- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады [12]:
Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.
Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен социологиялық зерттеулердің өзі.
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.
Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды.
4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.
1) Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі, ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.
2) Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын сатыны құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.
3) Позитивті не шынайы немесе ғылыми сатыда (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - қиял бақылауға тұрақты бағынатын заң қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді.
Конттың ойынша, кез келген объект екі көзқарас (статикалық және динамикалық) тұрғысынан зерттеледі. Мұның әлеуметтік жүйені зерттеуде де қатысы бар. Сондықтан социология оның доктринасында екі бөлікке бөлінеді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Екі пән де Конттың “тәртіп және прогресс” деп аталатын ұранының екі бөлігіне сәйкес келеді. Әлеуметтік статика үшін басты мақсат - әлеуметтік тәртіп заңдарын табу болса, әлеуметтік динамика үшін - прогресс заңдарын анықтау. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Олардың біріншісінің объектісі - “тыныштық қалпындағы” қоғам болса, екіншісінің объектісі - “қозғалыс қалпындағы” қоғам болып табылады. Конттың социологияның осы екі бөлімінің маңыздылығына берген салыстырмалы бағасы өзгеріп отырады: “Позитивті философия курсында” ол социологияның басты бөлігі - әлеуметтік динамика деп есептесе, “Жүйеде” әлеуметтік статиканы социологияның басты бөлімі деп санайды.
