Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

3 Дәріс конспектісі

1-ТАҚЫРЫП: СТРАТЕГИЯ, ЖӘНЕ ҰЙЫМДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГТІК ЖАСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Мақсаты: Стратегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.

1. Стратегиялық басқарудың мәні және құрамдас бөліктері

2. Стратегиялық басқару қажеттілігі

1. Нарықтық экономикаға көшу әртүрлі деңгейдегі басқару қызметкерлеріне талаптар мен көзқарастарды түбегейлі өзгертіп отыр. Барлық компаниялар қатаң бәсекелес күрес жүргізуде және тез өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуге назар аударып қоймай, сонымен қатар, сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге ілесіп отыруға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді стратегияны құру қажет.

Қошаған ортадағы өзгерістердің жиі болып тұруы, жаңа сұраныстардың пайда болуы және тұтынушылар позициясының өзгеруі, ресурстар үшін бәсекелестіктің өсуі, бизнестің интернационализациялануы, бизнес үшін жаңа күтпеген мүмкіндіктердің пайда болуы, ғылым мен техника саласындағы жеткен жетістіктер, ақпарат ағындарының дамуы, ақпараттарды тез арада таратуға және жаңа ақпараттарды қабылдауға үлкен мүмкіндіктер береді. Жаңа технологияларға оңай қол жеткізуі, адам ресурс рөлінің өзгеруі және басқа да бірқатар себептер мен өзгерістер стратегиялық басқарудың маңыздылығын арттыра түседі.

Фирмалар өздеріне стратегияны таңдау үшін, өз фирмасының жағдайын жан-жақты зерттейді. Әрбір фирма өз алдына ерекше, сондықтан стратегияны жасау және оны дайындау процесі де ерекше болып келеді, өйткені ол фирманың нарықтағы позициясына тікелей байланысты. Сонымен қатар оның өсу динамикасы, потенциалы, бәсекелес фирмаларының жүргізетін тәртібін, өндірілетін тауар немесе көрсетілетін қызметтердің мінездемесі, экономиканың ауқаты, әлеуметтік ортадағы және тағы басқа да көптеген факторларға байланысты.

Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық жоспарлау орын алады.

«Стратегия» ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында «генерал өнерін» береді.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімділікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.

Ресурстарды бөлу қызметібарлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз – стратегияны іс-жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.

Ұйымдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қорытындылай келе ұйымдардағы стратегияны анықтап көрейік.

2. Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия:

І. ӨНДІРІС:

Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?

Қор мөлшері қанша мерзімге алдын-ала есептелгені орынды?

Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?

Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келе ме?

Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс?

ІІ. ҚАРЖЫ:

Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?

Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?

Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?

Қаржы көздері, ресурстар ауқымы қандай?

ІІІ. МАРКЕТИНГ:

Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?

Өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?

Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?

Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?

Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?

IV. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?

Басшы қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар қандай?

Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мұқият орындала ма?

Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?

Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?

V. МӘДЕНИЕТ:

Әдет-ғұрып пен дәстүрді қолдауға қандай шаралар қажет?

Фирма беделін сақтап қалу жолдары қандай?

Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?

Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?

Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?

Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?

Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделе отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне осының барлығы стратегиялық жоспардың белгілерін анықтап береді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылдағаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, процедура және ереже арқылы жүзеге асырылады.

Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

Саясат – мақсатқа жетуді жеңілдеті үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.

Процедура – ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен альтернатива беріледі, ал бұл бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.

Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешу орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.

Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарғы ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайды орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады.