
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының білім
- •Астана 2013
- •5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының студенттеріне арналған «Стратегиялық жоспарлау» модульі бойынша силлабус
- •2.Модульдің аты: «Страгегиялық жоспарлау» оның ішіндегі пәндер:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі
- •1. Стратегиялық басқарудың мәні және құрамдас бөліктері
- •2. Стратегиялық басқару қажеттілігі
- •1. Стратегиялық менеджмент түсінігі.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •1. Swot және pest талдаулар
- •2. Ішкі талдаудың мақсаты және түсінігі
- •3. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •2. Стратегиялық жоспарлау методологиясының принциптері
- •Стратегиялық жоспарлаудың әдістері :
- •Фирма стратегиясы және ұйымдастыру құрылымы
- •1. Стратегиялық өзгерістер
- •2. Стратегия және стратегиялық жоспарлау
- •1. Басқарушы мамандар персоналын қалыптастыруды ұйымдастыру
- •2. Басқару қызметкерлерін бағалау
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Бақылау тесттері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып - 8 (8-жұма) жаңа тауар өндіріп шгығару стратегиясы. Жарнама, жеке сату, тура маркетинг, паблик рилейшнз.
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •1 Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •2 Жаңа тауарды жасау процесін идеялар кезеңдері (сурет)
- •3 Жарнама, жеке сату, өткізуді ынталандыру, тура маркетинг, паблик рилейшнз
- •Мақсаттық белгілеуіне қарай:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 9 (9 жұма). Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары және маркетингтік жоспарларды әзірлеудің әдістері және мақсаттары, бағыттары, міндеттері
- •1 Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары
- •2 Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспары
- •5.Маркетингтік бақылау және оның түрлері
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 10 (10 жұма). Қазақстан республикасы спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Дене шынықтыру және спортпен айналысудың стратегиялық мүмкіндіктері
- •2 Қазақстандағы спорт және дене шынықтыру бойынша негізгі проблемаларды талдау және әсер етуші факторлар
- •3. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы
- •5 Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 11 (11 жұма). «қазақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту
- •2. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру стратегиясы
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 12 (12 жұма). Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған стратегия
- •2 Мемлекеттік мекемелерде Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегия
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 13 (13 жұма). Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 14 (14 жұма). Қазақстан республикасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 15 (15 жұма). Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау
- •2 Өнеркәсіп салаларын дамыту
- •3 Экономиканың энергияны өспелі қажетсінуін қамтамасыз ету
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •4. Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі Негізгі әдебиет
- •6.2 Қосымша әдебиет
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және тапсырмалар
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақтарды өткізу жоспары және дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар Тақырып 1 (1 жұма). Стратегиялық маркетинг туралы негізгі түсінік, маркетинг түрлері мен концепциясы
- •Тақырып 2 (2 жұма). Стратегиялық маркетингті жүргізудің негізгі әдістері және түрлері
- •Тақырып 3 (3 жұма) Стратегиялық маркетингтік ақпарат жүйесі және ақпарат жинау құралы
- •Тақырып 4 (4 жұма) Фирманың маркетингтік ортасы. Маркетингтік стратегия, жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 5 (5 жұма). Тауар нарығын зерттеу. Тауар қозғалысын және стратегиялық маркетингтік коммуникация
- •Тақырып 7 (7 жұма). Стратегиялық маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Тақырып - 8 (8-жұма) Жаңа тауар өндіріп шгығару стратегиясы. Жарнама, жеке сату, тура маркетинг, паблик рилейшнз.
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Тақырып 9 (9 жұма). Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары және маркетингтік жоспарларды әзірлеудің әдістері және мақсаттары, бағыттары, міндеттері
- •Тақырып 10 (10 жұма). Қазақстан республикасы спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 11 (11 жұма). Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 12 (12 жұма). Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 13 (13 жұма). Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 14 (14 жұма). Қазақстан республикасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 15 (15 жұма). Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •8. Аралық және соңғы бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылауға арналған материалдар
- •Аралық бақылау 2
- •8.2 Қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;
- •9.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
1. Стратегиялық менеджмент түсінігі.
Стратегия жалпы алғанда фирманың нарықтағы позициясын нығайтуға, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басқару жоспары болып табылады. Басқарушылар компанияның қай бағытта дамитынын анықтау үшін, оның әрекет етуі барысында негізделген дұрыс шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды. Басқару жоспары фирманың барлық негізгі қызметтері мен бөлімшелерін қамтиды: жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, мамандар, ғылыми зерттеулер және әзірлеулер, осылардың әрқайсысының фирма стратегиясында өз рөлі бар. Стратегиялық таңдау жасау дегеніміз бүкіл компания бойынша жинақталған бизнес – шешімдер мен бәсекеге қабілетті әрекеттерді бір ортақ жүеліге келтіру.
