
- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
Философиялық түсінік. Сана - адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ао сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист Р. Авенариус.
Идеалист философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректің hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған. Сана - материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана обьективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі - «ол» (id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «id»-ті қолдайтынын айтады.
Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі.
Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, əдет-дəстүрлердің жиынтығы) жəне діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру жəне тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы жəне негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар онынағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бəрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ. Сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.