
- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920), С.Дөнентаев.
ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының қызметі жалпы ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жағдайлары арқылы шешуге бағытталды. Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропада социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.
Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.
14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ”. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады. Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келеді, онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады. Аномия сонымен қатар неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәйкестік бар деген қорытындыға келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді.