- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.
Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, «қырғиқабақ соғыс», «қарулану жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып, «энергетикалық соғыс» атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда.
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей нқатысты.
Таза гуманистік-философиялық, моральдық тұрғыдан келсек, «әлем азаматы», «адамзаттық тұлға» деген концепциялар — өте жақсы тұжырымдамалар. Діни-этикалық тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып қалуы және адам болуға ұмтылуы — құптарлық іс. Түріміз ұлттық болғанымен, мазмұнымыз адамзаттық болғаны абзал. Қазақ халқы — болмысынан «адамзаттық тұлғаны» қалыптастыруға тырысатын, бейбітсүйгіш, адамсүйгіш, жат ұстанымдардан, нәсілшілдіктен ада халық. Алайда, жаһанданған алпауыт мемлекеттердің «адамзаттық» деген моделінің астарында мүлдем басқа дүние жатқаны ақиқат. Еуропа мен Америка моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы жетілген кемел тұлға концепциясынан гөрі, жаһандық экономика дегенге басты назар аударады. Соңғы кезеңдері Еуропа мен АҚШ энергетикалық күйзелістерге ұшырап отырғандығы, болашақта да энергетикалық тапшылық тартатыны белгілі. Мұнай өнімдеріне тәуелділікті жою үшін, бұл елдер түрлі зымиян саясатқа баратыны анық.
