Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар

Қазақстан Рреспубликасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша жасалған Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және іске асыру шараларын қарастыру, ағымдағы жағдайды талдау отырып, негізгі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, еліміздің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін және халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуші факторларды анықтау.

Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестiктiң қазіргі жағдайы

  2. Қазақстан Рреспубликасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының стратгеиялық бағыттары.

  3. Атаған стратегиялық жоспардағы бәсекелестікті қорғау арқылы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің деңгейін арттыру мақсатының мақсатты индикаторларын, міндеттерін және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларды атаңыз.

  4. Атаған стратегиялық жоспардағы нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатының мақсатты индикаторларын, міндеттерін және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларды атаңыз.

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2012 ж.

  2. Қазақстан Рреспубликасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана – 2011 ж.

Тақырып 15 (15 жұма). Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мақсат: Жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал ететін жағдай жасау. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнім әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті тиімді ұлттық инновациялық жүйе; әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін техникалық реттеудің ұлттық жүйесі; отандық және шетелдік капиталды тартуға ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуал; электр энергетика ресурстарын өндірудің жедел қарқынымен қамтамасыз етілген экономикалық даму; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша ірі мақсатарға қол жеткізудің жолдарын қарастыру

  1. Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау

  2. Өнеркәсіп салаларын дамыту

  3. Экономиканың энергияны өспелі қажетсінуін қамтамасыз ету

  1. Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау

Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйелерді дамыту, индустриялық дамуды және техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету сияқты мақсаттарға қол жеткізумен негізделген.

Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005 – 2007 жылдар) Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопаркті, 11 отандық және шетелдік венчурлік қорларды қамтитын қаржы және инновациялық инфрақұрылым құрылды.

Жоспарланған кезеңде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында төрт өңірлік технопарк, технологияларды коммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті нарықтарға отандық инновациялық әзірлемелерді енгізу мен жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық міндеттерді шешуде өнеркәсіп кәсіпорындары қажеттіліктері мен отандық зерттеушілер енгізу үшін ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелердің деректер базасын құру және ұстау болып табылады.

Инновациялық инфрақұрылымның қосымша элементтері ретінде 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы, 2011-2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабы негізінде Мұнай-газ технологиялары орталығы құрылатын болады.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру экономиканы инновациялық дамытудың маңызды құрауышы болып табылады.

Қазақстанда шаруашылықтың барлық салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру қазіргі уақытта басым міндет болып табылады, оны шешу арқылы энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешені шешілетін болады.

Энергия тиімділігі негізгі қорларды жаңғырту, басқару сапасын және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды қамтуы тиіс. Осыған орай іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық сананы пайдалану, қызметтің жаңа маманданған түрі ретінде энергия тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.

Энергия үнемдеу технологиялары мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік секторына енгізу көптеген пайдаларды алуға кепілдік береді. Жүргізілген зерттеулер энергия үнемдеу технологияларына салынған қаражат бірнеше айдан бастап 5-7 жылға дейінгі мерзімде ақталатынын көрсетіп отыр. Жаңа өндіргіш қуаттарды іске қосу кезінде бұл 2-3 есе артық уақытты қажет етеді. Сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру Қазақстанға 2011-2015 жылдар кезеңінде 20-30 млн. тонна шартты отын болатын отын-энергетикалық ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кез келген өнім құнындағы үлкен энергетикалық құрауыш оның қымбаттауына және осының салдарынан бәсекеге қабілетсіздікке, экспорттық мүмкіндіктерді азайтуға, ал егер өнім ішкі нарықта сатылса – халықтың әл-ауқатын төмендетуге әкеледі.

Қазіргі кезде өнеркәсіптің барлық салаларында дерлік жабдықтарды жаңғыртудың үлкен қажеттілігі бар. Еліміздің энергия сыйымдылық бойынша өнеркәсіп секторы ЕО елдерінің осыған ұқсас көрсеткіштерінен бес есеге көп. Мемлекеттік мекемелердің басым бөлігі (мектептер, ауруханалар т.б.), сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары тиімсіз энергия жүйесімен жарақталған және жаңартуды талап етеді.

Министрлік «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеуді жүзеге асыруда.

Индустриялық дамуды инвестициялық қамтамасыз ету де елдің индустриялық-инновациялық дамуына айтарлықтай әсер етеді.