
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы
- •5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының білім
- •Астана 2013
- •5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының студенттеріне арналған «Стратегиялық жоспарлау» модульі бойынша силлабус
- •2.Модульдің аты: «Страгегиялық жоспарлау» оның ішіндегі пәндер:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі
- •1. Стратегиялық басқарудың мәні және құрамдас бөліктері
- •2. Стратегиялық басқару қажеттілігі
- •1. Стратегиялық менеджмент түсінігі.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •1. Swot және pest талдаулар
- •2. Ішкі талдаудың мақсаты және түсінігі
- •3. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •2. Стратегиялық жоспарлау методологиясының принциптері
- •Стратегиялық жоспарлаудың әдістері :
- •Фирма стратегиясы және ұйымдастыру құрылымы
- •1. Стратегиялық өзгерістер
- •2. Стратегия және стратегиялық жоспарлау
- •1. Басқарушы мамандар персоналын қалыптастыруды ұйымдастыру
- •2. Басқару қызметкерлерін бағалау
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Бақылау тесттері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып - 8 (8-жұма) жаңа тауар өндіріп шгығару стратегиясы. Жарнама, жеке сату, тура маркетинг, паблик рилейшнз.
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •1 Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •2 Жаңа тауарды жасау процесін идеялар кезеңдері (сурет)
- •3 Жарнама, жеке сату, өткізуді ынталандыру, тура маркетинг, паблик рилейшнз
- •Мақсаттық белгілеуіне қарай:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 9 (9 жұма). Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары және маркетингтік жоспарларды әзірлеудің әдістері және мақсаттары, бағыттары, міндеттері
- •1 Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары
- •2 Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспары
- •5.Маркетингтік бақылау және оның түрлері
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 10 (10 жұма). Қазақстан республикасы спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Дене шынықтыру және спортпен айналысудың стратегиялық мүмкіндіктері
- •2 Қазақстандағы спорт және дене шынықтыру бойынша негізгі проблемаларды талдау және әсер етуші факторлар
- •3. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы
- •5 Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 11 (11 жұма). «қазақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту
- •2. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру стратегиясы
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 12 (12 жұма). Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған стратегия
- •2 Мемлекеттік мекемелерде Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегия
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 13 (13 жұма). Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 14 (14 жұма). Қазақстан республикасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 15 (15 жұма). Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау
- •2 Өнеркәсіп салаларын дамыту
- •3 Экономиканың энергияны өспелі қажетсінуін қамтамасыз ету
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •4. Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі Негізгі әдебиет
- •6.2 Қосымша әдебиет
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және тапсырмалар
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақтарды өткізу жоспары және дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар Тақырып 1 (1 жұма). Стратегиялық маркетинг туралы негізгі түсінік, маркетинг түрлері мен концепциясы
- •Тақырып 2 (2 жұма). Стратегиялық маркетингті жүргізудің негізгі әдістері және түрлері
- •Тақырып 3 (3 жұма) Стратегиялық маркетингтік ақпарат жүйесі және ақпарат жинау құралы
- •Тақырып 4 (4 жұма) Фирманың маркетингтік ортасы. Маркетингтік стратегия, жоспарлау және бақылау
- •Тақырып 5 (5 жұма). Тауар нарығын зерттеу. Тауар қозғалысын және стратегиялық маркетингтік коммуникация
- •Тақырып 7 (7 жұма). Стратегиялық маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Тақырып - 8 (8-жұма) Жаңа тауар өндіріп шгығару стратегиясы. Жарнама, жеке сату, тура маркетинг, паблик рилейшнз.
- •Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
- •Тақырып 9 (9 жұма). Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары және маркетингтік жоспарларды әзірлеудің әдістері және мақсаттары, бағыттары, міндеттері
- •Тақырып 10 (10 жұма). Қазақстан республикасы спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 11 (11 жұма). Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 12 (12 жұма). Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 13 (13 жұма). Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 14 (14 жұма). Қазақстан республикасы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (монополияға қарсы агенттiк) 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •Тақырып 15 (15 жұма). Қазақстан республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
- •8. Аралық және соңғы бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылауға арналған материалдар
- •Аралық бақылау 2
- •8.2 Қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;
- •9.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Әдістемелік ұсыныстар
Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша жасалған Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және іске асыру шараларын қарастыру, ағымдағы жағдайды талдау отырып, негізгі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, экономиканың және халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуші факторларды анықтау.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2012 ж.
Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана – 2011 ж.
Тақырып 12 (12 жұма). Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мақсат. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекелі қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған стратегия
Мемлекеттік мекемелерде Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегия
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі және Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған стратегия
Ұлттық қор қаражатын 2006 жылдың ортасынан берi қолданылған ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды.
Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгенi құрады, оның 750,0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды.
Дүниежүзілік тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстанның экономика салаларындағы іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты 2009 жылы бюджет жүйесі табысының күрт төмендеуі байқалды. Егер 2008 жылы ЖІӨ 25,1% мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, 2009 жылы айтылған көрсеткіш 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкіметі мемлекеттік бюджеттің едәуір тапшылығына бюджет шығыстарын оңтайландыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру арқылы жол бермеді. Республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету жоспарлануда, яғни 2013 жылда ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға құру керек.
Мемлекеттік (үкіметтік) борыштың өсуі байқалады, себебі республикалық бюжетті тапшылықпен бірге қалыптастыруда болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік (үкіметтік) борыш қарыз алу есебінен курстық айырмасымен бірге қаржыландыру тапшылығы соммасы өсуде. Егер 2009 жылдың басында мемлекеттік (үкіметтік) борышқа қатысты ЖІӨ-ге шаққанда 6,4%, ал 2010 жылдың басында – 9,5 % құрды. 2010 жылдың аяғында мемлекеттік (үкіметтік) борыш 2 366 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 12,3% құрайды деп күтілуде.
Негізгі проблемалар. Республикалық бюджеттің теңгерімділігі және шығыстарының құрылымы, салықтар түсімдерінің және кедендік төлемдердің толықтылығы, салықтық және кедендік жүйені жақсарту, сондай-ақ үкіметтік борыштың мөлшерін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мәселелері өзекті болып қалуда.
Экономикалық ахуалдың нашарлауы немесе жақсаруы анықтаушы сыртқы фактор болып табылады, ол республикалық бюджетке түсетін түсімдердің деңгейіне, Ұлттық қордың мөлшеріне, қарыз алу мүмкіндігі мен жағдайына әсер етеді. Негізгі ішкі факторға сапалы жоспарлау мен республикалық бюджеттің орындалуы жатады.