Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Стратегия түсінігі.

2. Стратегиялық басқарудың мәні, оның құрастырушылары және олардың арасындағы байланыс.

3. Стратегиялық басқарудың қажеттігін анықтайтын негізгі факторлар.

4. Стратегиялық басқарудың проблемалары мен қиындықтары, ресурстары.

1. Стратегия түсінігі.

2. Стратегиялық басқарудың мәні, оның құрастырушылары және олардың арасындағы байланыс.

3. Стратегиялық басқарудың қажеттігін анықтайтын негізгі факторлар.

4. Стратегиялық басқарудың проблемалары мен қиындықтары, ресурстары.

2-ТАҚЫРЫП СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫ САРАПТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАКРОЖОСПАРДЫҢ МӘНІ

1. Swot және pest талдаулар

2. Ішкі талдаудың мақсаты және түсінігі

3. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы.

  1. Сыртқы сараптаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның жалпы саясатын және стратегиясын дұрыс анықтау үшін болашақта болуы мүмкін міндеттермен қауіп-қатерлерді түсіну және анықтау.

Сыртқы сараптау SWOT талдаудың бір бөлігі болып табылады. SWOT – бұл төрт ағылшынның қысқарған сөзі: S – күшті жақтары, W - әлсіз жақтары, O – мүмкіндіктері, T – қауіп-қатерлер.

Мүмкіндіктер – жағымды тенденциялар және пайда мен сату көлемінің ұлғаюына әкелетін сыртқы ортаның құбылыстарымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның мүмкіндіктеріне, мысалы, кәсіпорын мен халықтың табысының өсуі, бәсекелестердің жайғасымдарының әлсіреуі және т.б. жатады.

Қауіп-қатер – бұл қажетті әсердің жоқтығынан кәсіпорынның бәсекелестік дәрежесін әлсірететін кері тенденциялар мен құбылыстар. Қауіп-қатер қатарына халықтың сатып алушылық қабілетінің төмендеуін, жағымсыз демографиялық өзгерістерді, мемлекеттік реттеудің қатаюын жатқызуға болады.

Сыртқы сараптама кәсіпорынның сыртқы ортаның өзгерістерімен байланысты нақты мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді анықтауға бағытталған.

Сыртқы ортаның факторлары. Кәсіпорынның сыртқы ортасы белсенді әрекет ететін субъектілердің және күштердің жиынтығын ұсынады. Олар ұйымның басшылығы жағынан тікелей бақылау ортасынан тыс және оның стратегиясына әсерін тигізуі мүмкін.

Кәсіпорын шегінде өтетін процестерге әсер ету деңгейіне сай сыртқы факторлар екі топты бөліп шығарады:

  • макросфераны көрсететін жеке әсер;

  • жақын ортаның немесе сала факторларының тікелей әсері.

Кәсіпорынның сыртқы ортасының барлық факторларының жиынтығы 1-кестеде көрсетілген.

1 кесте – кәсіпорынның сыртқы ортасының факторлары

Кәсіпорын

Макроорта факторлары:

- экономикалық;

- табиғи;

- ғылыми-техникалық;

- демографиялық;

- саяси-құқықтық.

Салалық факторлар:

- тұтынушылар;

- бәсекелестер;

- жабдықтаушылар;

- жұмыс күші нарығы.

PEST – кәсіпорынның макроортасының сараптамасы. PEST – кәсіпорынның болашақ және ағымдағы қызметінің нәтижесіне макроорта факторларының әсерін бағалау және анықтаудан тұратын талдау.

Кәсіпорынның стратегиясына жақынырақ келетін төрт факторлар тобын көрсетеді:

- саяси-құқықтық;

- экономикалық;

- әлеуметтік-мәдени;

- технологиялық.

Белгіленген факторлар сараптамасы PEST талдауы атауын алды. PEST – бұл төрт ағылшынның қысқарған сөздерінен тұрады: P – саяси-құқықтық, E – экономикалық, S - әлеуметтік-мәдени, T – технологиялық факторлар.

PEST талдауының мақсаты төрт бағыт бойынша макроортаның өзгерістерін бақылау және кәсіпорынның бақылауынан тыс, бірақ қабылданған стратегиялық шешімдердің нәтижесіне әсерін тигізетін тенденциялар мен жағдайларды анықтау (2-кесте).

