
- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-социологиялық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық” кезеңі басталды. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам
Тұлғаны әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:
а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады
ә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді
б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.
Тұлғаның әлеуметтенуі – тұлғаның әлеуметтік жүйеге интеграциялануы, оның барысында оның бейімделуі жүреді.
Тұлғаның әлеуметтенуінің факторлары.
А.В.Мудрик әлеуметтенудің факторларын үш топқа бөледі:
Макрофакторлар (космос, планета, әлем, мемлекет, қоғам)- олар планетаның бүкіл халықтарының немесе белгілі бір елдерде тұратын өте үлкен топтардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлар.
Мезофакторлар (мезо – «орта, аралық») – ұлттық белгі бойынша (этнос әлеуметтенудің факторы ретінде), тұрғылықты жердің типі мен орналасуы бойынша (аймақ, ауыл, қала, кент), бұқаралық ақпарат құралдарының белгілі бір желісіне қатынасына байланысты (радио, теледидар, кино және т.б.) ерекшеленетін адамдардың үлкен топтарының әлеуметтенужағдайлары.
Микрофакторлар нақты адамдарға тікелей әсер ететін факторлар – отбасы, құрдастар тобы, микросоциумәлеуметтік тәрбие ұйымдары – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.
Тұлғаның тәрбиеленуі - тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі.
Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.
Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.
Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі барлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарға байқала бермейді. Кейбір адамдар өзінің соңғы күніне дейін өзгермей, қарапайым болып қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор.