Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Глоссарий

Агенттер – сатушы мен сатып алушының мүддесін қолдайтын, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болатын делдалдар.

Айырбас – екі немесе одан да көп тараптардың қатысуын талап ететін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы баламалы (эквивалентті) түрде жүзеге асырылатын қоғамдық байланыс нысаны.

Акционерлік қоғам – капиталы, құрылтайшылар мен өз үлесін қосқан акционерлерден құралған заңды тұлға болып табылатын компания, өндірісті ұйымдастыру акцияларды сату арқылы құралған қаржы негізінде жүзеге асады.

Акция – дегеніміз, акционерлік қоғам шығарған АҚ мүшесіне, яғни акция иесіне қоғамды басқаруына құқық беретін және пайдадан дивидент алуға мүмкіндік беретін құнды қағаз. Акцияда көрсетілген ақша сомасы – акцияның номиналдық құнын көрсетеді, ал акцияның сату бағасы акция курсын көрсетеді.

Амортизациялық қор – негізгі қорларды ұлғайтуға арналған қаржылар.

Ассортиментік баға белгілеу стратегиясы – көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын (субститут) тауарларға қолданылатын стратегия.

Бағалық бәсеке - тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу.

Бағасыз бәсеке - тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын, және тағы басқа сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізетін бәсекелестік күрес.

Бақылау – таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.

Банкрот – арбитраж сотының шешімімен ұйым, қарыздары мен міндетті төлемдерін өтей алмауын мойындату.

Барлау (іздеу) зерттеулері- мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.

Бартер – бір тауарды екінші тауарға ақшасыз айырбастау.

Бастапқы ақпарат - нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат.

Бәсекеге қабілеттілік – тауардың нарық талабына , яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық, сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория.

Бизнес – нарықтық экономика жағдайында өнім өндіру немесе қызмет көрсету арқылы пайда табу жолындағы экономикалық іс-әрекеттер.

Бизнес жоспар – компанияның нақты мақсатын орындау жолында нақты шараларды жүзеге асыру үшін жұмсалатын шығындар, күтілетін табыс көлемін көрсететін кәсіпорын ісінің бағдарламасы.

Биржалық баға – биржалық сауда объектісі болып табылатын тауар бағасы.

Борышкер – келісім бойынша кредитордың мерзімінде орындалған, заң бойынша міндетті төлемін төлемеген заңды немесе жеке тұлға.

Бөлшек сауда - түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет.

Бренд - атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.

ВСG матрицасы - әрбір СББ-ң матрицадағы орны нарықтың өсу қарқыны және оған қатысты нарық үлесіне сәйкес анықталатын Бостон консалтинг тобы жасаған үлгі.

Демпинг – компанияның өз өнімін өзіндік құнынан да төмен бағамен немесе ішкі нарықтағы бағадан төмен сатуы.

Дистрибьюторлар – тауарды аз есебінен өз меншігіне сатып алып, оның бұзылуына, ескіруіне байланысты болатын тәуекелді өз мойнына жүктейтін тәуелсіз делдалдар.

Дифференцияция стратегиясы – бәсекелестер тауарларына қарағанда ерекше және өте жақсы сапасы бар тауарлар шығару.

Екінші ретті мәліметтер – маркетинг зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат.

Әлемдік бағалар – ірі экономикалық экспорт – импорт операциялары жүзеге асырылатын, әлемдік нарықта қолданылатын бағалар.

Әлеуметтік таптар - қоғам шеңберінде сатылық тәртіппен орналасқан, табысы, байлығы, білімі, тұрғылықты мекенінің көлемі мен орны, меншігі, айналысатын ісі арқылы анықталатын салыстырмалы тұрақты адам топтары.

Жағдайлық (ситуациялық) талдау – нарық ерекшелігі мен әлуеті, фирма бәсекелестері, өткен кездегі сатулары, мәселелері мен мүмкіндіктері, табысы, пайдасы, шығындары және т.б. зерттеліп, болжаулар жасалынатын маркетинг жоспарының бөлімі.

Жалға алу – затты белгілі бір уақытқа ақша төлеу арқылы пайдалану.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін - тұтынушыға жылжуына байланысты құрылатын арналар.

Жаңа енгізулер – фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.

Жаңа өнім - өнім модификациясы, жаңартпасы және жаңалық енгізу.

Жарғы – компанияның заңдылығын дәлелдейтін, оның іс - әрекеттерін сипаттайтын, мүшелерінің қарым – қатынасын реттейтін арнайы құжат.

Жарнама – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін , тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама жеткізушілері - жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы: баспасөз, теледидар, радио, кино жатады және т.б.

Жарнамалық сөз мәнері (слоганы), (жарнамалық ұран) – тауар сапасын , фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.

Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнаманы қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Жедел маркетинг – нақты нарықтық жағдайда фирманың тауар, баға, өткізу, коммуникация саясатын ұйымдастырып басқару.

Жеке меншік – сатуға, сыйлауға, жоюға құқығы бар заңды немесе жеке тұлғаның мүлкі.

Жеке сату – тауарды сату мақсатында тұтынушылармен жеке-дара байланыс, олармен кездесіп әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, ұсыну.

Жергілікті маркетинг – белгілі бір территориядағы жергілікті тұтынушы топтарға байланысты маркетингтік шараларды өткізу.

Жетілген диверсификация – фирманың коммерциялық және технологиялық жоспарларымен байланыспайтын қызметтің жаңа түрлерін меңгеруі.

Икемді сұраныс – тауар массасыныњ салыстырмалы µзгерісініњ баѓалардыњ салыстырмалы µзгерісінен кµп болуы.

Икемсіз сұраныс – баѓа µзгерген кезде с±раныстыњ іс ж‰зінде өзгеріссіз қалуы.

Инвестициялар – пайда табу жолында кәсіпорынға жаңа технологиялар енгізу, өндірісті өркендету үшін қаржы салу.

Инжиниринг – коммерциялық негізде әртүрлі инженерлік-консультациялық қызметтер ұсыну.

Инновация – қоғамның дамуына байланысты адамдардаң қажеттігін қанағаттандыру жолында жаңашылдықтар мен жаңа технологияларды енгізу.

Инновациялық тауар – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар.

Интегралды маркетингтік жүйе (ИМС) – компания мен оның тауарлары туралы тұтынушылардың сенімін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін коммуникация арналарының (жарнама өткізуді ынталандыру, дербес сату, РR) ж±мысын ж‰йелі т‰рде ‰йлестіру.

Инфрақұрылым - өндірісті, тұрғындарды қамтамасыз ету жолындағы шаруашылық салалар кешені – көлік, байланыс, сауда, ғылым, білім, денсаулық сақтау орындары.

Казуалды зерттеулер – себеп-салдар байланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.

Квота – жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында елге сырттан әкелінетін тауарлардың белгілі-бір түрлерін көлемдік шектеу.

Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.

Кәсіпорынның баға саясаты – пайданы көбейту жолында өнімдерге қолайлы баға белгілеу шаралар жиынтығы.

Коммивояжерлар – ұзақ сақталмайтын ,тез бұзылатын (ет, сүт, жеңіл тағамдар) тауарларды сатып , жылдам жеткізумен айналысатын сатушылар.

Компания – кәсіпкерлердің пайлық капиталы негізінде құрылған заңды тұлға.

Концерн - әртүрлі салалар бойынша жеке кәсіпорындардың патенттік –лицензиялық келісімдерін, қаржыларын біріктіріп, уақытша құрылған ұйым.

Көтерме сауда – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өңдеушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату.

Көтерме-брокерлер – тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайтын сатушы мен сатып алушыны кездестіретін делдалдар.

Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.

Қажеттілік – тұтынушының сатып алу қабілетін сипаттайтын, сонымен бірге олардың тауарға талғамы мен талабын білдіретін ұғым.

Қарама-қарсы сауда – ақшаның орнына тауарды тауарға тікелей немесе тікелей емес түрде айырбастайтын халықаралық сауда.

Қарқынды өткізу - өткізу нарығын кеңейту және оны қарқынды толтыру, жаппай өткізу, жоғары пайда табу мақсатымен арзан және жиі сатып алынатын өнімдерді (сүт өнімдері, конфеттер, нан, тағы басқалары) сатып өткізу.

Қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетингтұжырымдамасы – фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыруды сәйкестендіріп пайдалануды талап ететін тұжырымдама.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Лайкерт шкаласы – объектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін әдістеме.

