Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2 Мемлекеттік мекемелерде Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегия

Банкроттық саласындағы Қаржы министрлігінің қызметі оңалту рәсімдері арқылы ұйымдардың төлем қабілеттілігін сауықтыруға және қалпына келтіруге бағытталған. Бірнеше басымдық қатарының болуына қарамастан кәсіпкерліктің субъектілеріне осы рәсім өте сирек қолданылады, мәселен 2009 жылы оңалту рәсімі 14 ұйымға қатысты ғана пайдаланылған.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.

Қазақстанда заң шығаратын деңгейде қаражаттық есептілік халықаралық стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарының (бұдан әрі – ХАС) қолданылу мәселелері реттелген. Шағын және орта бизнес Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасау мен бухгалтерлік есептілікті енгізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумақтарында ХҚЕС және ХАС-ны таратуына арналған жағдайлар жасалған. Қормен шарт жасаудың негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының комитетімен (Ұлыбритания) ХҚЕС мемлекеттік тілде аудару мен тарату жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігіне аудиттің халықаралық стандарттары, сапа кепілдемесі мен кәсіби этика анықтамалығы бойынша қазақ тіліне көшіру мен жаңғыртуды рұқсат ететін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының шартына (ІFАС) қол қойылды.

Мемлекеттік мекемелердің қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесі кассалық әдіске негізделген. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер есептеу әдісіне және қоғамдық секторға арналған Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті қайта қалыптастыру мақсаты – бұл мемлекеттік сектордың операциялары мен ахуалы туралы толық және бәрін қамтитын деректерді қалыптастыру, мемлекеттік сектордың активтері, міндеттемелері мен қызметінің нәтижелері туралы деректерді объективті көрсететін транспарентті және салыстырмалы қаржылық есептілікті қалыптастыру.

Банкроттық саласындағы негізгі проблемалар. Банкроттық рәсімдер «аянышты» жағдайға дейін жеткен және жұмыс істемейтін, мүлкі мүлдем жоқ, тиісінше тарату кезінде кредиторлардың көптеген талаптары өтелмей қалатын борышкерлерге қолданылады.

Бұл қасақана және жалған банкроттық фактілерге байланысты. Қасақана және жалған банкроттық проблемасы, ол кредит берушінің, оның ішінде мемлекеттің ұйым мүлкінің негізгі массасын шығару бойынша басшылардың немесе құрылтайшылардың заңсыз әрекеттеріне уақтылы ден қоймауынан туындайды.

Бұдан басқа банкроттық рәсімінде заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша конкурстық басқарушылардың қызметі мынадай проблемалар қатарымен күрделенген: борышкердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттаманың болмауы, борышкердің мәмлелері бойынша талап қою-қуыну көнелігі мерзімінің аяқталуы, ел бойынша бірыңғай автоматтандырылған базаның болмауына байланысты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мүлік туралы ақпаратты алудың ұзақтығы, сот даулары және т.б.

Банкроттық рәсіміндегі сауықтыру тетігі не борышты өндіріп алу ретінде кәсіпкерлік субъектілер іс жүзінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесінің кемшіліктері

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.

Кассалық әдіске негізделген мемлекеттік мекемелерде қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар:

- барлық мемлекеттік активтер мен міндеттемелер қаржы есептерінде ескерілмейді және көрсетілмейді;

- есептеу жүйесі айтарлықтай деңгейде қағидаттарға емес, ал ескірген және жүйелік және жан жақты қайта қарауды талап ететін ережелерге негізделген;

- активтер мен міндеттемелерді есептеу халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді.

Ақша қаражатының ағынын қадағалауға мүмкіндік беретін және мемлекеттік экономика секторы шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы толығымен таныстырмайтын кассалық есепке алу әдісіне қарағанда, есептеу әдісі бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі және Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

    Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы

1.1-мақсат Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30 % деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

2-стратегиялық бағыт. Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде де жетілдіру

2.1-мақсат Банкроттау тетігін жетілдіру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттері

Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі іс-шаралар және мемлекеттік органның мақсаты

Іске асыру кезеңі

1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы

2-стратегиялық бағыт. Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде де жетілдіру

-Кадр қызметі жұмысының тиімділігін

жақсы принцип негізінде және адам ресурсын басқару әдісімен қамтамсыз ету;

-Бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы және оның атқарылуын бақылау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру

-Кадрлық сұрақтарды шешу кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік тілді дамыту, ел бірлігін нығайтудың маңызды факторы;

- Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әс-қимылы;

-Бюджеттік процесті ақпараттандыру;

-ақпараттық қауыпсіздікті қамтамасыз ету.

2011 - 2015 жылдар

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет регламенті мен стандарттарын әзірлеу;

2011 жыл

- «Мемлекеттік органдардың өз қүзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысы сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін электронды форматқа көшіру

2012 - 2013 жылдар

1 - стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы

1.1– мақсат. Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30 % деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау

1.2.1– міндет. Салық түсімі мен кеден төлемдерінің толықтығы, салық және кеден жүйесін жақсарту

«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылєы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру бойынша іс-шара жоспарының 15 тармағын сәйкес іс-шараны өткізу

2011 жыл

2 - стратегиялық бағыт. Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде де жетілдіру

2.1 – мақсат. Банкроттық тетігін жетілдіру

- «Банкроттық» ақпараттық жүйесін құру және дамыту

- Веб-порталды құру және дамыту

2011 жыл

2012-2013 жылдар

Сұрақтар

  1. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған стратегия

  2. Мемлекеттік мекемелерде Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегия

  3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі және Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

  4. Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша қол жеткізу үшін ведомствоаралық іс-әрекетті талап ететін міндеттердің көрсеткіштерін атаңыз

  5. Ведомствоаралық іс-әрекет жүзеге асырылатын мемлекеттік органдарды көрсетіңіз

  6. Мемлекеттік органдармен іске асырылатын шараларды атаңыз