Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.61 Кб
Скачать

24. Сауалнаманың құрылымы

Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.

Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:

  1. сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;

  1. негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;

  1. сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;

  1. сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.

Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.

Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.

Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.

Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады. Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:

Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.

Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.

25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері

Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:

  1. кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу); Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

  1. кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау: сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.); сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).

  2. кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру: алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу); сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]