Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.01.2020
Размер:
216.55 Кб
Скачать

43. Таным және оның түрлері.

Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ, екендігі ашылады. Пікір формасында заттың кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс табады. Бүл ой, әдетте, хабарлы сөйлеммен беріледі. Ол ақиқат ("Будапешт Дунайдың жағасында орналасқан") немесе жалған ("Астана Еділдің жағасында орналасқан") болуы мүмкін. Егер пікір, бір жағынан үнемі ұғымдар арасындағы қатынасты көрсететін сөйлеммен берілсе, пікір немесе олардың жиынтығы, ез кезегінде, ұғымның маңызын ашады. Ұғым мен пікірдің ара-қатынасы осындай. Ой қорыту — логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық байланысына негізделген. Ой қорыту бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға негіздеп жатпаймыз. Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер немесе объектiлердiн элементтерi (форма жағынан) түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы). Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы.  Елестету- сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байкау (созерцание) мен абстрактiлiойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратың, йндивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жаңама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады. Оның ерекшлiктерi: *бұл сезiмдiк бейне,  адам  таным затымен тiкелей арақатынаста болмаған сәтте де, санада жаңғыртылады; *оның ерекше белгiлерiнiң бiрi, жалпылық және абстрактiлiк (заттың жеке қасиеттерi мен оның ерекше белгiлерiн жоғалту); *адам санасында бейнеленген, қабылданған бейнелер, шығармашылық тұрғыдан бiрiктiрiлiп, шындықта жоқ жаңа бейнелер (бейне-үлгi(модель), бейне-мақсат, бейне-жоспар) жасауға әкеледi, бұл процесс- қиял деп аталады, осыз еш творчесволық әрекет болуы мүмкiн емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]