Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar_set.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.34 Кб
Скачать

Ip адрестің жіктелуі

Кластар

Үлкен биттер

Бірінші октеттіңдиапазоны

Желілердің мүмкін болатын саны

Түйіндердің мүмкін болатын саны

А

0

1-126

126

16 777 214

В

10

128-191

16 384

65 534

С

110

192-223

2 097 152

254

23) CIDR. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы. Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады.

CIDR (Classless Inter-Domain Routing) классыз үлгісі - IP-адрес кеңiстiгiмен кластық үлгілеудің қатты әдістерін қолданбай икемдi басқаруға мүмкiндiк беретiн IP-адрестеу әдiсі.

Супер желілерді құру. Кез келген желіні құру бірнеше кезең тұрады.

  1. Желі мен ақпараттық жүйелерді жобалау. Бұл кезеңде желінің логикалық схемасын есепке ала отырып технологиялық-программалық жабдықтарды қамтамасыз етіп және жалпы құрылымын жобалау жүзеге асырылады.

  2. Желілік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Жобаның іске асу барысында әлемдік өндірушілердің Cisco Systems, Planet Technology, D-Link, ZyXEL, 3COM, AVAYA, SUN Microsystems, Arbyte жабдықтарын қолдануға болады.

  3. Кабелдiк жүйелер және жабдықтарды құрастыру. Кабелдiк жүйелердiң монтажы бойынша компъютер желiсiнiң қосуы, телефония және автоматизация жүйесін жасау осы кезеңде жүзеге асады.

  4. Белсендi жабдықтықтарды күйге келтiру. Кез келген желi өз жұмысын дұрыс атқаруы үшін коммутаторлардың кескiнiн,маршрутизатордың кескінін, компьютерлердiң күйге келтiрілуін және IP адрес пен DNS-тің орнатуларын дұрыс куйге келтіру қажет.

  5. Желiлердiң диагностикасы және кемшiлiктердi жою. Ақпараттық жүйенi тексеру ақаулықтардың iздестiруi және сiздiң жергiлiктi немесе ғаламдық желiнiң топологиясының ықшамдалуы, маршрутизаторлар және коммутаторлардың, компьютерлердiң және серверлiк жабдығыңыздағы күйге келтiрулерi. Айқындалған кемшіліктерді жою жүзеге асады.

  6. Желiлердiң қызмет көрсетуi. Желіні жасау аяқталған соң оның қызмет көрсетілуі тексеріледі.

  7. Желiлердiң қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз ету. Бұл кезеңде вирусқа қарсы программалық қамтамасыз етулердi орнатып күйге келтiредi.

Анықтама. Бағыныңқы желі – IP адрестің түйін идертификаторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылған желі немесе желі идентификаторы.

Анықтама.Бағыныңқы желінің маскасы – адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.

Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:

  1. Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).

  2. Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).

CIDRүлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағыa.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны. Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындағы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.255.128.0.-ге тең.

Егер IP адрес белгілі болса, бағыныңқы желідегі түйін нөмірін қалай табуға болады? Мысалы. С класының IP адрес 205.37.193.134 берілген болса, түйін нөмірі –134. Енді желіні бағыныңқы желіге 205.37.193.134/26 түрде бөліңіз. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?

IP адрес

Желі идентификаторы

Түйін идентификаторы у

Бастапқы түйінніңIP адресі

205.37.193.134

11001101.00100101.11000111.

10000110

бағыныңқы желінің маскасы

255.255.255.192

11111111.11111111.11111111.11

000000

логикалық «Және»операциясының нәтижесі

205.37.193.128

11001101.00100101.11000111.10

000110

Нәтижесінде бағыныңқы желініңIP адресін 205.37.193.128 аламыз, ал бұл бағыныңқы желідегі түйін нөмірі 6-ға тең.

Үндемей тағайындалатын маскалар:

  • А класы үшін 255.0.0.0;

  • В класы үшін 255.255.0.0;

  • С класы үшін 255.255.255.0.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]