Стратегия әзірлеу менежменттің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Стратегиялық менежменттің бес міндеті:
әрекет ету сферасын айқындау және дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру:
стратегиялық мақсаттарды және соларға қол жеткізетін міндеттерді алға қою:
қойылған мақсаттармен өндірістік әрекет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған стратегияны қалыптастыру:
стратегиялық жоспарды жүзеге асыру:
әрекет нәтижелерін бағалау және қажет болған жағдайда стратегиялық жоспардың немесе оны жүзеге асыру әдістерін өзгерту.
Фирманың миссиясын анықтай отырып менеджер компанияның әрекет ету сферасын анықтайды. Менеджер фирманың немен айналысатынын, яғни әрекет ету сферасын стратегиялық тұрғыда ойластырып оның ұзақ мерзімді даму концепциясымен үйлестірілуі қажет.
Нақты мақсаттарды анықтау жалпы миссияны анықтаудан жетістікке қол жеткізуге көмектесетін жекелеген жұмыс жоспарларына көшуге көмектеседі. Жоспарланған мақсаттар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар күтілген нәтижеге тез арада қол жеткізуге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттар ұзақ мерзімді перспективада жұмыс көрсеткіштерін жақсарту және жағдайды нығайту үшін қазір не істеу қажеттілігін ойлануға мәжбүр етеді.
Мақсаттар қаржылық және стратегиялық болып екі типке бөлінеді. Қаржылық мақсаттар (пайда көлемі, инвестиция қайтарымы, нақтылы ақша ағымы, займдар мен дивиденттер мөлшері сияқты көрсеткіштердің артуы) міндетті себебі қаржы жетіспеген жағдайда компанияның өсуіне және өркендеуіне қажетті ресурстар болмай қалады. Стратегиялық мақсаттар (анағұрлым жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ету, нарықтағы үлесін арттыруға, өнімдермен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығындардың төмен деңгейіне қол жеткізу , фирманың репутациясын жақсарту) компанияның нарықтағы бәсекелік позицияларын нығайтуға бағытталған.
Мақсат – бұл күтілген нәтиже, ал стратегия – соған қол жеткізу. Стратегияны анықтау үшін фирманың ішкі жағдайын және сыртқы факторларын мұқият зерттеу қажет. Стратегия, әдетте, алдын-ала ойластырылған мақсатқа бағытталған әрекеттерден және күтпеген жағдайлар мен күшейген бәсекелестік күреске реакциядан тұрады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгеріп отырады, технологиялар саласындағы жаңалықтар, бәсекелестердің нарыққа жаңа тауарды сәтті шығаруы, жаңа мемлекеттік саясат немесе регломентация қандайда бір саладағы сатып алушылар мүдделерінің кеңеюі және т.с.с., яғни барлық стратегиялық әрекеттерді алдын-ала, ешбір өзгеріссіз болжау мүмкін емес.
Стратегияны жүзеге асыру үшін белгіленген мерзімде күтілген нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу қажеттілігін түсіну қажет және ол келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
стратегияның сәтті орындалуы үшін ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасау;
қаражатты тиімді орналастыру мақсатында бюджетті басқару;
стратегияның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету фирма саясатын анықтау;
қызметкерлерді тиімдірек жұмыс істеуі үшін ынталандыру;
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін компания ішінде қолайлы атмосфера жасау;
компания персоналына өздерінің стратегиялық рөлдерін күнделікті тиімді атқаруы үшін ішкі жағдайлар жасау;
алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен технологияларды қолдану;
стратегияның орындалу барысын жіті бағалайтын ішкі басшылықты қамтамасыз ету.
Ұзақ мерзімді бағыттар, компания әрекетінің бағыты өзгертуі, басқару міндеттері қайта қаралуы мүмкін. Даму бағытының өзгеруі, жаңа мақсаттар , нарықтағы ауытқулар, яғни ұйымның ішіндегі және сыртындағы жағдайлардың өзгеруі стратегияға түзетулер енгізуді талап етеді, сондықтан стратегиялық менеджмент – үнемі қозғалыстағы, үздіксіз үдеріс.
2.Экономиканы басқаруда стратегиялық көзқарастың артықшылықтары.
