
- •Бірінші сабақ Қазақстан экономикасы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері
- •Екінші сабақ Қазақстан Республикасының Әнұраны
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақ тіліндегі жалғаулар жүйесі
- •Үшінші сабақ Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
- •Экономика кафедрасы
- •Төртінші сабақ Экономика деген не?
- •«Экономика байлыққа баратын жолды көрсетеді»!
- •Ең үлкен байлық
- •Экономиканың негізгі сұрақтары
- •Ғылым таппай мақтанба
- •Жетінші сабақ Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы
- •7.2. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
- •Сегізінші сабақ Есептік жүйенің даму тарихы
- •Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері
- •8.4. Төмендегі шағын мәтіннен Лука Пачолидің еңбегінің маңызы туралы айтылған сөйлемді тауып, диаграммаға орналастырыңыздар.
- •Тоғызыншы сабақ Ақшаның пайда болуы
- •Оныншы сабақ Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
- •Он бірінші сабақ Қажеттілік
- •Шалдың мұрагері кім?
- •Он екінші сабақ Менеджмент
- •Ақыл мен ырыс
- •Он үшінші сабақ Сұраным мен ұсыныс
- •Он төртінші сабақ Баға және баға белгілеу
- •Он бесінші сабақ Нобель сыйлығы
- •4 Тапсырма.
- •Компьютердің атасы кім?
- •Өтіріктің залалы
Он бесінші сабақ Нобель сыйлығы
Нобель сыйлығы – шведтік инженер-химик, динамитті ойлап тапқан Альфред Бернхард Нобельдің құрметіне арналған жыл сайын тапсырылатын халықаралық сыйлық. 1889 жылы Альфредтің көңіліне қаяу салған қайғылы оқиға орын алды. Журналистердің бірі оны таяуда қайтыс болған інісі Людовигпен шатастырып алады. Бұл оқиға Альфредті өзінен кейін динамиттен гөрі құнды бір нәрсе қалдыруға итермелейді.
1895 жылы қарашаның 27-нде Париждегі швед-норвегия клубында Нобель өзінің өсиетнамасын жазады. А. Нобельдің байлығы дүние жүзіне шашылып кеткен еді: Ниццедегі жекежайы, Париждегі үйі, Финландиядағы, Ресейдегі, Германиядағы, Италиядағы... сан жетпес шеберханалары, фабрикалары мен зертханалары т.б. Нобельдің сол кездегі мүлкі 33 233 792 швед кронына (қазіргі бағам бойынша 62 миллион фунт стерлингке) бағаланған. Осы ақшаның барлығы да А. Нобель қайтыс болғаннан кейін 4 жылдан соң қор құруға аударылады. Мұрагерлеріне 2 миллиондайы ғана қалады.
Нобель қорының мәртебесі мен арнайы ережелері 1900 жылы 29 шілдеде Каролинадағы Швед патшалығының мәжілісінде бекітіледі. 31 миллиондай швед кронының 28 миллиондайы қордың негізін құрады, қалған ақшаға Қор үшін ғимарат сатып алынды. Қордың қаражаты инвестициялық іс-әрекеттер мен қайырымдылық садақа кірісі есебінен толықтырылып отырады.
Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы желтоқсанның 10-нда тағайындалды. Содан бері физика, химия, медицина және физиология, әдебиет, бейбітшілік сақтау саласындағы жетістіктері мен игі іске үлес қосқан ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне тағайындалып келеді.
1968 жылы Швед банкі өзінің 300 жылдық мерейтойына орай экономика саласына да Нобель сыйлығын беру туралы өзгеріс енгізеді. 2010 жылдың аяғына дейін барлығы 67 экономист аталмыш сыйлықтың иегері атанды.
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған жалғыз әйел бар. Ол 2009 жылдың иегері – Элинор Остром. Сыйлық иегерлерінің ішіндегі 1972 жылғы иегері 51 жастағы Кеннет Эрруар ең жасы болса, ең кәрісі 2007 жылғы иегер 90 жастағы Леонид Гурвиц; ал ең ұзақ өмір сүріп жатқан 1910 жылы туған Рональд Круз болып табылады.
Мәтін бойынша жаңа сөздер сөздігін жасаңыздар және жаттап алыңыздар.