Лизинг – қондырғылар мен машиналарды, көлік құралдарын, техниканы жалға беру негізіндегі ұзақ мерзімдік несие түрі.

Лицензия – заңды тұлғаға мемелекеттік органдардың белгілі бір жұмысты орындауға құқық беретін рұқсат қағазы.

Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және өзінің сауда құпияларын, ноу-хау тауар белгісін, патентін қолдануға беретін құқық.

Макромаркетинг – маркетинг жүйесінің қызметтерін, тауар нарығының дамуын, маркетинг инфрақұрылымын, әлеуметтік-этикалық аспектілерін, нарық сұранысын зерттеу, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өзара ықпалының маркетингтік мүмкіндіктерін анықтау.

Макроорта – фирманы қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және әлеуметтік-мәдени факторлар.

Макросегменттеу – тауарлар нарығын ұқсастығына байланысты саралау.

Маркетинг – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттаныру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріктірілген қызмет (автор анықтамасы) .

Маркетинг – тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі (Ф.Котлердің анықтамасы) .

Маркетинг бюджеті – фирманың табысының , шығынының және пайдасының жоспарлы мөлшері.

Маркетинг жоспары – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленетін жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы, нысандандырылған құжат.

Маркетингтік зерттеулер – басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, компанияның алдына қойған маркетингтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркетингтік зерттеулердің сандық әдістері – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізу.

Маркетингтік зерттеулердің сапалық әдістері – ақпаратты сапалы сипаттау және оны сандартты емес түрде жинау – бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б.

Маркетингтік коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Маркетингтік логистика – сұраныстарын неғұрлым тиімді қанағаттандыру мақсатымен өндіріс орнынан бастап тұтынушыларға жеткізумен аяқталатын материалдар мен дайын өнімнің заттай ағымын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Маркетингтік тұжырымдама - тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және қанағаттандыру арқылы компанияның өз мақсаттарнына жетуі.

Маркетингтің өндірістік тұжырымдамасы – жаппай өндіріс және жаппай тұтынуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге бағытталған, сұраныс ұсыныстан жоғары болған жағдайда қолданылатын тұжырымдама.

Маркетингтің тауарлық тұжырымдамасы – тауарды жетілдіру және оның сапасын жақсарту.

Мемлекеттік немесе жергілікті кәсіпорын – меншігіндегі мүлікке иелігі жоқ коммерциялық ұйым.

Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.

Ми шабуылы – мамандардың ұжымдық талқылауы негізінде творчестволық шешім қабылдау әдісі.

Микромаркетинг – компанияның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайда табуға бағытталған маркетингтік қызметі.

Микроорта – фирма қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер – тұтынушылар, бәсекелестер, жабдықтаушылар, маркетингтік делдалдар, байланыс аудиториялар.

Миссия – компанияның қайсібір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.

Монополист – белгілі бір тауарды өндіруші жалғыз ғана ұйым, бағаны өзі тағайындап, мемлекетке тиімсіз болып табылады.

Мультиұлттық маркетинг – мультиұлттық компаниялардың көптеген елдерге тауарларды экспортқа шығаруы және сол жерлерде жұмыс істеуі.

Нарық (маркетинг тұрғысынан) - нақты және әлуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.

Нарық потенциалы – тауар ассортименті бойынша барлық сұраныс немесе ұсыныспен анықталатын нақты нарықта тауар сатудың ең шекті көлемі.

Нарық сегменті – салыстырмалы түрде ұқсас белгілері бар және маркетингтің ынта оятар шаралары мен элементтері бірдей әсер ететін тауар тұтынушылар мен фирмалар тобы.

Нарыққа ену стратегиясы – нарық үлесін жаулап алу мақсатымен төмен баға тағайындау, тек сыйымдылығы және баға бойынша сұраныс икемділігі жоғары нарықта тиімді.

Нарықты сегменттеу – нарықты (тұтынушыларды) мінез-құлқы мен сипаттамасы және тұтыну өзгешеліктері негізінде топтарға бөлу.

Нарықтың «тауаша» - тауарды өндіру мен өткізудің мүмкіндіктерін және бәсекелестермен салыстырғанда фирма өзінің артықшылықтарын қамтмасыз ететін сегмент бөлігі.

