Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
24.01.2020
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Бизнес пен ортаны ұйымдастыру.

2. Макро және микро ортаның негізгі құрамдас бөліктері

3. Ортаның стратегияға әсері

3-тақырып. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

Мақсаты: Стратегиялық жоспарлау логикасы дегеніміз – стартегиялық жоспарлаудың кез-келген мәселесін шешумен байланысты процедуралардың ретті тізбегі, өзара үйлесімділігі және негізделуі.

  1. Стратегиялық жоспарлау логикасы

  2. Стратегиялық жоспарлаудың қағидалары

  3. Стратегиялық жоспарлаудың әдістері :

  • Эксперттік және эвристикалық әдістер

  • Әлеуметтік – экономикалық әдістері

  • Тікелей инженерлік – экономикалық есептеу әдістері

  • Баланстық әдіс

  • Экономикалық – математикалық әдістер және әдістер және үлгілер

1. Стратегиялық жоспарлау логикасы

1. Стратегиялық жоспарлауда қолданылатын әр түрлі әдіс тәсілдердің жиынтығы оның методологиясын құрайды. Стратегиялық жоспарлау методологиясының бір құрамдас бөлігі жоспарлау логикасы.

Стратегиялық жоспарлау логикасының мазмұны оның келесі құрылымдық элементтерін ашып көрсетеді:

- жоспарланатын мерзімдегі стратегиялық жоспарлау субъектісінің мақсаты немесе мақсаттар жүйесін анықтау;

- жоспарлатын кезең алдындағы кезеңдегі стратегиялық жоспарлау объектісінің бастапқы даму деңгейін талдау және сол жоспарланатын кезең басындағы қол жеткізген деңгей параметрлері мен құрылымын айқындау;

- жоспарлатын мерзімдегі қоғам қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын анықтау;

- әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің қажеттіліктері мен ресурстарын өзара үйлестіру, баланстау (тепе-теңдігін қамтамасыз ету).

Стратегиялық жоспарлау логикасының мәні мен мазмұнынан ондағы мақсаттарды қалыптастырудың (жоспарланатын кезеңде) рөлі ерекше екенін байқауға болады.

Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты дегеніміз – сәйкес жоспарлау субъектісінің жоспарланатын кезеңде белгілі бір мерзімде қол жеткіземін деп күтілген жағдайы (ахуалы).

Міндеттер – стратегиялық жоспарлау кезеңі (шегінде) ішінде белгілі бір сәтте қол жеткізіледі деп күтілетін мақсаттар.

Кез – келген стратегиялық жоспарлау субъектісі мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру сатысында мына мәселелерді шешуі тиіс:

- жоспарланатын жүйенің мақсатын анықтау және оны міндеттер тіліне ауыстыру, бұл міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшелігі бар графигін құруға көмектеседі;

- барлық міндеттердің нақты айқындалауы (формулировкасы) және олардың әрқайсының орындалуындағы прогресті бағалау критерийлерін жасау;

- міндеттер арасындағы мүмкін қайшылықтар мен қақтығыстардың алдын алу (оларды шешу әдістерін қалыптастыру), яғни бір міндеттің орындалуы екіншісін шешуге қайшы келген не істеу керектігін шешіп алу қажет.

2. Стратегиялық жоспарлау методологиясының принциптері

Стратегиялық жоспарлау, оның логикасы жоспарлау принциптері деп аталатын заңдылықтарды анықтауға сүйенеді.

Жоспарлау принципі дегеніміз – жоспарлау объектісінің және жоспарлау тәжірибесінің бірқатар даму заңдылықтарының жиынтық әрекетін бейнелейтін және жоспарлық тапсырмалардың бағыттарын, құрылу сипатын, орындалу мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың орындалуын тексеруді анықтайтын негізгі ұғым ретіндегі жоспарлау ғылымының объективті категориясы.

Стратегиялық жоспарлау қоғамды, фирманы басқару жүйесінің орталық элементі болғандықтан оған келесі басқару принциптері тән:

  1. Саясат басымдылығы жағдайында экономика және саясат бірлігі қағидасы.

2. Орталықтандыру мен жеке бас еркіндігінің бірлігінің қағидасы.

3. Басқару шешімдерінің тиімділігі және ғылыми негізделу қағидасы .

4. Жоғары деңгей мүдделерінің басымдылығы жағдйында жалпы және жеке мүдделерді үйлестіру.

Саясат басымдылығы жағдайында экономика және саясат бірлігі қағидасының мазмұны сәйкес басқару субъектілерімен жүзеге асырылатын саясат мақсаттарына сай болжаулар, стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлар жасау талабы болып табылады.

Орталықтандыру мен жеке бас еркіндігінің бірлігінің қағидасының мәні мынада: стратегиялық болжамдар, бағдарламалар, жоспарлар түріндегі реттеуші орындармен жасалған шешімдер жобасы, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің талап – тілектерін, мүдделерін ескеруі тиіс, екінші жағынан, оларға қоғамға қажет бағытта ықпал етуі тиіс.

Басқару шешімдерінің тиімділігі және ғылыми негізделу қағидасы стратегиялық болжамдар, бағдарламалар мен жоспарларды жасау кезінде талаптардың сақталуын білдіреді:

а) қоғамның жекелеген элементтері мен әрекет сфераларының мазмұнын және қозғалу бағытын анықтаушы қоғам дамуының бүкіл заңдар жұйесінің әрекеттері. Демек, стратегиялық жоспарлау барысында нарықтық шаруашылықтың экономикалық заңдары, әлеуметтік қатынастардың даму заңдары және ғылым мен техниканың даму заңдары ескерілуі тиіс;

ә) экономика құрылымын дер кезінде қайта құру, ҒПТ-тің жетістіктерін шаруашылыққа енгізу, өндіріс экологиясы, оның әлеуметтік бағыттылығы мен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін терең зерттеу және жоспарлау жұмысында іс жүзінде пайдалану;

б) экономикалық құралдары кеңінен пайдалана отырып, фирмалар мен корпорацияларды дер кезінде техникалық қайта жабдықталуға,өндірісті қайта беруге бағыттау;

в) стратегиялық жоспарлау процесінде стратегиялық және тактикалық жоспарлар, бағдарламалар мен болжамдардың органикалық бірлігін қамтамасыз ету;

г) стратегиялық болжамдар, бағдарламалар мен жоспардың көрсеткіштерін есептеуде ақпарат базасы болып табылатын жоспарлық-есептік мәліметтердің шынайылық деңгейін көтеру;

д) барлық жоспарлау құжаттарын жасау технологиясын үнемі жетілдіріп отыру;

е) Стратегиялық жоспарлау методологиясының басқа барлық элементерінің кешенді колданылуын қамтамасыз ету.

Жоғары деңгей мүдделерінің басымдылығы жағдайында жалпы және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы және стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлардың міндеттерін орындауда жеке және ұжымдық мүдделілікті (қызығушылықты) ынталандыру.