Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы по тариху!!!.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
89.09 Кб
Скачать

1,Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары.Тарихи деректер,тарихнама.

Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.

Міндеті-қазақ халқының өткендегі тарихи құбылыстарың обьективті ғылыми тұрғыдан зерттеп,зерделеу.

негізгі мақсаттары мынадай:

- тарихи дәуірлерге талдау жасау;

- этностық тарихқа талдау жасау;

- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.

Тарихи деректер

1,археологиялық ескерткіштер

2,Жазба деректер(грек,араб,парсы,қытай)

3,Ауызша тарих:фольклер

4,Түрік жазба ескерткіштері

Тарихнама

М.Тынышбаев-қырғыз-қызық халқ.тарихы бойынша материал 1925

Санжар аспендияров-қазақстан тарихыч 1935

Манаш қозыбаев басқарумен қазақстан траих 1-ші том шықты 1996

2-ші 1998,3-ші 2002,4-5-ші 2010

Қазсср тарихы қайта басылды 1957,,,,1-сі 1943

3, Андронов мәдениеті

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

Ескерткіштері

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).

Шаруашылығы

Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.

Халық, қоғам, әдет-ғұрып

Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған

Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ең соңғы кезеңі — "Беғазы-Дәндібай мәдениеті" деп аталады. Оның хронологиялық шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде, б.з.д. XII—VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ең басты ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. XVIII—XIX ғасырдағы қазақтың тастан салған кыстау үйлерінің де қабырғасы осылай өрілген. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі — қорған-қоршаулар. Олардың пішімі кейде дөңгелек, кейде төртбұрышты болып келеді. Қорғандардың биіктігі 70—80 см- ден 1,5—2 м-ге дейін болады. Қорған тастан, қиыршық тас және топырақтан салынып, сырты үлкен қақпақтастармен көмкеріледі. Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.