Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.

Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

Қазақ философиясының ойының бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.

 Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жаздыӘлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.

Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды.

Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар кезінде ерекше қуатты естілді. "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді, содан үміттенді. Ақынның лирикалық қаһарманы да осы сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра ойланады, кемшілік атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді.

34. XX ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм және оның түрлері. Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Дүнисгс-көзқарастық меселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалдыНеопозитивизм философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді Экзистенциализм — XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973), ЖЛ.Сартр (1905-1980), А.Камю (1913-1960) жоне басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады. „Экзистенция" үғымы экзистенциализмде ерекше рәл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін қүрады. Неотомизм — XX ғасырдағы діни философия, объективтік идеализмнің қазіргі заманғы бір түрі. Неотомизм дөл сондай белсенді діни-философиялық ағым болып табылады. Неотомизмнің ең белгілі өкілдері: Ж.Маритен (1882-1973), Э.Жильсон (1884-1978), Й.Бохеньский  Неотомизм кейінгі кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Персонализм Англия мен Америкада кеңінен тарады. Оның өкілдері Х.У.Керр (1857-1931), Р.Т.Флюэллинг (1871-1960), Э.Ш.Брайтмен (1884-1953), В.Штерн (1871-1938) және т.б. Персоналистер адамды дүниенің субстанциясы санай отырып, оны екі түрғыдан талдайды: табиғаттан тыс, тәжірибеден тысқары, рухани түрғыда (адам-түлға) жөне материалдық, төжірибелік (жеке-дара адам) түрғыда. Адам — түлға, өйткені ол өздігінше қызмет етсді, оның ерікті де ақыл-парасатты рухани бастамасы бар. Адам — түлға, өйткені ол рухани болмыс ретіңде өмір сүре алады. Мүның мөні сол, түлға дін белгілеп берген адамдық белгілердің жиынтығын қүрады — бүл адам денссінде әрекет ететін „жан". Ал енді жеке адамға келсек, ол материяның өншейін жай белігі, оның психикалық тіршілігі бар, қоғамның жай бөлігі. Түбінде өлетін ол бүкіл іс-әрекетін түрмыс қажетін өтеуге жүмсайды. Табиғат пен қоғамның бір белігі ретінде жеке адам қоғам зандылықтарына да, табиғат заңдылықтарына да бағынады. Жеке адам қоғамға, мемлекетке бағынады, ал түлға-адам қоғамнан жоғары түрады да тек қүдайға бағынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]