
5, Үйсіндер мемлекеті – б.З.Б. ІІғ.
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған.
Үйсіндердің саяси құрылымы.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты.
Территориясы Жетісу, Іле алқабында
Астанасы Қызыл Аңғар (Чегучен) Ыстық көл жағасында орналасқан.
Батыс шекарасында Қаңлылармен, шығысында Ғұндармен шекаралас болған.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Шаруашылығы.
Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.
Мәдениеті: Археологиялық ескерткіштері: 2300м биіктіктен қараңғы тау шатқалынан Қарғалы диодемасынан табылған. Ол әйел басына киетін бас киім.
Қаңлылар
Саяси тарихы:
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі.
Қаңлылар мемлекеті б.з.б. ІІІ ғ.
Астанасы Битянь қаласы.
Халқының саны-600 мың, оның 120 мыңы әскерлер болған.
Территориясы Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді мекендеген
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Мәдениеті:
Археологиялық ескерткіштері – Көк-Мардан елді мекені. Қаңлылардың зерттелген қорымы – Мардан-Күйік. Ол Отырар жазирасында орналасқан. Қабірдің бетіне әртүрлі бейнелер ойылған – Мөр табылған. Мөрдің бетіне абыздар мен басшылар бейнеленген. Бұл мөрлер Ираннан әкелінген.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Ғұн
Қоғ.құрылысы:
Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Саяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.