
- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
Құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың бір саласы және ерекше әлеуметік құбылыстарды зертейтін жеке социологиялық теория болып табылады. Құқық әлеуметтануының объектісі – әлеуметтік құбылыстардың бір түрі болатын юридикалық құбылыстар. Құқық қоғамның жаратылысы болғандықтан, юридикалық құбылыстың бәрі де белгілі бір дәрежеде әлеуметтік сипатта болады.
28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
Жанжал кең мағынада қиян-кескіге айналған қайшылықты білдіреді. Социология ғылымында жанжалға келесі анықтама беріледі: бұл - өзара әрекеттесудің субъектісі ретінде оппоненттердің қарама-қарсы мақсаттарының, көзқарастарының, пікірлерінің, позицияларының соқтығысы. Әлеуметтік жанжалдар әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың, индивидтердің, әлеуметтік өзара әрекеттестіктерінің міндетті құрамдас белігі болып табылады.
Американ социологы Л.Козер “Әлеуметтік жанжалдың қызметтері”, “Әлеуметтік жанжалды зерттеудің жалғасы” еңбектерінде Зиммельдің теориясына сүйеніп, өзінің жанжалдың позитивті-функциялық идеясын негіздейді. Егер құрылымдық-функциялық талдаудың жақтастары жанжалдан қоғамдық аномия көрінісін көрсе, Л.Козер жанжалды оқиғаның позитивті сипатына көңіл аударады. Әлеуметтік жанжалдан ол “белгілі бір мәртебеге талаптар мен құндылықтар үшін күресті, қарсыластарының мақсаты болып бейтараптылық, қарсыласын жою және зиян әкелетін күресті” түсінеді.
Әлеуметтік жанжалдар проблемасы терең теориялық негізін неміс социологы Р.Дарендорф еңбегінен алды, ол өзінің социологиялық тұжырымдамасын “жанжал теориясы” ретінде анықтайды. Ол өзіне төрт жағдайды енгізетін, қоғамның жанжалды үлгісін ұсынды:
1) әрбір қоғам әрқашан өзгеріс күйінде болады;
2) әрбір қоғамда әрқашан жалпы жанжалға әкелетін келіспеушілік элементтері өмір сүреді;
3) қоғамның әрбір элементі оның интеграциясы мен өзгерісіне ықпал ете алады;
4) кез келген қоғам, үнемі өзінің қанаушылыққа түскен жайына қарсы күресетін қоғам мүшелерінің (немесе топтардың) басқа қоғам мүшелеріне деген зорлығына негізделеді.
Р.Дарендорф пікірі бойынша, әлеуметтік жанжалдың негізі саяси факторларда жатыр. Олар: билік, мәртебе, абырой үшін күрес. Жанжалдар басым түсуші және бағыныштылар бар кез келген қауымдастықта пайда болуы мүмкін, оның сендіруі бойынша: “жалпы жанжал, қатысушы элементтер ұқсас кезде ғана өзінің қорытынды формасына жетеді” [10].
Р.Дарендорф көзқарасы бойынша тым типтілік қоғам үстемдік етушілер мен бағынушылар қатынасы, жанжал мен қарсыласу қатынасы көрінетін қоғам болып табылады. Оның әлеуметтік жанжал трактатында қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесу тұжырымдамасы өз бетінше іске асады. Жанжалды қоғамның табиғи күйі ретінде түсіне отырып, ол өркениетті қоғамда әлеуметтік күйзелістен және апатты төңкерістің қайта құрылуынан қашуға мүмкіндік беретін жанжалдарды реттеу орын алады деп санады.