Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.

Қазақ философиясы ауыз әдебиетте, мақал-мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан.

Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.

Жазба мәдениетінің пайда болуы мен діннің қалыптасуын зерттеушілер түркі – соғдылық және түркі тохарлық байланыстың ықпалымен түсіндіреді.

Қазақтардың өзіндік діні – тәңірлі дүниетанымы болды. Тәңірлік өзіндік онтологиясы, космологиясы этикасы мен демонологиясы бар жетілдірілген дүниетаным болды».

Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кеңдігі, кеңпейілділігі, қайырымдылығы, қонақжайлығы, басқаны жатырқамауы, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойларға бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын – жандылығы, маңғаздығы, асықпай – аптықбауы, тәубәшілдігі, сәтті күнді күтуі, туысшылдығы сияқты сипаттарының қалыптасуы Анахарсис, Қорқыт ата, әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи сынды әртүрлі бағыттағы философиялық дәстүрлердің әсерінен болды.

Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр. Қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб – парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады.

Қазақ Аспан денелерінің қозғалысы бойынша жыл, ай және тәуліктің малға жайлы мезгілдерін анықтай алған. Аспан шырақтарына «Жеті қарақшы», «Темір қазық», «Сүмбіле», «Шолпан», «Есекқырған» деп ат қойып, олардың қозғалыстарын бақылаған, календарь жасаған. Мысалы, Сүмбіле,Үркер жұлдыздарына сүйеніп, жыл мезгілдерін былайша анықтайды: «Үркерлі айдың бәрі қыс», «Сүмбіле туса су қатады», яғни күз түседі. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды». Түнгі уақытта жол жүруге тура келгенде «Темір қазыққа сүйеніп», барар бағытын анықтаған.

Киіз үйдің шаңырағы – оның негізі. Оны ең мықты ағаштан жасаған. Ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған. Кереге мен уықты ауыстыруға, бұзуға болады, ал шаңырақты ауыстыруға, бұзуға болмайды. Ол отбасының беріктігінің символы.

Табиғат пен тұрмыстың әдемі көріністерін астарлап, оны ою - өрнекке түсіру арқылы шебер өзінің дүниеге деген көзқарасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін білдіре алған.

Қазақ халқы ою - өрнек салуда, оның структуралық композициясын құрастыруда және бояу түстерін қолдануда өте бай және ерекше мұраға ие. Әрбір ою - өрнек белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол көшпені қазақтың табиғатпен қауышуның тереңдігін және көпжақтылығын білдіреді. Ою - өрнектерде жан – жануарлар, көк өніс, өсімдіктер, аспан, жер – дүние сыры бейнеленіп, олардың адам өміріндегі алатын орны ерекшеленген. Сондықтан ай, күн, жұлдыздардың адамзат тіршілігіне қажеттілігін түсіну, жұлдыздардың атын білу, туған жер табиғатының ерекшеліктерін ескеру, бояуларды табиғи үйлесімділікте беру әруақытта қарастырылған.

Қазақтардың негізгі тағамдары сүтпен байланысты болғандықтан ақ түс ерекше құрметтеледі. «Ананың ақ сүті», «Ақ отау», «Көңілі ағарсын» сияқты киелі ұғым осыдан туындаса керек, көк түс аспанды, сары түс білімді, даналықты, қызыл түс – от, күнді, жасыл – жастық пен көктемді, қара түс – жерді, береке нышанын бейнелейді.

Қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған. Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]