Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.экон.черновой.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тоғызыншы сабақ Ақшаның пайда болуы

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар дегеніміз сату мен айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, яғни зат. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады. Өйткені ол – адам еңбегінің өнімі. Ақша қоғамдық құбылыс болып табылады.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақша формасын әр түрлі заттар атқарды. Ең алғашқы айырбас құралын жылқы, сиыр, қой, түйе, тундрада бұғы атқарды. Латынның «пекуния, пекус», үнділердің «рупа, рупия» (ақша) сөздері «мал» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болды. Мысалы, Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдар (1 құл ═ 3 сиыр, 6 бұзау, 12 қой); Солтүстік Сібір, Солтүстік Америка, Тибет, Моңғолия, Памир аудандарында және ежелгі Русьте айырбас үшін жүн «ақшалар»; теңіз жағасын мекендеген тайпалар бақалшақтарды (ең арзаны – қара, ақ түсті, ең қымбаты – қызыл түсті); сондай-ақ, зәйтүн майы, күріш, кофе, құйма түріндегі тұздарды тауар айналысының құралы ретінде керектенген.

Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада, Қытайда, Римде темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайда болды. Бірақ ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақша күрек, таға, шеге, шынжыр формаларында; мыс ақша қазандық, құмыра, қалқан түрінде; күміс және алтын ақша жүзік, сырға, білезік түрінде қолданылған. Қазақ елінде күміс ақшаның «қой тұяқ», «тай тұяқ» деген формалары болған. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Металл ақшалардың кең таралуы ақшаның салмақтық жүйесі деген ұғымды қалыптастыруға септігін тигізді.

Б.э. ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады. Алғашқыда белгілі массасы бар, әр түрлі формадағы металл ақшалар болды. Кейіннен әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар монеталар пайда болды. Монеталардың пайда болуы – ақша тарихының соңғы кезеңі болып табылады.

    1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

ежелгі – древний

шарт – условие

айырбастау – обменивать, обмен

құрал – средство

бұғы – олень

мағына – смысл, значение

құл – раб

жүн – шерсть

бақалшақ – раковин

зәйтүн майы – оливковое масло

күріш – рис

құйма – отливка, слиток

тай – стригунок (годовалый жеребенок)

уыс – горсть, кулак, пригоршня

шеге – гвоздь

шынжыр – цепь

қазандық – котлован

құмыра – ваза

қалқан – щить, остов (чего-л.)

тұяқ – копыто

салмақ – вес

ұғым – понятие

септігін тигізу – способствовать

біркелкі – однородный

    1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Алғашқы кезде ақшаның қызметін не атқарды?

2. Айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі не деп аталады?

3. Ақшаның көмегімен нені өлшеуге болады?

4. Әр түрлі заттар қашан ақша формасының қызметін атқарды?

5. Ең алғашқы айырбас құралын қайда бұғы атқарды?

6. Ақша тарихындағы қандай экзотикалық ақшаларды білесіздер?

7. Құлдарды ақша ретінде кім пайдаланды?

8. Бақалшақ ақшаның ең қымбаты қандай түсті болды?

9. Металл ақшалар ең алғаш қай елдерде қолданыла бастады?

10. Темір ақшалардың қандай формалары болды?

11. «Бір уыс шеге» деген мағынаны білдіретін ақша қай елдікі?

12. Қазақ елінде металл ақшаның қандай түрі болған?

    1. Мәтіннен бастауыш пен баяндауыш қатынастағы сөздерді (сөйлемнің негізін) тауып жазыңыздар, сөз табын анықтаңыздар.

Үлгі: ақша пайда болды (зат есім+құранды етістік) т.б.

    1. Дұрыс жауапты таңдап алыңыздар; өз пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

Робинзон Крузоға ақша керек болды ма?

  • Иә, керек болды, өйткені ақша оның аралда өмір сүруі үшін керек.

  • Жоқ керек емес, өйткені ақша – қоғамдық құбылыс.

Ғалымдар жасанды алтынды ойлап тапты ма?

  • Иә, ойлап тапты.

  • Жоқ алхимиктер босқа әуре болды.

Ақшаны жою мүмкін бе?

  • Иә, «ақша жойылса, адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері жоғалар еді».

  • Жоқ, ақша тауарға байланысты болғандықтан, дами отырып, қоғамның қажеттілігін атқара береді.

Грамматика!

Өткен шақ (прошедшее время) в казахском языке прошедшее время глагола имеет 3 формы: бұрынғы өткен шақ (давнопрошедшее время), жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время), ауыспалы или дағдылы өткен шақ (переходно прошедшее время).

