Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.экон.черновой.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Төртінші сабақ Экономика деген не?

Экономика деген термин көне грек тіліндегі «ойкос» – үй, шаруашылық, «номас» – ереже, заң деген сөздердің бірігуінен шыққан. Бұл сөз «үй шаруашылығын басқару өнері» деген мағынаны білдірген. Ең қарапайым сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз өз тұрмысымызды басқару, өміріміздің материалдық және материалдық емес сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасайтын іс-әрекетіміз. Яғни, сіз өмірге келгеннен бастап экономиканың дәмін тата бастайсыз. Есейе бастағанда ата-анаң бір нәрсені үнемдеп ұста, ұқыпты бол дегенді жиі айтады. Ал ұқыптылық пен үнемшілдік экономиканың жаны болып табылады. Ер жетіп, үйленген кезде кішкентай мемлекеттің қожайыны боласың. Осы кішкентай мемлекеттің шаруашылығын басқарудың өзі – үлкен өнер. Жеке шаруашылығыңды ұйымдастыру деген ақшаңды, меншігіңді басқару қабілетіңмен ғана шектелмейді. Өзіңнің уақытың мен күш-қуатыңды дұрыс жұмсай білу де экономикалық біліміңнің жоғары екендігін көрсетеді.

Қазіргі кезде экономика дегеніміз адамдардың және қоғамдық топтардың өндіріс үдерісіндегі мінез-құлқын зерттейтін қоғамдық ғылым.

4.1. Жаңа сөздермен танысыңыздар және жаттап алыңыздар.

шаруашылық – хозяйство

бірігуі – слияние

қарапайым – простой, обычный

тұрмыс – быть

сұраныс, сұраным – спрос

қанағаттандыру – удовлетворить

іс-әрекет – действие

дәмін тату – пробовать

есею – подрастать

үнемдеу – экономить, беречь

ұқыпты болу – быть аккуратным

ұқыптылық – аккуратность

үнемшілдік – экономичность

ер жету – повзрослеть

жеке – личный, частный

ұйымдастыру – организовать

меншік – собственность

қабілет – способность, дар

шектелу – ограничивать

күш-қуат – сила, энергия

дұрыс жұмсау – рационально

использовать

қоғамдық топтар – общественные

группы

өндіріс үдерісіндегі – в процессе

производства

мінез-құлық – характер, поведение

зерттеу – исследовать

4.2. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Сөздердің бірігуінен шыққан, үй шаруашылығын басқару, мағынаны білдіреді, ең қарапайым сөзбен, өз тұрмысымызды басқару, өміріміздің игілігі, игілігін қанағаттандыру, өмірге келгеннен бастап, экономиканың дәмін тату, ата-анаң жиі айтады, бір нәрсені үнемдеп ұста, экономиканың жаны болып табылады, үйленген кезде, кішкентай мемлекеттің қожайыны, басқарудың өзі үлкен өнер, меншігіңді басқару қабілетің, дұрыс жұмсай білу, экономикалық білім, жоғары екендігін көрсетеді, өндіріс үдерісіндегі мінез-құлқы, қоғамдық ғылым.

4.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

Грамматика!

Күрделі етістіктер состоит из двух или более компонентов, основного (негізгі етістік) и вспомогательных (көмекші етістік) глаголов. Основной глагол имеет форму деепричастия или причастия. Количество вспомогательных глаголов может достигать до четырех: айтып қоя жаздаған едім, сұрай берген екен т.п. В этом случае вспомогательные глаголы принимают суффиксы деепричастия –ып, -іп, -п и –а, -е, -й. А личные окончания глагола присоединяются к основе последнего вспомогательного глагола. (Кестені қараңыз).

Жұрнақтар

Етістіктер

Көсемше

Есім-ше

жіктік жалғау

Мысалы

ып, -іп, -п

а, -е, -й.

