Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
24.01.2020
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік құралы

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Туризм кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

___________________

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Б.А.Алибекова

___________________

_____________2013 ж.

5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының білім

алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

«СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ» модулі бойынша

(шифрі және модулдің атауы)

Пәндер: SMJ 2225 «Стратегиялық маркетингтік жоспарлау»

МUSMJ 2226 «Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық маркетингтік жоспарлауы»

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

Астана 2013

МАЗМҰНЫ

Бөлім аталуы

Бет

1

Силлабус

2

2

Глоссарий

9

3

Дәріс конспектісі

17

4

Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөзде тізімі

80

5

Бақылауға арналған сұрақтар және тапсырмалар

82

6

Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар

85

7

Семинар (практикалық) сабақтарды өткізу жоспары және дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

88

8

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар

94

9

Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары

116

  1. 5В050800 - «Есеп, аудит және талдау» мамандығының студенттеріне арналған «Стратегиялық жоспарлау» модульі бойынша силлабус

1. Женисхан Дарима, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының доценті экономика ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Инновациялық экономика. Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын инновациялық негізде дамыту тетіктері. Мемлекеттің экономикалық саясаты. ҚР индустриялық-инновациялық дамуы. ҚР инвестициялық климат.

Ғылыми мектеп: Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университеті.

Қосымша ақпарат: «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебінің арнайы сертифкаты /2010ж/.

Байланыс телефоны: 35-74-23 (ішкі. 32229);

2.Модульдің аты: «Страгегиялық жоспарлау» оның ішіндегі пәндер:

Кредит мөлшері: SMJ 2225 «Стратегиялық маркетингтік жоспарлау»

MUSMJ 2226 «Мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маркетингтік жоспарлауы».

3.Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: 4 семестр, 2 курс. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.

4.Оқу пәнінің пререквизиттері: «Стратегиялық маркетингтік жоспарлау» курсының алдындағы методологиялық және теориялық негіздері болып саналатын пәндер – «Экономикалық теория», «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі», «Маркетинг негіздері», «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп».

Оқу пәнінің постреквизиттері: Кәсіпорынның болашақ даму мүмкіндіктерін анықтау мен жобалаудағы басым бағыттарды айқындауда «Стратегиялық маркетингті жоспарлау» пәні басқа да пәндермен тығыз байланысты болып табылады. Олар: «Бизнес жоспарлау», «Кәсіпорын экономикасы», «Әлеуметтік – экономикалық статистика», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті», «Бағаның құрылуы» Сонымен қатар бұл пән жергілікті, аймақтық, республикалық деңгей мен жоба деңгейіне сай бизнесін дамыту стратегиясын дайындау қабілеттілігі; кәсіпорын қызметінде талдау, құру және шешімдерді іздеу әдістерін қолдануға дайын болуы; туризм индустриясындағы үрдістер тиімділігін бағалау мен бақылау қабілеттілігі; туризм индустриясындағы инновациялық-технологиялық тәуекелділікті бағалау қабілеттілігі; туризм индустриясындағы заманауи стандарттау жүйесін енгізу қабілеттілігін арттыру үшін маңызды болып табылады.