Нарықтың мақсатты сегменті – фирманың тиімді маркетингтік қызметі үшін таңдалған бір немесе бірнеше сегменттер.

Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар.

Өзіндік өткізу – тікелей кәсіпорынға жататын өткізу органдары. Құқықтық тұрғыдан, олар дербес немесе дербес емес болуы мүмкін.

Өлшеу – зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау.

Өмір стилі - тұтынушының тұрақты әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.

Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тауар тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар - кеін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар: шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б.

Өнеркәсіптік маркетинг - өндірістік мақсатқа арналған тауарларды өндіруші кәсіпорындардың маркетингтік қызметі.

Өнімге (немесе маркаға) сұраныс - фирманың нарықтағы үлесіне сәйкес келетін, тауар нарығындағы сұраныс бөлігі.

Өтемақылық сауда – сатушы төлемнің бір бөлігін қолма-қол ақша, ал екінші бөлігін өнім түрінде алуы.

Өткізу - өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет жиынтығы, тауар меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру.

Өткізу арнасы - тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғаларжиынтығы.

Өткізу арнасының деңгейі – тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту тізбегіндегі қайсібір жұмысты орындайтын кез-келген делдал.

Өткізу немесе сауда тұжырымдамасы - өндірушілер және тұтынушылардың өз қызметін , маркетингтің барлық құралдарын тауар өткізуге және сатуға бейімделуі.

Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралар кешені.

Паблик рилейшнз (РR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты және оны қолдануға бағытталған, жоспарланатын шараларды құру.

Панельдік әдіс – бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау.

Персонал – ұйымдағы белгілі мамандықтары, кәсіби шеберлігі бойынша іріктелген ұйымның бір бөлігі немесе жалпы жұмысшылар құрамы.

Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен ( пікір сұраушылармен ) жеке байланыс әдісі.

Престижді бағалар стратегиясы – сапасына, ерекшелігіне, маркасына және беделіне көңіл аударатын сегменттерге тауарды жоғары бағамен сату.

Психологиялық тұрғыда баға тағайындау (маркетингтікнемесе дөңгелектенбеген бағалар) – бағаны психологиялық тұрғыдан қабылдау, дөңгелектенген бағадан сәл төмен бағамен белгіленеді.

Роялти – лицензианттың (лицензия алушының) лицензиарға (лицензия берушіге) есепті кезең аяқталған соң лицензиялық келісімнің мерзімі ішіндегі төлейтін төлемі.

Сала – кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс бағыты, технологиясы мен негізгі қорлары, жұмысшылардың кәсіби шеберлігі бойынша жалпы ортақ белгілерінің жиынтығы.

Салық – жеке немесе заңды тұлғадан, мемлекетке немесе муниципалды құрылымдар үшін алынатын міндетті төлем.

Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жтынтығы.

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.

СББ (СШБ) – компания шеңберінде тауардың ассортиментті тобына және оны өндіру мен өткізу бойынша барлық қызметтерді атқаруға толық жауап беретін дербес бөлімшелер.

Сегменттеу қағидалары (белгілері) – берілген сегментті нарықта айрықшалап, бөліп алу әдісі.

Селективті немесе іріктеп, таңдап (избирательный) өткізу – тауар ассортиментін арнайы таңдап алынған бірқатар бөлшек сауда дүкендерінде (белгілі өндірушілердің аяқ киімі, жиһаз, джинсилері) сату.

Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зертеулер.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.

Стратегиялық маркетинг – тұтынушылардың қажеттіліктерін талдау негзінде бар және әлуетті (потенциалды) нарықтарды айқындап, олардың тартымдылығын анықтау арқылы бәсеке қабілеттілігіне жету.

Стратегиялық одақтар (альянс) – шығындарды азайту және шетел нарықтарына енуді жеңілдету үшін жасалған ерекше жобаларды бірігіп жүзеге асыру туралы компаниялар арасындағы келісім.

Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік.

Сынау маркетингі - өнімді өткізіп көру және нақты даму жағдайларын бақылап отыру.

Сыртқары өткізу ұйымдары – тауарға меншік құқығы бар дербес көтерме және бөлшек кәсіпорындар, сататын тауарлардың меншікті иесі емес және коммерциялық тәуекелді кәсіпорындар, тауар қозғалысында белгілі бір қызметтер атқаратын тұлғалар және ұйымдар.

