Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.61 Кб
Скачать

19. Қоғам құрылымындағы тұлға

Әлеуметтік іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оны мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан:

  1. табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын;

  1. биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы;

  1. мұрагерлік деңгей - ата-аналарының гендік қорының негізінде болып дамитын; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);

  1. әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласу және іс-әрекеті барысында алған деңгей.

  2. Бұлайша тәптіштеп шектеу “адам”, “индивид” және “тұлға” ұғымдарын нақты бөлу үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттердің сипаттамалары үшін пайдаланылады. Бұл түсінік дүниеде тек өзіне тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарихи дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.

  3. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

  4. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Социологиялық көзқарас тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер бар және тұлғаның мінез-құлқын анықтап отыратын болады; Тұлға басшылыққа алатын өнегелілік нормалары мен принциптері. Және де сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымның өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерін ұғынуымен байланысты.

20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер

Отбасы

Мемлекет

Бизнес

Білім беру

Дін

1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері

Үйреністік

Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет

Құлақ асу

Түзу ниет

Субординация

Өнімділік Үнемділік

Табыс алу

Білімге деген құштарлық

Сабаққа қатысу

Қоше­мет­теу­ші­лік

Түзу ниет

Табыну

2. Символикалық мәдени белгілер

Неке жүзігі

Некелік ритуал

Ту

Мөр

Герб

Ұлттық гимн

Фабрика маркасы

Патент белгісі

Мектеп эмблемасы Мектеп әндері

Крест

Иконалар

Әулиелер

Гимн

3. Утилитарлық мәдени белгілер

Үй

Пәтер

Жиһаз

Қоғамдық ғимараттар Қоғамдық жұмыстар

Бланктер мен нысандар

Дүкен, фабрика Жабдық

Бланктер мен нысандар

Сыныптар Кітапханалар Стадиондар

Шіркеу ғимараттары Шіркеу реквизиті Әдебиет

4. Ауызша және жазбаша кодекс

Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар

Конституция Заңдар

Келісім-шарттар

Лицензиялар

Оқушылар ережелері

Сенім

Шіркеу тыйымдары

5. Идеология

Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық

Мемлекеттік құқық

Демократия Ұлтшылдық

Монополиялар

Еркін сауда

Еңбек ету құқығы

Академиялық бостандық Прогрессивтік білім беру

Оқытудағы теңдік

Православие Баптизм Протестантим

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]