
- •3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқаруны сандары.
- •4.Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы.
- •24.Спартадағы басқару органдары.
- •26.ЕжелгіРимніңқоғамдыққұрылысы.
- •31.Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •32.Хлодвиг және франк мемлекетінің құрылу тарихы
- •Франк мемлекетінің құрылуы
- •33.Франк мемлекеті (у-іХғғ.). Карл Мартелл.
- •34.Ұлы Карл және франк мемлекеті
- •Империяның ыдырауы
- •Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті
- •35.Верден шарты
- •36.,,Салий правдасы,, бойынша франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •37.Франциядағы сениоральдық монархия (іх-хііі ғғ.). Людовик іх реформалары.
- •38.Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (іух-ху ғғ.). Бас штаттар.
- •39.Франциядағы абсолюттік монархия (хуі-хуііі ғғ.). Ришелье реформалары.
- •40.Ортағасырлық Француз құқығы.
- •41.Германияда ертефеодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы (х-хіІғғ.).
- •42.Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық
- •43.Ортағасырлық Герман құқығы. ,,Каролина,,.
- •44.Англиядағы ертефеодалдық англосаксон монархиясы (іх-хі ғғ.).
- •45.Норман жаулап алулары. Генрих іі реформалары.
- •46.Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.1215 ж. Хартия. Парламент.
- •48.Ортағасырлық Ағылшын құқығы. Жалпы құқық. Статуттық құқық.
- •49.Араб халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •50.Араб халифатындағы басқару органдары
- •51.Мұсылман құқығының негізгі институттары.
- •52.Мұсылмандық отбасы құқығы
- •54.Англияда конституциялық монархияның бекуі. 1679 және 1689 ж. Актілер.
- •55.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі дамуы. Екі партиялы жүйе. ХіХғ. Сайлау реформалары.
- •56.Ұлы Наурыз Ордонансы
- •57.Еркіндіктің Ұлы Хартиясы
- •58.Хабеас Корпус Акт
- •59.Мұсылман құқығындағы мазхабтар
39.Франциядағы абсолюттік монархия (хуі-хуііі ғғ.). Ришелье реформалары.
Ришелье Арман Жан дю Плесси (5.9.1585 — 4.12.1642) француз саяси әрі діни қайраткері, кардинал.
Ақсүйек тұқымынан шыққан Ришелье 9 жасында билеуші әулеттердің балаларын дайындайтын ерекше артықшылығы бар Навар колледжіне түсіп, 1600 жылы маркиз титулын алады. Онда латын, италия, испан тілдерін, теология, философия, өнер түрлерін, проза, өлең жазуды үйренді. Плюмвинел әскери академиясында соғыс өнерін үйренген ол 1607 жылы Сорбоннада теология мамандығы бойынша докт. дисс. қорғап шықты. 1616 жылы әскери және сыртқы істер мемл. хатшысы, король кеңесінің мүшесі, королева Мария Медичидің жеке кеңесшісі болып тағайындалды. Ришелье Францияда ең алғаш ақсүйектер арасында жиі кездесетін дуэльді жою мен мемл. қазынаның қаражатын жұмсауды қысқарту, шенеуніктердің жемқорлығына шек қоюға тырысты. Людовик ІІІ тұсында кардинал (1622), корольдің бірінші министрі (1624), герцог-пэр (1631) лауазымдарына тағайындалды. Ришелье абсолютизмді нығайту саясатын жүргізіп, халық көтерілістерін басып жаныштады. Король билігіне қарсы ірі ақсүйектер тарапынан болатын сепаратистік топтармен ашық күрес жүргізді. Сыртқы саясатта Ришелье Еуропаны билеген габсбуртер әулетіне қарсы күресіп, Ресей, Түркия, Иранмен сыртқы сауданы дамытты. Солтүстік Америкада, Мұхиттық аралдар мен Африкада отарлық саясат жүргізді. 1631 жылы Францияда тұңғыш газет (“La Gazette”) шығарды.
1635 жылы Франция академиясын құрып, басшылыққа өзі тағайындалды. Ол академия Францияның ұлттық мәдени орт-на айналды. Сорбонна ун-ті қалпына келтірілді, жанынан жаңа шіркеу салынды. Кейін өз өсиеті бойынша осы шіркеуде Р-нің денесі қойылды. 1640 жылы корольдің алғашқы типографиясын ашты. Ришелье жазған “Үлкен пастораль”, “Мирам”, “Еуропа” пьесалары Париж театрында қойылып, жақсы бағаланды. Ришельенің Францияда ең бай кітапхана саналатын жеке кітаптары, өнер коллекциялары Сорбоннаға мұраға қалдырылған. Ришелье Францияда алғаш әскери флот құрады. 1635 жылы Париж әскери мектебін құрып, онда 14 — 15 жас аралығындағы француз ұлтының кедей дворян отбасынан шыққан балалары қабылданды. Ришелье заманы — Франция мәдениеті мен философиясында “алтын ғасырдың” басталған кезеңі. Ришельенің Сорбоннадағы мазарын Напалеон ІІІ 1866 жылы жөндеуден өткізіп, мазар басына “Францияның ең ұлы адамы” деген сөздерді жаздырған.
40.Ортағасырлық Француз құқығы.
Құқықтың негізгі сипаттары. Феодолизм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық əрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақтақалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын. Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет — ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бір інші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мунда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың жəне Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде əдет —ғұрып жинақтары мен бірже құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. Бенефецийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. Ал феод деп. атала бастады.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатыпалу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен жəне патша ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екіжақтың келісімі, сонымен қатар, ата — аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (əкенің мүлкі мұрагерлерге əке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ə) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау жəне мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар жəне айыппұл.
Қылмыстық процесс екі кезең гебөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу жəне хат тамамен рəсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі.