Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.

Әбу НасырӘл-Фараби - әлемгеәйгілі  ойшыл,  философ,  социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Махмүт Қашқари -ұлы филолог. Махмұт Қашқари - түркі халықтарының түңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибнул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қашқари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн, Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғаш Қашқар қаласында, сосын  Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені - түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы - Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекен-деген ұланғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы»өмірге келеді. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн - түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағүн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, файласуфи (философия), риезиет (математика), тибби (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (острология), тарих, оперганз, тіл білімі, әдебиеттану, т. б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған. Әйтседе Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы - «Құтты білік» дастаны. Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йүгінеки еді. Ахмет Йүгінеки XII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама-ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек. Алайда Югнак деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар да бар (4, 7), Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йүгінекидің бізге жеткен жалғыз туындысы - («Ақиқат сыйы») деп аталады. «Басқа түркі ескерткіштері сияқты «Ақиқат сыйы» да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады. Оның қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи маңызы туралы да осыны айтуымыз керек». Ахмет Йүгінекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хусни хатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапынан қосып жазған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]