-ған,

-ген,

-қан,

-кен

Екі етістіктен

+

Айтып тұрмын, келіп жатыр, сұрап қойдық

+

Айта салдым, бере қойды

Үш етістіктен

+

+

Айтып қоя салды

Төрт етістіктен

+

+

+

Кешігіп қала жаздаған едім

4.4. Берілген етістіктерден күрделі етістік жасаңыздар және аударыңыздар. Үлгі: өндіріліп жатыр – производится – продолжение действия (істің жалғасуы) т.б.

Өндірілу, жатыр; қызмет көрсету, жіберу; жасау, көру; ықпал ету, беру; пайдалану, білу; ойластыру, бастау; жоспарлау, көру; жауап іздеу, бастау.

Грамматика!

В казахском языке имеется еще один способ глаголных образований, так называемый – құранды етістік (составные глаголы); суть его заключается в сочетании имени существительного, прилагательного, наречии, междометии, звукоподрожательного слова с глаголом. В таких составных глаголах вспомогательные глаголы частично теряют свое лексическое значения и становится выразителем абстарктного действия. В качестве таких вспомогательных глаголов чаще всего выступают следующие глаголы:

  1. салу (класть) – ән салу, көз салу, сурет салу, құлақ салу, жан салу;

  • болу (быть) – сау болу, аман болу, үлкен болу, қолды болу, алаң болу, құмар болу, құштар болу, ыза болу, ие болу;

  • істеу (делать) – жұмыс істеу, қайыр істеу, жақсылық істеу;

  • беру (дать) – сөз беру, уәде беру, сәлем беру, кеңес беру, күн бермеу, қылаң беру, жүрегін беру, жәрдем беру, сәтін беру (салу), қуат беру;

  • бөлу (разделить) – көңіл бөлу, сөз бөлу, ой бөлу; уақыт бөлу;

  • шығу (выйти)– тұрмысқа шығу, көзі шығу, есінен шығу;

  • кіру (входить) – есіне кіру (есіне түсу), ақыл кіру; саңылау кіру;

  • қарау, көру (смотрить) – жерге қарау, көкке қарау, жақсы көру т.б.

  1. ету, қылу – сарт ету, қонақ ету (қылу), ермек ету (қылу), қызмет

ету (қылу), күрс еткізу, селк ету, әбігер қылу (ету), ойран қылу (ету), арман ету (қылу), адам қылу (ету), еңбек ету, қанағат қылу т.б.

    1. Берілген етістіктермен тіркестіріп, күрделі және құранды

етістіктер жазыңыздар, аударыңыздар (қараңыз: қосымша №1).

Ойлай жаздау, біту, түсу, салу, беру, жөнелу, бастау, көтеру, алу, қою.

Оқып біту, алу, бастау, жасау, шығу, көру, сұрау, есту, тұру, жату, жаздау.

Бас – қатыру, қылу, айналу, жазу, біту, ию, бұру, көтеру, салу, тану, ету, деу.

Беріп – тастау, жіберу, жасау, қою, келу, салу, біту, емес, жөнелу, көру, алу.

Пайда – болу, қылу, кету, шығару, көру, ету, табу, көтеру, қою, әкелу, айту.

    1. «Өндіру, жоспар құру, қызмет ету» деген етістіктерді

пайдаланып, күрделі етістіктер жазыңыздар, 6 сөз тіркесін құрастырыңыздар.

Үлгі: 1) өндіре беру, өндіріп жатыр; жоспар құра білу, жоспар құрып болу; қызмет етіп көру, қызмет ете білу; 2) өнім өндіре білу, тауар өндіріп жатыр т.б.

ө ндір... беру

ж оспар құр... білу

қ ызмет ет... көру

    1. Сөйлемдерді аударыңыздар, етістіктерге назар аударыңыздар.

  1. Проснуться с утра яблоки помогают лучше чем кофе. 2. У Мэрилин

Монро на ногах было по шесть пальцев. 3. Уолт Дисней, создатель Микки Мауса, боялся мышей. 4. Женщины, в среднем, моргают вдвое чаще мужчин. 5. Улитки могуть спать до трех лет. 6. Зажигалка была изобретена раньше спичек.