2 кесте - PEST талдау

Саясат

P

Экономика

E

  1. Үкіметтің тұрақтылығы

  2. Заңдылықтың өзгерістері

  3. Мемлекеттік меншіктің бөлігін қосқанда мемлекеттің салаларға әсері

  4. Салалардың бәсекелестігін мемлекеттік реттеу

  5. салық саясаты

  1. Экономикалық жағдайдың жалпы сипаттамасы

  2. Ұлттық валюта курсы және қайта қаржыландыру ставкасы

  3. Инфляция деңгейі

  4. Жұмыссыздық деңгейі

  5. Энергоресурстардың бағасы

Әлеумет

S

Технология

T

  1. Демографиялық өзгерістер

  2. Табиғи құрылымның өзгерістері

  3. Еңбек пен демалысқа қатынас

  4. Халықтың әлеуметтік мобильділігі

  5. Тұтынушылардың белсенділігі

  1. Мемлекеттік техникалық саясат

  2. Ғылыми техникалық жұмыстардың ауқымындағы байқалатын тенденциялар

  3. Жаңа өнімдер

  4. Жаңа патенттер

2. Кәсіпорын стратегиясын өңдеген кезде менеджерлер тек қана сыртқы ортаны ғана емес, кәсіпорынның ішкі жағдайында пайдалану керек. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары ретінде қарастырылуы мүмкін ішкі айнымалыларды идентификациялау қажет. Бұл айнымалылардың қайсысы бәсекелестік басымдылықтың негізі болатынын, олардың маңыздылығын бағалап, анықтау қажет. Бұл үшін кәсіпорынның ішкі ортасын сараптау жүргізіледі.

Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау – стратегиялық мәселелерді анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын бизнестің ағымдағы жағдайын бағалауға бағытталған кәсіпорынның мүмкіндіктері мен ішкі ресурстарын сараптаудың кешенді процесі. Мәні бойынша кәсіпорынның ішкі ортасын талдау SWOT талдаудың екінші бөлігі болып табылады. Ол ұйымның қызметінің күшті және әлсіз жақтарын анытқтаумен байланысты.

Ішкі талдаудың мақсаты – кәсіпорынның стратегиялық жағдайын қолда бар күшті және әлсіз жақтардың шектелуін ескере отырып бағалау.

Ішкі талдаудың принциптері. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдаудың негізіне келесі принциптер жатуы керек:

  • жүйелілік – кәсіпорындарды күрделі жүйе ретінде қарастыруды білдіреді;

  • кешенділік – кәсіпорынның барлық құрамды бөлшектерінің талдауын қарастырады;

  • салыстырмалық - өзгермелі барлық ішкі ауыспалыларға талдаудың жүргізілуін және бәсекелестік фирмалардың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыруын талап етеді;

  • бірегейлік немесе кәсіпорынның спецификалық мақсаттары.

Фирма миссиясы – бұл бизнестің арнаулылығын, оның негізгі мақсатын көрсететін іскерлік түсінік. Миссия кәсіпорынның дәрежесін бөлшектейді және мақсат пен стратегияны әр түрлі ұйымдастырушылық деңгейде анықтау үшін бағдарды қамтамасыз етеді. Миссияның негізгі компоненттері:

  • кәсіпорын өндіретін өнімдер немесе қызметтер, яғни қажеттілікті қанағаттандыратын орта;

  • тұтынушылардың емдік топ категориялары;

  • қолданылатын басқарушылық технологиялар және функциялар, яғни тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру тәсілдері, нақты басымдылықтар.

3. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы.

Макроэкономиканы стратегиялық жоспарлау қажеттілігі келесі шарттармен түсіндіріледі:

Біріншіден, бүгінде экономика дамуына ғылыми - техникалық прогрестің ықпалы күшеюде, неғұрлым жетілген және күрделі технологияға еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың рационалды нысандарына көшу жоспарлауды, салаларды алдын ала болжауды талап етеді.

