Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.61 Кб
Скачать

4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:

  1. Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);

  1. Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);

  1. Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

  1. Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.

26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы

Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру. 4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.

5. Зерттеу жоспарлары.

6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау

1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес “жерден” басталады. Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.

2. Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.

3. Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.

4. Социологиялық зерттеулердегі болжамдар ақиқат “жатқан жақты” көрсететіндей бағдар беруші рөлін атқарады. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет.

5. Социологиялық зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Осы тараудың басында берілген бағдарлама құрылымының 6 және 7 тармақтары бүкіл социологиялық зерттеудің дербес және тыңғылықты бөліктері болғандықтан, олар осы бөлімнің келесі жеке тараулары ретінде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]