Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы по тариху!!!.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

4, Қоғамдық құрылысы әскери демократия түрінде болды.

Б.з.б. 519-518ж. 1Дарий сақ жеріне басып кірді. Сақтар қатты қарсылық көрсетті. Сақ жауынгері Ширақ ерлік көрсетіп 15 мыңдай парсыны өлтірген. Сақтардың бір бөлігін Дарий өзіне бағындыра алды.Сақтар ержүрек болғандықтан

Дарий әскерінің құрамында да соғысты. Тіпті Даридің өлмейтін 10 мыңдық әскерінің құрамында болды.

Б.з.б. 490ж. Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып гректерге қарсы соғысты. Ахаменид патшасы Кир сақтармен соғысып жеңіліс тапты, оны әйел патша Томирис басын кесіп, Дарияға лақтырған.

САҚТАР.

САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген.

Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған.

Діні-Тәңірінің діні.

Жазуы- көне түркі тілі.

Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі.

Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі.

Сақтар туралы грек тарихшысы Герадот жазған,ол сақтарды Азиялық Скифтер деп атаған, ал парсы деректерінде: сақтарды құдіретті еркектер деп атаған. Иран жазбаларында оларды: жүйрік атты Турлар деп атаған.Олар орта Азия мен Қазақстанда өмір сүрген

Сақ қоғамында халық үшке бөлінген:

1. Жауынгерлер.

2. Абыздар.

3. Қауым мүшелері.

Геродот сақтарды үшке бөлген

1. Шошақ бөрікті сақтар ( Тиграхауда) - Жетісуды мекендеген

2. Парадарая сақтар - Арал маңын мекендеген

3. Хаомаварга сақтары - Мұрғаб аңғарын мекендеген

Шаруашылығы

негізгі шаруаш.мал шаруаш. Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.

== Кәсіптері ==

Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндев, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Мәдениеті:Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Алтын адам.

Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.