
- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем. Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі.
Адам – ғылымда ақылды Адам деп бағаланатын биологиялық тіршілік иесінің бірі. Оның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері бар: бойының биіктігі – 160-180 см., өмір сүруінің орташа ұзақтығы 65-85 жас.
С.Э.Крапивенскийдің «Әлеуметтік философия» оқулығында А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектерінен алынған Адам организмінің бірнеше маңызды ерекшеліктері көрсетілген:
А) тік тұру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;
Б) күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;
В) кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын алдына бағытталған көзқарас;
Г) психикалық өмір мен интеллектің жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;
Д) ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;
- Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай, Грек философиясы)
- Адам – бұл мәңгі, абсолютті рух (атман). (Көне Үнді философиясы – йога, веданта)
- Адам – барлық заттардың өлшемі (көне Грек софистері – Протагор)
- Адам – саяси жануар (Аристотель)
- Адам – Құдайдың бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық теология)
- Адам – ойшыл жан (Р.Декарт)
- Адам адамға қасқыр (Т.Гоббс)
- Адам – жанды машина (Ж.Ламетри)
- Адам – екі әлемге қатысты жан. Табиғи қажеттілік әлеміне және адамгершілік еркіндік әлеміне (Им.Кант)
- Адам адамға – Құдай (Л.Фейербах)
- Адам – рационалды жануар (К.Линней)
- Адам – құрал жасай алатын жан (С.Кьеркегор)
- Адам – уәде беруге қабілетті жан (Ф.Ницше)
Адам – бұл, ең алдымен, тірі жүйе. Ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Бұл жүйеде адамның биологиялық түр ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдің – құрылымдық негіз бар, оған адамның әртүрлі органдары кіреді. Психикалық деңгей - бұл адамның орталық жүйке жүйесінің іс - әрекеті. Оның сана – сезімдік деңгейі әртүрлі күрделі ойлау процестері түрінде көрініс табады.
3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
Адамның рухани дамуы – ақылды, ғарыштық жан ретіндегі мәнінің жан – жақты жетілуі. Оның ең маңызды белгілері.
тұлғаның этикалық принциптерінің нығаюы және дамуы;
эгоизмнің барлық түрі мен мінездің нашар сипаттарын жеңу;
эмоциялық сезімдерді тежеп, оны рухтың бақылауына бағындыру;
табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілген түрін дамыту;
ақыл – ойын кеңейту;
адамның ғарыштық мүмкін күштерін ашу және оны дамыту;
психикалық энергияны дамыту;
яғни, адамның рухани дамуында шек жоқ.
51. Қоғамдық сананың түрлері: моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.Сана дегеніміз-объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне. Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, қарапайым және теориялық. Ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және керітартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Қоғамдық сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы. Өйткені, ол қоғамдық санадан тыс, одан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі жоғары, ауқымды. Қоғамдық сананың түрлері бір-біріне әсер етуі, біріне-бірі ықпал жасауы заңды құбылыс. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.
а) Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді. Саяси сана – таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси санадағы басты мақсат - әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қалдықтарын жою, демократия, яғни халықтың өз өкіметіне, дүниені дүндараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас екенін ұғынып, соған көшу болып табылады.
б) Құқықтық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқық дегеніміз, К.Маркс айтқандай,экономиколық жағынан үстем таптың заңға айналдырған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
в) Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың өз табына және басқа таптарға, мемлекетке, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль қоғамдық сананың ең көне түрлерінің бірі, өйткені, адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сақтауға тиіс.
г) Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір формасы - өнер. Ол обьективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнедейді. Қоғамдық сана - өте ауқымды да кең ұғым. Ол обьективті өмірді адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар: қоғамдық ойлар, теориялар, саяси және құқылы көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар, т.б. Сана сол қоғамның ғана бейнесі деуге болмайды. Өйткені, бір қоғамдық болмыста неше түрлі саналар қатар өмір сүруі мүмкін.Қандай қоғам (құлдық, феодализм, капитализм, социализм) болсын, ол қоғамның үстемдік құрған таптардың мақсаты өздеріне тиімді қоғамдық пікірді, саясатты, құқықты, моральдық, идеологиялық принциптерді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Бірақ әрбір адамның ой-өрісі қоғамдық санамен ғана толысып кемелденбейді.