Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

5.Маркетингтік бақылау және оның түрлері

Маркетинг мақсаттарына жету үшін кәсіпорынның маркетингтік бақылаудың үш негізгі типі бар, олар:

  1. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау;

  2. Пайдалылықты бақылау;

  3. Статегиялық бақылау.

1.Жылдық жоспардың орындалуын бақылау. Мұндай бақылауда нақты нәтижелер жылдық жоспармен салыстырылады, ауытқулар кездессе, түзетулер енгізіледі. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау маркетинг шығындарын сатумен салыстыруды қажет етеді. Бұл бақылаудың мақсаты – сату мақсатына жету ушін жоспарланған деңгейден артық қаражат жұмсалды ма, жоқ па, соны анықтау. Сонымен бірге тұтынушы мінез-құлқын бақылау арқылы сапалы мәліметтер алуға болады. Осындай мақсаттарға орай, тұтынушылардың, делдалдардың мінез-құлқын бақылау жүйесі жасалып, керекті кезде шаралар қолданылады.

2. Пайдалықты бақылау. Кәсіпорындар әр түрлі өнімдердің, сату аймақтарының, нарық сегменттері және тарату арналарының пайдалылығын анықтайтын зерттеулер жүргізеді.

3. Стратегиялық бақылау. Фирмалар белгілі бір уақыт аралығында жалпы маркетингтік шаралардың тиімділігін зерттеп тұруы қажет. Мұндай зерттеу жылдық жоспардың орындалуын және пайдалылықты бақылауға қарағанда кеңірек болып келеді.

Фирманың микро, макроортадағы өзгерістерді оның маркетингтік мақсаттары, стратегиялары және жүзеге асыру бағдармаларына түзету енгізуді талап етеді. Бұл бақылау түрі стратегиялық бақылау деп аталады. Ол аудит әдістерін пйдалану негізінде жүзеге асырылады. Маркетинг аудиті сртқы ортаны, маркетинг мақсаттары мен стратегияларын, ұйымның және оның жеке бөлімшелерінің маркетинг қызметі түрлерін жүйелі түрде, жан-жақты тәуелсіз тексеру болып табылады.

Маркетинг аудитінің - өзіндік аудит, сәйкес аудит, жоғарыдағы ұйым немесе бөлімдер жағынан аудит, тәуелсіз аудиторлық фирмамен жүргізілетін аудит және сыртқы аудит сияқты түрлері бар.

Сұрақтар:

  1. Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары

  2. Маркетингті стратегиялық жоспарлау

  3. Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспарлауы

  4. Компания және өнім маркетинг жоспарының құрылымы мен мазмұны

  5. Шығындар бойынша басымдық стратегиясы

  6. Саралау (дифференциация) стратегиясы.

  7. Шоғырлану стратегиясы.

Әдістемелік ұсыныстар

Оқыту әдісіекі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.

Әдебиеттер

  1. А.Б.Рахимбаев Маркетинг теориясы және практикасы: Оқу құралы. –Алматы: «Заң әдебиеті», 2009. -372 б.

  2. Ахметова Қ.Ә. Фирма маркетингі. Қарағанды -2002ж

  3. Годин А. М. Маркетинг. - М.; 2003

  4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2012 ж.

  5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана – 2012 ж.