Бұрынғы өткен шақ в казахском языке, обозначающее действие, завершившееся в прошлом, или до начало другого действия в прошлом, образуется двумя способами:

  1. путем прибавления к корню или основе глагола суффиксов причастия прошедшего времени –қан, -кен, -ған, -ген, а затем личных окончаний глагола;

  2. путем прибавления к корню или основе глагола суффиксов деепричастия –ып, іп, -п, а затем личных окончаний глагола.

Между двумя формами давнопрошедшего времени имеются смысловые различия: первая форма давнопрошедшего времени обозначает действие, очевидцем которого был сам говорящий. Мысалы: Мен оны көр+ген+мін. (Я его видел (когда-то давно) Вторая форма обозначает действие, очевидцем которого сам говорящий не был или в достоверности которого он не уверен, а о действии узнал от других лиц или других источников. Мысалы: Мен оны көр+іп+пін. (Я его, оказывается видел)

Отрицательная форма давнопрошедшего времени образуется двумя способами:

  1. после суффиксов -ған, -ген, -қан, -кен следует слова жоқ, емес, которые пишутся раздельно. При этом личные окончания глаголов присоединяются к отрицаниям жоқ, емес. Мысалы: Мен жазған жоқпын, жазған емеспін.

  2. при помощи отрицательных суффиксов -ма, -ме, -ба, -бе, -па, пе, которые присоединяются к корню глагола. При этом прибавляется только суффикс –п, т.к. основа оканчивается на гласный, а затем следует личные окончания глагола.

Есте сақтаңыздар!

БӨШ═ ЕТІСТІК+ған4+ж.ж.

ББӨШ═ЕТІСТІК+ ған4 жоқ (емес) + ж.ж

БӨШ═ЕТІСТІК+ып3+ж.ж.

ББӨШ═ЕТІСТІК+ма6+п+ж.ж.

    1. Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақта (болымды, болымсыз түрде) жіктеңіздер.

Пайдалану, шығу, айырбастау, көз жеткізу, өлшеу, қызмет атқару, керектену, жою, қалыптастыру, ақыл беру, оқу, сұрақ беру, кезігу, қостау.

    1. Формулаға сәйкес келетін етістік жазыңыздар.

  1. -ған+Іжақ, жекеше; -ған+ІІ жақ жекеше; -ген І жақ көпше; -қан ІІ жақ жекеше; -кен ІІІ жақ жекеше; -ған емес+ Іжақ жекеше, -кен жоқ ІІ жақ көпше.

  2. -ып+ІІ жақ, көпше; -іп І жақ жекеше; -п+ІІІ жақ, -ма+п+І жақ, жекеше; -ме+п+І жақ көпше; -бе+п+ІІ жақ жекеше, -ба+п+ІІІжақ;

Грамматика!

Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время) обозначает действие, которое произошло в прошлом. Оно образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов –ды/ді, -ты/ті и личных окончаний (имеет особую форму) соответствующего лица.

1. утвердительная форма:

Жақ

Жекеше

Көпше

Мысалы

І жақ

-м

-қ, -к

кел+ді+м, айт+ты+қ

ІІ жақ

-ң

-ңдар, -ңдер

Кел+ді+ңдер, айт+ты+ңдар

ІІ сыпайы

-ңыз/ -ңіз

-ңыздар, -ңіздер

Кел+ді+ңіздер, айт+ты+ңыздар

ІІІ жақ

не имеет окончаний

кел+ді, айт+ты

2. Отрицательная форма жедел өткен шақ образуется при помощи аффиксов отрицания которые присоединяются к основе глагола, после чего следуют суффиксы – ды/діи личные окончания. Мысалы: Мен көр+ме+ді+м, жаз+ба+ды+м, қайт+па+ды+м т.б.

    1. Етістікті жедел өткен шақта (болымды,болымсыз) жіктеңіздер.

Болу, тұру, оқу, көшіріп жазу, жату, ашу, жабу, сөйлеу, сөйлесу, сөз беру, әкелу, апару, білу, таныс болу, танысу, сәлемдесу, жұмыстау, қайталау, жүзу, тыңдау, құлақ қою, түсінік беру, түсіну, жүру, барып жүру, таңдау, жар таңдау, күлу, сенім арту, билеу, құлай жаздау, тарау, ескерту, тоңу, жаттау.

    1. Нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдігін қойыңыздар және етістікті болымсыз түрде қолданыңыздар.

...тұрдым, ...аштыңыз, ...қайталадық, ...тыңдадың, ...сәлемдесті, ... апардыңдар, ...білдіңіздер, ...танысты, ...жаздық, ...сәлемдестім, ...сөйлестің, ...қайталадыңыздар, ...жұмыс істедік, ...үйленді, ...отырдың, ...түсіндіңіздер;

    1. Сұрақтарға болымды және болымсыз түрде жауап беріңіздер.