Басқаруда стратегиялық көзқарастың артықшылықтары:
бүкіл ұйымның стратегиясының «біз не істеуге тырысамыз және неге қол жеткіземіз» деген негізгі аспектісіне жұмыла бағытталуын қамтамасыз ету;
өзгерістер, жаңа мүмкіндіктер мен қауіпті тенденцияларға дер кезінде және тианақты жауап беру қажеттілігі;
қаржы салымдарының альтернативті варианттарын бағалау, персоналды кеңейту, яғни ресурстарды стратегиялық тұрғыда негізделген, тиімділігі жоғары жобаларға оңтайлы ауыстыру мүмкінділігі;
стратегиямен байланысты басқарудың барлық деңгейлеріндегі басқарушылар шешімдерін біріктіру мүмкіндігі;
белсенді басқаруға қолайлы және жағдайлар өзгерісіне самарқау жауап беруге әкеліп соғатын кері тенденцияларға қарсы орта жасау.
3. Стратегиялық жоспарлау оны жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде.
Стратегиялық жоспарлау экономиканың мақсаттары мен міндеттерін, кәсіпорынның потенциялды мүмкіндіктерін өзара үйлестіруді қарастыру мәселесін өзекті етеді.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару жүйесін, олардың бағыттары мен динамикасын реттеу, коммерциялық ұйымдардың қалыптиы қызмет етуін қамтамасыз етуде жоспарлаудың маңызы өте зор. Елдегі ұлттық экономиканың барлық денгейлерінде әзірленетін болжамдар, бағдарламалар, жоспарлар сәйкесбасқару субъектілерінің сайасатын жүзеге асырудың құралы болып табылады. Сондықтан да стратегиялық жоспарлау қоғаммен шаруашылық жүргізуші субъектілердің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша дәйекті, алдын ала ойластырылған, жан-жақты негізделген жұмысты орындауға мүмкіндік береді.
Жоспарлаудың қоғам өміріндегі және оның жекеленген салаларындағы рөлі оның басқару жүйесінде алатын орны мен анықталады.
Кез келген құбылыстың немесе процестің мәні оның функцияларынан көрініс табады. Басқарудың негізгі қызметтерінің мазмұнын талдай отырып, оның функциясының екі жақтылығы туралы қорытынды жасауға болады, яғни басқару шешімін даярлау және қабылдау басқару субъектісі алдына қойған мақсаттарды белгілеу, оларға қол жеткізуге көмектесетін іс-шараларды әзірлеу жөніндегі практикалық іс - әрекеттерді білдіреді. Мазмұны жөнінен осының өзі жоспарлау деп түсінуге болады.
1. Стратегиялық жоспарлаудың анықтамасы және процедуралары.
Стратегиялық жоспарлау басқару объектілерінің ұзақ мерзімді перспективада тиімді әрекет ету және сыртқы жағдайлардағы өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз ететін мақсаттарға бағытталған стратегиялық шешімді (болжаулар, бағдарлама жобалары, жоспарлар түрінде) әзірлеуден тұратын ғылыми және практикалық әрекеттің ерекше түрі болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың мазмұны оның процедураларын айқындайды: стратегиялық болжау, бағдарламалау (стратегиялық бағдарламалар жобасы), жобалау (экономиканың әр түрлі деңгейлеріндегі стратегиялық жоспарлардың жобасы).
Стратегиялық жоспарлау кезеңіндегі болжау жүйесінің моделі басқару объектілерінің ағымдағы жағдайы, олардың негізгі даму тенденцияларын, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін бағалау мәселесін шешеді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын дамуын анықтайтын маңызды элемент болып нормативті, сценарийлі және генетикалық болжамдардың бірлігі ретінде экономикалық болжам табылады.
Стратегиялық бағдарламалау – экономиканың белгілі бір салаларының және ұйымның әрекет ету бағыттарының даму стратегиясын әзірлеуге бағытталған экономикалық, өндірістік және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүйесі.
Стратегиялық бағдарламалаудың негізгі қызметтері:
жоспарлық есептеулердің мақсатқа бағыттылығын күшейту;
жекелеген белгілер емес, шешілетін проблема белгісі бойынша іс-шаралар кешенін қалыптастыру;
экономиканың даму қарқыны мен пропорцияларын өзгерту (құрымдылық ілгерлеуді қамтамасыз ету);
Мемлекеттік деңгейдегі мақсатты бағдарламалар көмегімен ұлттық экономиканың міндеттері шешіледі:
экономиканың даму мәселелері бойынша стратегиялық шешімдерді негіздеу;
перспективті даму мәселелерін шешуге қажетті ресурстарды шоғырландыру;
қойылған мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралардың тепе-теңдік деңгейін көтеру;
басқару субъектілерінің әрекеттерін өзара үйлестіру.
