
- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды. М.Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет өтетін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.
Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші байланыстар. Кеңістіктік байланыстың, мүдделі және алмасу байланыстарының ерекшелігі болады. Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл жеке адамдар арасындағы нақты орын мен уақыт жағдайында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастар болып табылатын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар.
Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:
қандай да бір әрекет етуші индивидтерді;
осы әрекеттерден болған сыртқы дүниедегі өзгерістерді;
бұл өзгерістердің басқа жеке адамдарға әсерін;
ықпал етілген жеке адамдардың жауап әрекетін [7].
Әлеуметтік іс-әрекет әр түрлі негіздемелер бойынша жіктелуі мүмкін. П.А. Сорокин оларды былай жіктейді:
1) өзара іс-әрекет субъектілерінің саны бойынша - екі адамның бір-бірімен; бір адам мен көп адамның; көп адамдардың іс-әрекеті;
2) іс-әрекет субъектілерінің өзара қарым-қатынасының сипаты - бір жақты және екі жақты, сондай-ақ ынтымақтастық және бітіспестік бойынша;
3) өзінің ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
4) ұйымшылдықтың бар-жоғына байланысты - ұйымдасқан (мысалы, отбасы, партия, мемлекет) және ұйымдаспаған (мысалы, тобыр);
5) өзара іс-әрекеттің саналылығы бойынша - саналы және санасыз;
6) алмасу процесіндегі алмасу “материясы” бойынша – интеллектуалды, сезімдік және еріктік. Тікелей және жанама іс-әркеттер де әлеуметтік өзара іс-әрекетердің маңызды бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады:
адамдардың қоғамдық өмірінде болатын барлық іс-әрекеттері;
адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын іс-әрекеттер;
қоғамның үлкен топтары - таптармен, этностармен, әр түрлі елдер мен аймақтар халқымен қарым-қатынастар;
барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;