
- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз етеді. Адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен формаларын өзгертуде.
Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындау үшін алғышарттар жасайды.
Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір “қасиетті шымылдықты” көзге елестетеді.
Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орындалуымен: бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігу және орындауды, жүріс-тұрыстың институцияланған мәдени үлгілерін қолдауды қамтамасыз етумен ең алдымен табиғи ортаға бейімделуі мүмкін болады. Сайып келгенде, егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде шектелмесе, егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын болса ешқандай жүйе өмір сүре алмайды. Жүріс-тұрыстың белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек.
Жүріс-тұрыстың мәдени үлгілерін қолдану міндетін Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам жүріс-тұрысын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді.