Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.01.2020
Размер:
216.55 Кб
Скачать

XIX ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я.Чаадаев, А.И.Герцен, И.В.Киреевский, А.С.Хомяков). 35

XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы. 31

XX ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы. 33

XX ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм және оның түрлері. 34

А.Августин мен Ф.Аквинскийдің діни философиясы. 13

Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. 32

Адам жеке адам және тұлға мәселесі. 58

Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер. 48

Адам философиясы: өмірдің мәні. 50

Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы). 8

Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу). 45

Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат. 46

Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері. 60

Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі. 29

Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.б.). 11

Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі. 10

Әлеуметтік филос.яның ұғым/ы мен негізгі принцип/і. Социогенез ұғымы. 53

Буддизм философиясы. 4

Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары. 22

Гуссерельдің феноменологиясы. 38

Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері. 44

Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. 24

Диалектиканың тарихи тип/і. Диалектиканың негізгі принцип/і мен заң/ы. 47

Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық). 1

Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). 7

Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі. 5

Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. 3

Жаңа заман философиясы: Р.Декарттың «күмәндану принципі» 30

Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм). 55

Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері. 57

Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. 14

Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.б. 16

Ислам философиясының даму ерекшеліктері. 17

Конфуцийдің этикалық философиясы. 6

Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері. 28

Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм. 18

Қоғамды философиялық талдаудың негіздері. 52

Қоғамдық сананың түрлері: моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде. 51

Қорқыт Атаның рухани ілімі. 26

Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде. 54

Л.Файербахтың антропологиялық философиясы. 23

Марксизм философиясы. 36

Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. 41

Мәдениет және өркениет. 56

Неміс классикалық философиясы. И.Кант философиясы. 20

Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде. 42

Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика. 12

Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы. 37

Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі. 9

Сана бейнелеу ж/е іс-әрекет ретінде: шығармаш.қ ж/е интуиция мәселесі. 49

Сана және бейсаналық: З.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы. 39

Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. 27

таным және оның түрлері. 43

Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иүгінеки. 25

Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі. 19

Философиядағы адам мәселесі. 59

Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі. 15

Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. 2

Шеллингтің натурфилософиясы. 21

Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері. 40

1. Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық). Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі. Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз. Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді. Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты. Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.

Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар. Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты. Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды.

Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді – бейнелеу көзқарасын білдіреді. Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр. Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді. Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ. Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.

Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады: 1. онтология (болмыс туралы ілім); 2. гносеология (таным туралы ілім); 3. антропология (адам туралы ілім); 4. аксиология (құндылықтар туралы ілім); 5. этика (мораль туралы ілім); 6. логика (ойлау заңдары туралы ілім); 7. эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім).Әр заман философтары философия пәні туралы өз пікірлерін айтып кеткен: Пифагор : «Философия бұл - Даналыққа құштарлық » деген , ал Гераклит: «Философ — зерттеулермен айналысатын адам», Сократ: « Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым» десе, Платон: « Мәңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым» деп баға берген. Философия - рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түpi.Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өттi: 1. космоцентризм; 2. теоцентризм; 3. антропоцентризм. Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен ,әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дуниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б. шығыс елдеріне және Ежелгі Грецияға тән). Теоцентризм — бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән). Антропоцентризм — орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, Қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән). Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Фома Аквинский: «Адам-дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Адам денесі-құмарлық пен ынтазарлықтың, жындардың ұясы», -дейді. Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік ,саяси деп қарастырылады. Орта ғасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам – бір - біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама - қайшылығы. Платон ілімі бойынша адамда мәңгілік жан және өткінші дене қосылады. Жан – денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса дербес рухтың сақтаушысы.Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Философиядағы маңызды мәселелердің бірі – дүние мәселесі. Ежелгі дүние дәуірінде дүниенің жоғарғы мәнін, яғни идеяларды еске түcipy арқылы дүние танылады делінді(Платон). Дүние сезімдік және рационалды таным арқылы танылады (Аристотель). Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады. Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық).Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]