Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar_set.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.34 Кб
Скачать

34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.

Желіні жаңалау қатаң жоспарлауды талап етеді. Жобаның өте жақсы жоспары әлсіз және күшті жақтарына анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарда нақты мәселелер анықталып және оларды шешу жолдары көрсетіледі. Жақсы жоспарлаудың мысалы ретінде: спорттық командалар,ойын жоспарына сәйкес жүрген; сұлбалар бойынша жүретін құрылысшылар;күн тәртібі бойынша өткізілетін кездесулер және марапаттаулар.

Дұрыс құрылмаған жоспардың нәтижесі әртүрлі құрылғылардан,технологиялардан және хаттамалардан тұратын желі болып табылады.

Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері:

1) Талаптарды жинау. Клиентпен сөйлесу нәтижесінде алынған ақпарат талданып,желінің талаптары анықталады. Бұл таңдауды интернет қызметін ұсынушылар жасайды және жұмыс нәтижесі бойынша есеп береді.2) Таңдау және тұрғызу. Аналитикалық есеп негізінде кабельдердің түрлері және құрылғылар таңдалады.Құрылымдардың бірнеше нұсқалары тұрғызылып,жобаға қатысушылардың арасында мәліметтер алмасылады. Топ мүшелері өнімділігі мен бағасына байланысты қолайлы шешімдер қабылдайды.Осы кезеңде жобаның басты әлсіз жерлері анықталады. Жобаны клиент мақұлдағаннан кейін жаңа желіні енгізу процесі басталады.3)Іске асыру. Егер алдыңғы 2 кезең дұрыс орындалса,онда іске асыру ақаусыз өтеді. Егер алдыңғы кезеңдерде қалып кеткен жағдайлар болса, онда осы кезеңде олар түзетіледі. Енгізу және пайдалану графигін құру, клиент жұмысындағы бөгелістерді минимумға жеткізу,жобаның жемісті болуы үшін клиентпен жиі кеңесіп тұру керек. 4) Эксплуатация. Өндірістік алаңда желі іске қосылады. Оған дейінгі кезеңде ол тексеру жіне енгізу кезеңінде болады. 5) Тексеру және бағалау.

Жобаны жоспарлау кезіндегі негізгі 5 компонент:

1)Басты мәселелер:(маршрутизатор қалып-күйі); 2) Мерзімі және негізгі этаптары;3)Шектеулік және тәуекелділік;4)Жауапкершілік сферасы;5)Қажетті ресурстар.

Желі құрылымы ғимараттың құрылымына және кәсіпорын ғимаратының кешеніне сәйкес келуі керек.

35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.

Желіде мәліметтерді қорғау арнайы шу генераторларын қолдану есебіне жақсы болады, олар электромагниттік сәулелнудің кемшіліктерін дұрыстау үшін қолданылады; желіні қоректендіру құрылғысы, скремблер (телефон сөйлесулерді шифрлеуші), ұялы телефондардың жұмысын ауырлатантындар және т.б. Ең басты шешімі ретінде бостанықтағы электромагниттік алаңдардың әсері және тұрақталмаған қосылуды ұстауға мүмкіндік беретіні болып табылады. Толығымен айтқанда ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етуді оны іске асырудың әрекеттеріне қарай төмендегідей топтарға бөлуге болады:

  1. Техникалық (аппараттық) құралдар. Бұл түріне қарай әртүрлі құрылғылар (механикалық, электромеханикалық, электрондық және т.б.), олар аппараттық құралдармен ақпаратты қорғау мәселесін шешеді. Олар не физикалық қатерлерге төтеп береді, не егер қауіп болып қойған болса, ақпаратқа кіруді оның көшірмелеу арқылы қарсы тұрады. Техникалық құрылғылардың артықшылығы болып олардың субъектілі фактілерге қарамасатан сенімділігі, модификациялауға өте жоғары тұрақтылық. Әлсіз жақтары - жұмсақтық жетіспеуі, яғни көп көлем және масса, жоғары құн.

  2. Программалық құрылғылар өзіне қолданушыларды идентификациялайтын программаларды, қосылуды басқару, ақпаратты шифрлеу, уақытша файл сияқты ақпараттарды өшіру, жүйенің қорғанысын қадағалау және т.б. өзіне қосады. Программалық құрылғылардың артықшылығы болып – әмбебаптылығы, жұмсақтығы, сенімділігі, орнатудың қарапайымдылығы, модификациялау мен өсуге қабілеттілігі. Кемшіліктері – желінің функциялануының шектеулілігі, файл-сервер ресурстарының бөлігін қолдану, байқаусызда немесе алдын ала өзгертулерге жоғары сезімталдылығы, ондайлар компьютер типтеріне (олардың аппараттық құрылғыларына) байланысты болады.

  3. Аппаратты –программалық құрылғылардың араласқанында да сол аппараттық және программалық құрылғылардағыдай функциялары бар және олар аралық қасиетіне ие.

Ұйымдық құрылғылар ұйымдық – техникалық (мекенді компьютерлерге дайындау, кабельдік жүйені оған қатынауды шектеу талаптарына сай төсеу) және ұйымдық – құқықтықтан (ұлттық заңшығарулар және нақты ұйымның басшысымен құрылған жұмыс ережелері) құрылады. Ұйымдық құрылғылардың артықшылығы олар көптеген әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, іске асыруда қарапайым, желідегі келеңсіз жағдайларға тез әсер етеді, модификациялау мен іке асыруда шектеусіз қасиетке ие. Кемшіліктері – субъектілі факторларға қажеттілігі жоғары, сонымен қоса нақты мекемеде ұйымдық жұмысқа да қажеттіліг жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]