Сабақ оқыдыңдар ма? Сіздер таныстыңыздар ма? Олар сәлемдесті ме? Бүгін сабаққа кешіктің бе? Досыңнан хат алдың ба? Қазақ тілін үйрендіңіздер ме? Кітапханада болдың ба? Тапсырма орындадыңдар ма? Ол ережені жаттады ма? Сендер кешке қыдырдыңдар ма?

Есте сақтаңыздар!

ЖӨШ═ЕТІСТІК+ды4+ж.ж.*

БЖӨШ═ЕТІСТІК+па6+ды2+ж.ж.*

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім.

Абай

    1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

    2. Өлеңнен «табыс септігі мен етістік» қатынасындағы сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

Үлгі: ғылым бар деп (нені?) ескермедім т.б.

    1. Төмендегі етістіктердің антонимдерін жазыңыздар.

Ескермеу, уысқа түспеу, ер жету, дөп сермеу, жек көрмеу, қызмет қылу, шен алу, дес бермеу, еңбегін білу, тыныш жүру, теріс көрмеу, төске өрлеу.

Грамматика!

Дағдылы (ауыспалы) өткен шақ обозначает длительное, повторяющееся или привычное действие в прошлом, образуется при помощи суффиксов –атын, -етін, -йтын, -йтін и личных окончаний. Мысалы: мен айт+атын+мын, ол сөз бер+етін, біз ойна+йтын+быз, сен шы(қ)ғ+атын+сың.

Отрицательная форма образуется при помощи отрицательных суффиксов –ма/ме, -ба/бе, -па/пе и суффиксы –йтын, -йтін и жіктік жалғау. Мыс.: мен айт+па+йтын+мын, ол сөз бер+ме+йтін, сен шық+па+йтын+сың.

Есте сақтаңыздар!

ДӨШ═ЕТІСТІК+атын4+ж.ж.

БДӨШ═ЕТІСТІК+ма6+йтын2+ж.ж.

    1. Қазіргі кездегі қосымша ақша табудың ең тиімді жолдары төменде көрсетілген. Қазақ тілінде уәж білдіріңіздер. Жауаптарыңызды үш шақтың бірінде қолданыңыздар.

Үлгі: Иә. Мен машинаммен ақша тауып көрдім. Айына 30 мың теңге таптым.

Жазда машинаммен ақша таппақпын. Машинаммен ақша тауып жүрмін т.б.

І доход. Если у Вас есть машина, то можно брать по дороге попутчиков. За месяц ваш дополнительный доход может составить порядка 60 тыс. тенге.

ІІ доход. Самый популярный вид дополнительного заработка для женщин – это продажа косметических средств.

ІІІ доход.Вы можете превратить свою специальность висточник дополнительного дохода: учителя дают частные уроки; инженеры могут подготовить различные проекты; юристы могут проконсультировать и т.п.

IV доход.Сдача квартиры в аренду, сейчас можно сдавать в аренду даже 1 комнату.

V доход. Если вы хорошо владеете каким-либо иностранным языком, то можно подзаработать на переводах.

VІ доход. Вы можете «капитализовать» свое хобби (изготовленные вами бижутерия, мыло, свечки, изделя из войлока): хэнд-мейд ценится во всем мире, ведь вещи ручной работы имеют намного больше ценности.

VІІ доход. Многие компании хотят видеть в своих рекламных роликахне супер-моделей, а обычных людей. Поэтому у Вас есть хорошая возможность участвовать в массовке и заработать как минимум 100 долларов.

VІІІ доход. Промоутеры – одна из самых востребованных работ. Обычно промоутеры работают в магазинах и предлагают покупателям попробовать новый сок, чай или йогурт и т.п.

ІХ доход. Если у вас дома есть принтер, сканнер или копировальный аппарат, то небольшой доход будет вам обеспечен.

    1. Берілген етістіктердің жағына, шағына қарай топтап жазыңыз.

Тексеремін, ойнаптық, көрсетіңдер, жапсырды, қараймыз, бардың, қосарсыз, кездесерміз, секіріп жатыр, жүгірген, тіккенбіз, көндірдің, сенгенсің, тоңдың, айтатынбыз, жүгіріппіз, құрайтынсыздар, толтырмақсың, қашыпты, себеміз, бастым, жапқанбыз, айтыппыз, көрмедім, жазбағансың, айта алмаймын, саттыңдар, сенбепті, көтермепсіңдер, сұрайтынсыз, жасадыңыз, қалыппын, беретінсің, көреді, ақыл айтқансыз, айтпақпыз, еске түсірерсіз, жәрдемдестік, ұсынбақпыз, дәмін татқан, пайда таптым, бағалады.