ойлап табу – изобрести, придумать шатастыру – перепутать итермелеу – подтолкнуть өсиетнама – завещание шашылып кеткен – были разбросаны жекежай – особняк шеберхана – мастерская мүлік – имущество бағам – курс (по валюте) қор құру – создание фонда мұрагер – наследник ғимарат – здание, сооружение |
қаражат – средство қайырымдылық – благотворительность садақа – пожертвование толықтыру – дополнять тағайындау – назначить жетістік – достижение үлес қосу – внести вклад қоғам қайраткерлері – общественные деятели мерейтой – юбилей иегер – обладатель |
Сөз тіркестерін аударыңыздар.
Произошел мрачный инцидент, оставил глубокий след в душе Альфреда, подтолкнуло Альфреда Нобеля, нечто более ценное, нежели динамит, подписал свое завещание, имущества Нобеля оценивалась, поступали на создание фонда, наследникам оставалась, статус фонда, было приобретено здание, пополняется за счет доходов, благотворительные пожертвование, премия присуждается ежегодно, по случаю своего 300-летного юбилея, за достижения в области, вручения премии.
Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.
«Нобель сыйлығы туралы не білесің?» деген тақырыпта диалог (15×15) құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: Халықаралық сыйлық; қайғылы оқиға; шатастырып алды; құнды нәрсе қалдыру; өсиетнамасын жазады; байлығы дүние жүзіне шашылып кеткен еді; сол кездегі мүлкі; 4 жылдан соң қор құрылды; 2 миллиондайы; мәртебесі мен арнайы ережелері; алғашқы сыйлық тағайындалды; ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне тапсырылады; экономика саласында Нобель сыйлығын беру туралы шешім; барлығы 67 экономист.
Мәтіннен есімше тіркестерін теріп жазыңыздар және аударыңыздар.
Үлгі: динамитті ойлап тапқан Альфред Бернхард Нобель – Альфред Бернхард Нобель, изобретитель динамита т.б.
Төмендегі сөйлемдерді аударыңыздар және жауаптырыңызды кестеге орналастырыңыздар.
Мүліктің бөлінуі |
Қай салаға беріледі? |
Не үшін беріледі? |
Бірінші бөлігі |
... |
|
|
химия саласына |
|
Үшінші бөлігі |
|
|
|
әдебиет саласына |
|
|
|
|
Все остающееся после меня реализуемое имущество необходимо распределить следующим образом: ...первая часть тому, кто сделал наиболее важное открытие или изобретение в области физики, второя – тому, кто совершил крупное открытие или усоворшенствование в области химии, третья – тому, кто добился выдающихся успехов в области физиологии и медицине, четвертая – создавшему наиболее значительное литературное произведение, отражающее человеческие идеалы, пятая – тому, кто внесет весмой вклад в сплочение народов, уничтожение рабства, снижение численности существенных армий и содействие мировой договоренности.
(А. Нобель өсиетнамасынан)
Грамматика!!! -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтары
Имена прилагательные могут образовываться от имен существительных, находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который, принадлежит (имеется, есть)», тот, который, достигший того возраста. Мысалы: Алматы-да-ғы Республика Сарайы – Дворец Республики, который находится в Алматы; үстелдің үсті-нде-гі ыдыс-аяқ – посуда, которая стоит на столе; шкафтың іші-нде-гі кітап – книга, которая лежит в шкафу; 51 жас-та-ғы адам - человек, достигший 51 года т.б.
Берілген сөздерге -дағы4 жұрнақтарын жалғап, сөз тіркесін жасаңыздар.
Алматы, Семей, Тараз, Ақтау, Көкшетау, Астана, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Лондон, Тайланд, Египет, Бишкек, Шымкент, АҚШ, Бразилия, Пекин, Дубай, Мәскеу, шетел.
Қазақстан Республикасы, Абай көшесі, Республика даңғылы, Мичурин
көшесі, Тәуелсіздік гүлзары, Мұз айдыны, Неке сарайы, азық-түлік дүкені, сауда орталығы, кітапхана, аурухана, демалыс, мен, біз, олар.
Үстелдің үсті, үйдің жаны, менің қасым, университеттің қарсысы,
бөлменің сол жағы, қаланың ортасы, ауылдың шеті, өзеннің бойы, жолдың шеті, көшенің оң жағы, емхананың жаны, Сәнияның үсті.