Екіншіден, басқарудың қажетті функциясы ретінде жоспарлау мемлекетке экономикалық дамудың циклділігін алдын ала болжау, пайда болған деформацияларды баланстап, түзетіп отыру үшін экономикалық және әлеуметтік нәтижелер арасында байланыс орнату, тұрғындардың аз қамтамасыздандырылған топтарының мүддесін қорғау үшін қажет.

Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында кез келген фирма, меншік пен шаруашылық жүргізу нысандарына қарамастан ақырғы мақсаттарына жету үшін өзінің даму стратегиясын жасауы тиіс. Сол сияқты ел экономикасы да ғылыми негізделген жоспарлау негізінде өзінің даму бағытын дұрыс таңдай алса ғана өсіп өркендей алады.

Нарықтық экономика жағдайында макродеңгейдегі жоспарлау директивалық емес, рекоментациялық сипатқа ие. Мемлекет экономиканы реттеу мақсатында макроэкономикалық көрсеткіштер түріндегі индикаторларды пайдаланады.

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «Мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес , ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

«Экономикалық өсу» термині елдің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезеңінде ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткішті есептеуде баға факторын және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ -нің ЖІӨ -нен айырмасы (өзгешелігі), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) сондай-ақ ел азаматтарының шет елдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды. ЖІӨ мөлшері құндық көріністе есептен шығарылады, қағида бойынша, ол мемлекеттің ұлттық валютасымен және ағымдағы бағам бойынша АҚШ долларымен есептеледі (халықаралық салыстырулар жүргізу үшін). БҰҰ халықаралық салыстыру Бағдарламасына сәйкес ЖІӨ мөлшері сондай-ақ валюталардың сатып алу қабілеті паритетін (СҚП) есепке алу арқылы АҚШ долларымен есептен шығарылады. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс; сұраныс; бөлу. Ұсыныс факторлары болып табылатындар: елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы; елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы; негізгі капиталдың көлемі; технология.

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экономикалық, демографиялық проблемалары туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыруы (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үдерістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты өсуі сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды.

Олардың ең маңыздыларының қатарында тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың өсуіне бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елдегі аймақтар бойынша нақты бөлу;

  • шаруашылық қызмет субъектілердің арасында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттік тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Дамыған елдерде макроэкономикалық жоспарлау статистикалық мәліметтерге негізделген халық шаруашылығындағы негізгі өзара байланыстардың сызбасына сүйенеді. Бұл сызба ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) деп аталады.

ҰШЖ баланстық әдіске негізделеді және экономикалық әрекет нәтижелерін, экономиканың құрылымын сипаттайтын макрокөрсеткіштерді, шаруашылық әрекеті барысында жасалатын операцияларды, елдегі ресурстар мен олардың қолданылуын ұлттық деңгейде есепке алуды білдіреді.Жоғарыда аталған ЖҰӨ және ЖІӨ-мен қатар ҰШЖ-нің негізгі көрсеткіштері:

  • таза ішкі өнім-ЖІӨ-нен негізгі қорлардың тұтынылуын шегереміз;

  • таза ұлттық табыс - ЖҰӨ-нен негізгі қорлардың тұтынылуын шегереміз;

  • нақты ұлттық табыс – таза ұлттық табысқа шетелден түскен сыйлықтар,гуманитарлық көмек сомаларын қосып,керісінше, елдің шетелге берген гуманитарлық көмегін, сыйлықтарын шегергенге тең болады.

  • ақырғы тұтыну шығындары – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындары, мемлекеттік басқару органдары мен жеке коммерциялық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары.

Макрожоспарлаудың мақсаты және қағидалары.

Макрожоспарлаудың (индикативті) мақсаттары:

  • ішкі және әлемдік нарық конъюктурасы туралы, мемлекеттің инвестиция немесе басқа да іс-шараларға бюджетті бөлу бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;

  • нарық субъектілеріне мемлекеттік бағдарламалардың негізін құрайтын көрсеткіштерді ұсыну;

  • тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияларды жетілдіруге, ҒТП-тің басқа да жетістіктерін пайдалануға бағыттау.

