Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.61 Кб
Скачать

15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы

Э.Дюркгейм аномия ұғымын енгізді. Аномия дегеніміз – қоғамдағы қарама-қайшылықты жағдай яғни қоғамға жаңа заңдар нормалар енгізген жағдайда пайда болады. Аномия - “әлеуметтік өзара әрекеттестікті басқаратын нормалардың жарылысымен сипатталатын әлеуметтік жағдай” немесе “қоғам мүшелерінің едәуір билігі міндеттеуші нормалардың бар екенін біле тұра оларға жағымсыз немесе бей-жай түрде қарайтындай күйі”. Мұндай жағдай, қоғам мүшелері бұрынғы нормаларға еті үйреніп және оларды орындауға дағдыланып, жаңа нормалар қалыптасып бітпеген кезде, реформалар дәуірі мен әлеуметтік алапаттар барысында, өтпелі кезеңдерде жиі болып отырады. “Бұрынғы иерархия бұзылды, ал жаңасы лезде орныға алмайды”. Мұндай жағдайда көбісі өзін нормативті вакуумдегідей сезініп, әлеуметтік бағдарын жоғалтып алатыны түсінікті.

16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасын қарастырғанда неке отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әртүрлі жағдайдағы халықтың қасы бір топтарының отбалсылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударады.

Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар қызметі өзге институтардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады.

17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті

Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.

Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.

18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз

Социологиялық қауымдастықтан тыс әдістердің ішінен сұрау ең белгілі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, социолог - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.

Социологиялық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі - сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді. көріп отырғанымыздай, сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді.

Мұндай жағдайларға орай социологиялық және маркетингтік зерттеу ұйымдары көшеде сұрау мен телефондық сұхбат әдістемелерін кеңінен қолдануға тура келеді.

Көшедегі сұраулар аса шектелген зерттеу мүмкіндіктеріне ие. Сұрақнаманың көлемі бұл жерде өте қысқа. Іріктеудің репрезентативтілігіне қол жеткізу үлкен проблема туғызады. Сондықтан, бұл әдістеме көбінесе, күнделікті маркетингтік міндеттерді шешу үшін немесе қосымша ретінде пайдаланылады.

Телефондық сұраудың әлдеқайда үлкен перспективалары бар. Бұл әдіс жеке сұхбатқа қарағанда біршама арзанға түседі. Ол сұхбат алушының әрекеттерін тиімді бақылауға, әсіресе телефондық сұраудың қазіргі заманғы компьютерлік жүйесін (CATІ) пайдалану кезінде оны барынша бірегейлеуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]