Сөйлемдерді өзгертіңіздер, аударыңыздар. Үлгі: Мысық орындықтың астында отыр. – Орындықтың астындағы мысық. «Кошка, которая сидит под столом».
Спорт кешені Республика даңғылында тұр. 2. Стадион Спорт кешенінің
жанында орналасқан. 3. Дәріхана емхананың қасында орналасқан. 4. Әр түрлі тамақ дастарханның үстінде тұр. 5. Журнал үстелі диван мен креслоның арасында тұр. 6. Қызық әңгімелер мына кітаптың ішінде бар. 7. Сауда үйлері Металлургтер даңғылының бойында орналасқан. 7. Кинотеатр Республика даңғылы мен Комсомольский көшесінің қиылысында тұр. 8. Саяжайлар қаланың шетінде орналасқан. 9. Менің қолымда гүл бар.
–дағы4 жұрнақтарын пайдаланып, сөйлемдерді аударыңыздар.
Премии по физике, химии физиологии и медицине, литературе и экономике вручает в Копенгагене в Концертном зале король Швеции, премия мира – норвежским комитетом в Осло.
Мәтіннен –дағы4 жұрнағы бар сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Үлгі: Париждегі швед-норвегия клубында т.б.
Сөйлемдерді аударыңыздар.
Мальчик, который сидит за тобой, плохо учится. 2. Почта, которая
находится на проспекте Республики, сегодня не работает. 3. Цветы, которые стоят на окне, очень красивые. 5. Дедушка, который стоит около дома, разговаривает со своим соседом. 6. Кошка, которая лежит под столом, спит. 7. Аптека, которая находится перед моим домом, открыта. 8. Пунк обмена валюты, который находится возле базара, сейчас закрыт. 9. Вещи, которые есть в этом торговом доме, очень дорогие.
Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіздер, жауап беріңізіздер.
Үлгі: Республика Сарайында Роза Рымбаеваның концерті жүріліп жатыр. (Достық даңғылы) - Достық даңғылығындағы ма? 1) – Иә, ... 2) – Жоқ, ...
Жаттығулар қиын емес. (оқулықтың ішіндегі) 2. Алаңда жолаушылар
өте көп (Теміржол бекетінің алды) 3. Көйлек өте қымбат. (Сәнияның үсті) 4. Бөлмелер онша үлкен емес (менің үйім). 5. Әдемі үйлер көз тартады. (мұражайдың арты). 6. Зәулім «Бәйтерек» Астанада орналасқан. (оң жағалау).
Астана қаласының жоспары бойынша –дағы4 жұрнағын пайдаланып, 10 сөйлем құрастырыңыздар.
Үлгі: Астана қаласындағы зәулім «Бәйтерек» ұзақтан көз тартады.
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар
І деңгей.
Күрделі етістікті анықтаңыз.
А. жақсы көру
Б. сөйлей беру
В. қызмет ету
Г. қанағаттану
Д. сұрау
2. Нақ осы шақтың дара түрін көрсетіңіз.
А. отыр
Б. сөйлеп отыр
В. келмек
Г. жазбас
Д. сұрастырған
3. Болымсыз етістікті белгілеңіз.
А. сыйлау
Б. сөйлеп отыр
В. көрсетіңіздер
Г. айқайламаңыздар
Д. сұра
4. Есімше жұрнағының қатарын белгілеңіз.
А. –са2
Б. айын4, -ыңыз4, -ыңдар4, -ыңыздар4, -сын2
В. –атын4, -мақ6, -ар3
Г. ып3, -а3, -ғалы4
Д. –дағы4
5. І жақтағы (көпше) етістікті табыңыз.
А. келгенбіз
Б. сөйлей берсін
В. көмектестім
Г. қайтыңыздар
Д. сұрастырыпты
6. «Экономика» сөзі ... тілінен алынған.
А. грек
Б. орыс
В. ағылшын
Г. француз
Д. латын
7. «Кіріс» сөзінің дұрыс аудармасы...
А. доход
Б. капитал
В. кредитор
Г. затрата
Д. понятие
8. Мақсатты келер шақты белгілеңіз.
А. аңғаруға болады
Б. көрсетеді
В. жоспарламақ
Г. мүдделі болады
Д. пайда болды
9. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А. тұрып жатыр
Б. тексерген
В. жоспарламақ
Г. есеп беру
Д. жүргізіледі
10. Сөз табын анықтаңыз: «қажеттілік».