Дамудың индикативті жоспарын әзірлеу келесі негізгі қағидаларға сүйенеді:

  • жоспар ағымды дамудың стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттерін жүзеге асыруға бағытталады;

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету, жоспарлардың өндірістің жиынтық шығындарын үнемдеуге бағытталуы;

  • жоспарлаудың үздіксіздігі, яғни ұзақ, орта және ағымдағы жоспарлардың өзара үйлесімдігі;

  • жоспарлау иілімділігі және икемділігі, яғни ұдайы өндіріс жағдайларының өзгерісіне дер кезінде жауап беру;

  • халық шаруашылығының маңызды приоритеттерін бақылауды қамтамасыз ету;

  • жоспарлық шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізделуі.

Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау келесі элементтерден тұрады:

  • қоғамның әлеуметтік проблемаларын жоспарлау (әлеуметтік саясат, халықтың тұрмыс деңгейі, жұмыссыздық және еңбекпен қамту);

  • қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін жоспарлау (табиғатты пайдалану проблемалары, экологиялық саясат, табиғи орта мониторингі);

  • ҒТП пен қазіргі заманғы технологияны жоспарлау;

  • Ұлттық экономиканың қарқыны, пропорциялары мен құрылымын жоспарлау (қоғамның экономикалық әлеуеті, экономиканың құрылымы және даму тенденциялары, экономикалық өсу және т.б.).

Экономикалық әлеует дегеніміз қоғамның экономикалық күш-қуаты. Ол қоғамның экономика саласындағы материалдық және басқа да жасырын мүмкіндіктерін сипаттайды. Бұл күш –қуат, мүмкіндіктер қоғамға адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті игіліктерді өндіру үшін, шаруашылық әрекетін жүзеге асыру үшін қажет.

Экономикалық жүйенің қалыпты қызмет етуінің қажетті объективті шарты оның элементтерінің арасында сәйкестіктің болуы. Бұл сәйкестік өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар дамуының берілген деңгейінде қоғамдық өндірістің әртүрлі бөліктерінің арасындағы, сондай-ақ экономикалық жүйе мен оның жекелеген құраушыларының арасындағы ара қатынасты бейнелейді. Салыстырмалы тұрақты, орнықты, сандық тұрғыда анықталған арақатынастар пропорция деп аталады. Жоспарлау және болжау практикасы мен теориясында экономикадағы пропорциялардың бірнеше топтарын қарастырады: жалпы экономикалық; салааралық; салаішілік; өндірісішілік.

Пропорциялардың жиынтығы экономиканың құрылымын құрайды, ол қоғамның экономикалық жүйесінің ішкі құрылуын, құрамын, оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысын бейнелейді.

Макроэкономиканы стратегиялық жоспарлау методологиясы.

Макроэкономиканы стратегиялық жоспарлау әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу әдістерін кеңінен қолдануға негізделеді. Модельдеу алмастырушы объектілерді пайдалану арқылы тану әдісі болып табылады. Модель дегеніміз түпнұсқа – объектіні алмастыратын және оның маңызды сипаттары мен қасиеттерін белгілі бір деңгейдегі дәлдікпен бейнелейтін материалдық немесе ойдан құрастырылған объект болып табылады.

Бүгінде макроэкономикалық жоспарлауда қолданылатын барлық модельдерді заттық және ойша модельдер деп екіге бөлуімізге болады. Заттық модельдер өз кезегінде физикалық және заттық – математикалық болып бөлінеді. Ойша модельдердің негізгі түрі белгілік модельдер, соның ішінде логикалық – математикалық модельдер кеңінен қолданылады.

Экономикалық өсу қарқыны мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді болжауға қолданылатын модельдердің ішінде баланстық модельдер маңызды орын алады. Олар өзара тәуелді көрсеткіштердің байланыс мен өзара келісімділігін қамтамасыз ететін ерекше есептеулер мен кестелердің жиынтығы болып табылады. Баланстық модельдер экономикадағы диспропорцияларды анықтаудың, халық шаруашылығындағы пропорциялармен өсудің оптималды қарқынын анықтаудың, олардың жан-жақты ресурстық тұрғыда негіздеудің маңызды ьқұралы болып табылады.

Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын синтетикалық экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жиынтығын біріктіретін баланстық кестелердің жүйесі халық шаруашылығының балансы деп аталады.