Стратегиялық бағдарламалар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі (1-кесте).
Жобалау – стратегиялық жоспарлаудың соңғы процедурасы. Оның міндеті барлық деңгейлермен уақыт горизонттарында стратегиялық жоспарлар жобасын әзірлеу. Стратегиялық жоспар жобасы басқару субъектілерінің стратегияны жүзеге асыруға бағытталған басқару шешімдерінің жобасы болып табылады.
2. Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми – теориялық негіздері.
Стратегиялық жоспар біртұтас басқару объектісін (кәсіпорын, аймақ, ел) ұзақ мерзімді перспективадағы жағдайы алдын ала ғылыми тұрғыда болжау болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау мынаған негізделеді.
экономика объектілерінің дамуын жобалау жүйесіне;
мерзімі, ресурстары, орындаушылары бойынша өзара келісілген іс- шаралар жүйесіне;
экономика саларын , өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларға.
Нарықты экономика жағдайында келесі ереже сақталуы тиіс: басқарылатын жүйе неғұрлым жоғары болған сайын стратегиялық жоспар жобаларында экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық , сыртқы экономикалық даму болжамдарының жүйесі соғұрлым жетілген, дамыған болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлардың маңызды ерекшеліктері:
басқару субъектілерінің саясатын жүзеге асыру құралы ретінде пайдаланады;
олардың даму мақсаттары мен бағыттарын анықтайды;
жалпы қоғам мен оның жекелеген бөлшектерінің әлеуметтік - экономикалық даму кезеңдерін анықтайды;
қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогресінің өлшемі, критериі ретінде әрекет етеді.
Жобалау процесінде келесі мәселелерді шешу үшін басқару объектілері дамудың әртүрлі варианттары қарастырылады:
сәйкес шаруашылық ситуация үшін оңтайлы стратегиялық жоспарлады таңдау;
нарық конъютурасындағы өзгерістерге сәйкес стратегиялық жоспар жобасының вариантын әзірлеу.
Қазақстанның өтпелі экономикасы жағдайында жоспарлардың әлеуметтік-экономикалық бағыты өзгерген:
жоспар әкімшілік бағындыру құралынан балансталған жоспарлау құралына айналады;
жоспарларды жобалаудың стратегиялық сипаты күшеюде (нарықтық экономика жағдайында микраэкономикалық жоспарлауда экономиканың құрылымдық өзгерістеріне баса назар аударылады);
стратегиялық жоспарлардың ғылыми негізделу деңгейі көтеріледі.
3. Стратегиялық жоспарлау теориясының зерттеу затты және оның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
Стратегиялық жоспарлау ғылымының пәні нарықтық экономиканың дамуын анықтайтын объективті заңдардың стратегиялық болжамын, бағдарлама жобаларын, жоспарларын әзірлеу , стратегиялық жоспарлаудың мәселелерін шешу методологиясы мен методикасын әзірлеу және жетілдіру және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі мүмкіндіктерді іс жүзіне асыруды зерттеу болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау теориясының зерттеу заты – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ұлттық экономиканың құрылымдық элементтерінің әрекеті, ұзақ және қысқа мерзімді перспектива тұрғысындағы елдің бүкіл ұлттық экономикасы.
Стратегиялық жоспарлау теориясында үш маңызды аспектті бөліп қарастырады:
Әлеуметтік-экономикалық, ол әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуын анықтайтын нақты заңдылықтарды зерттейді. Ол заңдылықтарды және оларға тән сандық тәуелділіктерді білу стратегиялық жоспарлауды, жобалар мен бағдарламаларды барлық деңгейлер мен уақыт горизонттарында ғылыми негіздеудің базасы болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау методологиясы, ол әлеуметтік-экономикалық процестерді ұғыну және алынған білімді аталған процестерді мемлекеттік реттеуде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекетін жоспарлауда қолдану құралы болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың үшінші аспекті – ұйымдастыру. Ол стратегиялық жоспарлау процесіне қатысатын органдар жүйесімен шешілетін мәселелерді аталған органдардың қызметтерімен, олардың жұмысын ұйымдастырумен, сондай-ақ стратегиялық жоспарлаудың ақырғы нәтижелеріне белгілі бір ұйымдастыру формасын берумен байланысты мәселелерді қамтиды.