Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.

Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасы. Исламдағы мистицизм. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қарастыру.

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасында көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату – л – араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетеі Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.

Ислам дінінің ерекшеліктері:Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды. Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну. Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан «Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді[1]. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді[1]. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді. Исламның бастапқы кезінде мұсылмандар жаңадан құрылған үкіметті және жетістіктерді қорғауға соншалықты мән бермеген. Олар Құран тағылымдарына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар "Нахв", "Жеңістер тарихы" және "Фикх" пен осыған ұқсас діни ғылымдарға мұсылмандар назар аударды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]