Таза табыс – кәсіпорынның пайдасының барлық шығындарын (салық, амортизация және т.б.) алып тастағандағы бөлігі.

Тауар – бұл адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім.

Тауар белгісі – заңдық тұрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, көлем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұым.

Тауар маркасы – сатып алушы танымындағы тауар бейнесімен ұштасқан тауар белгісін білдіретін ұғым.

Тауар номенклатурасы - нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлары мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарының жиынтығы.

Тауар номенклатурасының кеңдігі – фирма шығарған ассортименттік топтардың жалпы саны.

Тауар номенклатурасының тереңдігі - әр ассортиментті топ шегінде ұсынылған тауар нұсқалары.

Тауар номенклатурасының толыққандығы – барлық ассортиментті құрайтын жеке тауарлардың жалпы саны.

Тауарды нарықта позициялау – мақсатты тұтынушылар санасында бәсекелестер тауарына қарағанда өз тауарына ерекше орын табу, оны нарықта тиімді жайғастыру

Тауардың өмірлік циклы – идеяның пайда болуынан бастап, тауардың нарықтан шығарылғанға дейінгі уақыт аралығы.

Тәуекел – кәсіпорынның жұмысын орындау барысында мүмкін боларлық қиындықтар.

Турагент – бұл лицензия негізінде туроператорлар арқылы тұтынушыларға саяхат жұмыстары бойынша (құжаттарын реттеу, жол жүру билеттері мен қонақүйге алдын – ала тапсырыс беру) толық қызмет көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Туризм – жеке тұлғаға саяхат жасау мүмкіндігін беретін қызмет түрі.

Туристік индустрия – туристік қызмет көрсету кешені – қонақүйлер, көлік, ойын- сауық, мәдени орындар, сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары, гид – аудармашылар және демалысты ұйымдастырушылар.

Туристік инфрақұрылым – туристік қатынастар, жол торабы, байланыс, туристік ресурстар, сауда, тамақтандыру орындарының орналасуы, тұрмыстық қызмет, денсаулық, спорт ғимараттары, басқа да туристік индустрияның дамуын қамтамасыз ететін құралдар.

Туристік қызмет – туроператор мен турагенттердің саяхат жұмысы бойынша қажетті барлық іс- әрекеттердің орындалуы.

Туристік нарық – туристер үшін көтерме сауда арқылы туристік қызметтер мен тауарлар ұсыну.

Туроператор – адамдардың саяхат жасауына барлық мүмкіндіктерді ұйымдастыратын заңды тұлға.

Ұлттық экономика – белгілі бір елге тән қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде құрылған халықаралық ғылыми-техникалық қатынасты дамытуға арналған экономикалық қызметтер.

Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас түрі, әріптестердің екеуіне де тиімді қарым – қатынастар жүйесі.

Экскурсиялық қызмет – азаматтардың бір елде уақытша жүрген кезінде, туристік ресурстарды қолдана отырып, қызмет көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлғаның іс-әрекеті.

«General electric» матрицасы – тартымдылығы мен тиімділігіне орай өнімдер қоржынын бағалайтын стратегиялық жоспарлау.

«Бай-бек» - экспортқа зауыт , жабдықтар мен технологиялар шығару ал жарым-жартылай төлем ретінде экспортталған зауытта сол жабдықтармен өндірілген өнімді өзіне алып қалу.

«Дельфи» әдісі – болжамды дәлелді ету үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдіс.

«Қаймақ қалқып алу» стратегиясы – жаңа тауарларды жоғары бағамен сату.

635 әдісі – «Ми шабуылы» нұсқаларының бірі. Топтың 6 қатысушысына хат түрінде проблема баяндалып, олардың қайсысы 5 минут көлемінде оны шешу үшін ең аз дегенде үш ұсыныс жасап, шешімдерін келесі қатысушыларға беру.

SWOT- талдау – strengths - күшті жақтар, weakness-әлсіз жақтар, opportunities –мүмкіндіктер, threads – қауіптер) - фирманың бәсекелестеріне қарағандағы күшті және әлсіз жақтарын, сонымен қатар оның қызметіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау.