм дамуының табиғи-географиялық факторлары сұлу, бай табиғат, климат, жер бедердің көрінісінен табылады. Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізіледі, содан кейін туристік-рекреациялық ресурсқа өтеді. Сол сияқты процестер əлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық туристік-рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады. Əлемдегі демографиялық факторлардың екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар жалпыға бірдей сипаты болды соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55-тен жоғарыадамдардың да саны өсуде.Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Əсіресе ғылыми- техникалық прогресс дəуірінде халқы өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализацияның басталуымен едəуір жылдамдады. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбандалудың рөлі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның тұрғындарының демалысты қаладан тыс жерде өткізуге ынтасы соғұрлым жоғары болады.Халықаралық туризмнің өсуінде əлеуметтік-экономикалық факторлардың

ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орынды ұлттық табыс алады.. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі – адамның жақсы тұрмысына ғана тəуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да байланысты. Туристік іс-əрекеттің жиілігі мен белсенділігіне жəне мөлшерінің көтерілуіне жасалынатын маңызды жағдай – ол халықтың нақты табысының өсуі. Қазіргі шақта жер шарының əрбір тұрғыны ХІХ – ХХ ғасырларда тұрған өздерінің ата тегінен орташа есеппен 4,5 есе бай тұрады.

Халықаралық туризмнің өсуінде материалдық-техникалық факторлардың маңызы зор. Олардың ішіндегі бастылары: орналастыру орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері, көлік қызметтері жəне т.б. Туристерді орналастыру үшін арналған материалдық базасы туристік инфрақұрылымды

құруда негізгі орын алады Жоғарыда атап кеткен факторлар объективті болып саналса, басқа факторлар, əсіресе, мотивациялар, субъективті болып саналады. Олар туристің таңдауын анықтайды жəне мынадай сұрақтарға жауап береді: неге 100 млн астам адам саяхатқа шығады, саяхат кезіңде не іздейді, қандай қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Американдық психологтың

(Маслоудың) мотивация теориясы бойынша, адамдардың қажеттілігі əр алуан. Бұл теорияда төменгі сатыда материалдық, ал жоғарғы сатыда рухани қажеттер орналасқан. Бірінші кезеңде адам ең маңызды қажеттерді қанағаттандыруға тырысады. Егер ол толық қанағаттанған болса, адам келесі кезектегі қажеттерді қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттер пирамидасын басшылыққа ала отырып қажеттердің қайсысына тұтынушы ақша төлеуге дайын екенін білуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]