
- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен: Инь және Ян мектебі, Дао ағымы, Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер, Моистер мектебі, Атаулар мектебі, Заңгерлер мектебі. Дао ағымы. Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Заңгерлер мектебі. Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған. Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген... Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.