А. зат есім
Б. сын есім
В. сан есім
Г. үстеу
Д. етістік
11. Ауыспалы келер (осы) шақты белгілеңіз.
А. көрсетті
Б. көрсетеді
В. көрсетпек
Г. көрсеткен
Д. көрсетер
12. Оқу орындарында – қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А. жатыс
Б. барыс
В. көмектес
Г. ілік
Д. табыс
13. Аудитордың тәуелсіздігі – сөз тіркесі қай модельге сәйкес келеді?
А. зат есім (көмектес с.) + зат есім
Б. зат есім (барыс) + зат есім
В. зат есім (шығыс с.) + зат есім
Г. зат есім (ілік с.) + зат есім
Д. зат есім (табыс с.) + зат есім
14. Мысырда мүлікті түгендеуге ... адам қатысып отырған.
А. бес
Б. алты
В. үш
Г. жеті
Д. сегіз
15. І жақ жіктік жалғауын (жекеше) көрсетіңіз.
А. –біз6;
Б. –сің2;
В. –сіз2;
Г. –сыңдар2;
Д. –мін6;
16. Сөйлеп келе жатқан еді – құрамындағы негізгі етістікті көрсетіңіз.
А. еді
Б. жатқан еді
В. сөйлеп
Г. келе
Д. келе жатқан еді
17. Өткен шақтың қатарын белгілеңіз.
А. бұрынғы, жедел, дағдылы (ауыспалы)
Б. мақсатты, болжалды, ауыспалы
В. мақсатты, бұрынғы
Г. нақ (күрделі, дара), ауыспалы
Д. ауыспалы, бұрынғы
18. Болжалды келер шақтың жұрнағын белгілеңіз.
А. –ып3
Б. –мақ6
В. –ған4
Г. –а3
Д. –ар3
19. Алғашқы кезде рухани оқу орындарында озат оқушыны ... деп атаған.
А. есеп беруші
Б. тексеруші
В. қатысушы
Г. аудитор
Д. зерттеуші
20. «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз: Кредиторлар өз алашағын алу үшін жанталасады.
А. кредиторлар
Б. өз
В. алашағын
Г. алу үшін
Д. жанталасады
21.Құранды етістікті анықтаңыз.
А. анықтау
Б. сөйлей беру
В. қызмет ету
Г. қанағаттану
Д. пайдаланып отырған
22. Жедел өткен шақты көрсетіңіз.
А. жүргізген
Б. сөйлей берді
В. келмек
Г. қатысып отырған
Д. сұрастырған
23. Болымсыз етістіктің жұрнағын белгілеңіз.
А. –ған4
Б. –мақ6
В. –ма6
Г. –атын4
Д. –ып3
24. Талап ете біледі – етістік құрамындағы зат есімді көрсетіңіз.
А. талап
Б. ете
В. ете біледі
Г. талап ете біледі
Д. жоқ
25. ІІ жақтағы (көпше) етістікті табыңыз.
А. келгенбіз
Б. сөйлей беріңдер
В. көмектестім
Г. қайтыңыз
Д. сұрастырыпты
26. «Аудит» сөзі ... тілінен алынған.
А. қазақ
Б. орыс
В. ағылшын
Г. француз
Д. латын
27. «Меншікті капитал» сөзінің дұрыс аудармасы...
А. человеческий капитал
Б. привлеченный капитал
В. капитал организации
Г. собственный капитал
Д. государственный капитал
28. Нақ осы (күрделі) шақты белгілеңіз.
А. аңғарамыз
Б. көрсетпек
В. жоспарлайды
Г. есептеп жатыр
Д. пайда болған
29. Есімше тұлғалы етістікті көрсетіңіз.
А. тұрып жатыр
Б. тексерген
В. жоспарламақ
Г. есеп беру
Д. жүргізіледі
30. Сөз табын анықтаңыз: «екіншісі».
А. зат есім
Б. сын есім
В. сан есім
Г. үстеу
Д. етістік
31. Болжалды келер шақты белгілеңіз.
А. көрсетті
Б. көрсетеді
В. көрсетпек
Г. көрсеткен
Д. көрсетер
32. Зерттеушілердің – қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А. жатыс
Б. барыс
В. көмектес
Г. ілік
Д. табыс
33. Көп ақша – сөз тіркесі қай модельге сәйкес келеді?
