
- •Банк маркетингінің түсінігі мен мәні
- •3)Банк қызметіндегі коммуникацияның негізгі түрі ретіндегі жеке сатулар
- •4) Маркетингтік аудитті қолдаудың ақпараттық жүйелері
- •Глава X
- •5)Шетелдік банк қызметтер рыногының заңдылықтары және Қазақстанның банк жүйесінің дамуы
- •6) Клиенттермен байланысты басқару технологиясы
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •7) Банктегі логистика
- •9. Клиенттерге жеке менеджерлер типі бойынша қызмет көрсету технологиясы
- •1. На основе сегментации клиентской базы выявить ключевых клиентов банка, а также потенциальных клиентов, на которых в первую очередь направить усилия.
- •2. Выделить в организационной структуре банка подразделение, состоящее из персональных менеджеров, ответственных за развитие партнерских отношений.
- •3. Закрепить персональных менеджеров за группой клиентов, руководствуясь следующими принципами.
- •4. Сформировать и постоянно пополнять информационно-аналитическую базу по ключевым клиентам.
- •5. Четко определить для персональных менеджеров их цели, задачи, функции.
- •6. Установить систему полномочий менеджера для оперативного принятия решений при ведении переговоров но продаже продуктов и оказании услуг приоритетным клиентам.
- •7. Осуществлять разработку перспективных (на год) и текущих (на неделю) планов работы менеджера с клиентами для достижения поставленных целей и задач.
- •8. Проводить оперативный и последующий контроль за деятельностью персональных менеджеров, за выполнением плана работах (функции руководителя клиентского отдела).
- •10) Стратегиялық жоспарлау мен банк маркетингінің өзара байланысы
- •1. Қаржылық есеп аудиті, ол бухгалтерлік есептің бекітілген ережелеріне сəйкес құрастырылу дұрыстылығын анықтау мақсатымен жүргізіледі.
- •2. Бекітілген талаптарға сəйкестігінің аудиті.
- •3. Шаруашылық қызмет аудиті (жұмыс тиімділігінің немесе əкімшілік басқарманың аудиті), оның мақсаты кəсіпорын экономикасын немесе оның жекелей қызмет түрін жүйелік жəне жан-жақты талдау.
- •1. Жалпы банк.
- •2. Маркетинг бөлімшесі.
- •3. Сыртқы бақылау.
- •13) 27) Банк қызметтер рыногындағы Қазақстанның ірі банктерінің бәсеке қабілеттілігі
- •14) Банк саласының микроортасы
- •15) Банктің бәсекелестермен қарым-қатынас жасауы
- •16) Банк миссиясы, мақсаттары және стратегиялық талдау
- •17) Банк өнім саясатының мәні
- •18) Клиенттік базаны талдау және оны сегменттеу принциптері
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •20) Брендинг банктің маркетингтік коммуникациясын құрудағы негіз ретінде
- •21) Банк өнімдерін жеткізу саясаты
- •26) Банк қызметінің өмір сүру моделі
- •19. Банк өнімінің даму стратегиясы
- •2 Этапа на первом этапе оптимизируется структура услуг с точки зрения их пренадлежности к различным этапам жизненного цикла банковского продукта, на втором разрабатоваются новинки
- •28) Маркетингтік ақпарат көздері
- •29. Банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау критерилері.
- •2. Резиденттер мен резидент еместер уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарды ҰлттықБанктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен ашады, жүргiзедi және жабады.
- •Тысячи казахстанских вкладчиков ждут новостей от ликвидационных комиссий, которые должны вернуть деньги населения потерянные после банкротства финансовых организации
Банк маркетингінің түсінігі мен мәні
Банк маркетингін банктің алдын ала қойылған мақсатқа белгілі бір мезетте жетуіне ықпал ететін басқару саласы, банктің философиясы мен стратегиясы деп анықтаймыз. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.
Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.
Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг басымдыққы ие болып келеді.
Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға күрделі емес, сонымен қатар олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі – банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі – банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.
Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға – табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.
Бүгінгі маркетинг – бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.
Банктер ең алдымен өз қніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге – шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете бәлу керек.
Банк маркетингінің міндеттері, мақсаттары және принциптері
Банк міндеттерінен банктегі маркетингтің келесі міндеттерін атап көрсетуге болады:
1. Банк қызметін стратегиялық жəне жедел жоспарлаудың тиімді жүйесін құру.
2. Бүкіл рыноктық көрсеткіштер бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу, бəсекелестерді, клиенттерді жəне іскерлік əріптестерді жан жақты талдау жəне зерттеу.
3. Банк көрсететін барлық қызметтердің көлемі, құрылымы жəне сапасы бойынша клиенттердің қажеттілігін максималды қанағаттандыру. Бұл іскерлік қарым қатынастарға тұрақтылық орнатады.
4. Банк өнімі саясатын жетілдіру, маркетинг кешенін құру жəне дамыту, берілген шектерде, уақытта жəне қолдағы бар қаражаттардың, сондай ақ өндіріс мүмкіндітерінін шегінде пайда алу жəне жоспарланған рынок үлесін жаулап алу.
5. Банк ұжымының коммерциялық, ұйымдық жəне əлеуметтік мəселелерін кешенді шешу.
6. Банктің тиімді коммуникативті саясатын дамыту, банк имиджін құрастыру.
7. Банкте əр уақытта маркетинг қызметін бақылау жəне аудит жасау отыру керек.
Банк маркетингінің қағидалары келесідей:
Тұтынушыға жəне клиентті танып білуге бейімделу;
Рыноктық жағдайларға енжар бейімделуден қызметтерге сұранысты белсенді қалыптастыруға ауысу;
Рынокта мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжамдауға тырысу жəне тəуекелдіктерді қарастыру;
Жоспарланбаған уақытта шешімдерді қабылдау, мүмкін болатын проблемаларды табу;
Ұзақ мерзімді коммерциялық табысқа жетуге күшті сала отырып, қызметтерді тез жəне тиімді өткізу;
Банк өндіре алатын қызметтерді сатуға тырыспай, өткізілетін қызметтерді ғана өндіруі қажет.
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:
Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.
Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болады.
Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен – клиент пайдасы, содан кейін – банк мүддесі. Клиентке бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.