А. сын есім + зат есім
Б. етістік + зат есім
В. үстеу + зат есім
Г. сан есім + зат есім
Д. есімдік + зат есім
34. Аудиттің пайда болу кезеңі б.д.д ... мыңжылдықтан басталады.
А. V
Б. VI
В. IV
Г. VII
Д. VIII
35. ІІ жақ жіктік жалғауын (жекеше) көрсетіңіз.
А. –біз6;
Б. –сің2;
В. –сіздер2;
Г. –сыңдар2;
Д. –мін6;
36. Түзете салуға болады – құрамындағы негізгі етістікті көрсетіңіз.
А. болады
Б. түзете
В. түзете салуға
Г. түзете болады
Д. салуға болады
37. Осы шақтың қатарын белгілеңіз.
А. бұрынғы, жедел, дағдылы (ауыспалы)
Б. мақсатты, болжалды, ауыспалы
В. мақсатты, бұрынғы
Г. нақ (күрделі, дара), ауыспалы
Д. ауыспалы, бұрынғы
38. Көсемше жұрнағын белгілеңіз.
А. –ып3
Б. –мақ6
В. –ған4
Г. –атын4
Д. –ар3
39. Ауызша есеп беру сол кездегі ... байланысты жүргізілді.
А. оқу үлгеріміне
Б. тексерушіге
В. тәуелсіздікке
Г. білімділікке
Д. сауатсыздыққа
40. Бұйрық рай І жақтағы (жекеше) етістікті анықтаңыз.
А. ойнайық
Б. сөйлей берсін
В. көмектесейін
Г. жазыңыздар
Д. талап еттік
41. Етістіктер құрамы бойынша ... деп бөлінеді.
А. көмекші
Б. негізгі
В. негізгі, көмекші
Г. дара, күрделі, құранды
Д. күрделі
43. Қалау райда тұрған етістікті көрсетіңіз.
А. сұрап көрмекпін
Б. сұрап көргім келеді
В. сұрап көрді
Г. сұрап көрейін
Д. сұрап көрсін
44. Есепте... біледі – нүктенің орнына тиісті жұрнақты жазыңыз.
А. -мек
Б. -ып
В. -ген
Г. -й
Д. -ер
45. «Ұғым» сөзінің дұрыс аудармасы – ...
А. доход
Б. капитал
В. кредитор
Г. затрата
Д. понятие
46. Шартты рай жұрнағының қатарын белгілеңіз.
А. –са2
Б. айын4, -ыңыз4, -ыңдар4, -ыңыздар4, -сын2
В. –атын4, -мақ6, -ар3
Г. ып3, -а3, -ғалы4
Д. –дағы4
47. ... демалғымыз келіп жүр. – нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз.
А. менің
Б. мен
В. сенің
Г. біздің
Д. сіздердің
48. ... байлыққа, бақыт пен молшылыққа, құт-берекеге апаратын жолды көрсетеді.
А. Адамдар
Б. Бастықтар
В. Экономика
Г. Біздер
Д. Олар
49. Қаланың шетін... саяжайда демалдық. – қажетті жұрнақты жазыңыз.
А. -не
Б. -дағы
В. -нің
Г. -дегі
Д. -мен
50. «Кім» деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз: А. Маслоу адамдардың қажеттілігін бес топқа бөледі.
А. бөледі
Б. топқа
В. қажеттілігін
Г. адамдардың
Д. А. Маслоу
52. Бұрынғы өткен шақты көрсетіңіз.
А. жүргізген
Б. салыстырып отыр
В. көрсетеді
Г. талап ете алады
Д. аңғаруға болады
53. Көсемше жұрнағын белгілеңіз.
А. –а3
Б. –мақ6
В. –ма6
Г. –атын4
Д. –ар3
54. Ұқсас болып табылады – етістік құрамындағы үстеуді көрсетіңіз.
А. болып табылады
Б. ұқсас болып
В. ұқсас табылады
Г. жоқ
Д. ұқсас
55. ІІІ жақтағы етістікті табыңыз.
А. келгенбіз
Б. сөйлей беріңдер
В. көмектестім
Г. қайтыңыз
Д. сұрастырыпты
56. «Аудит» термині ... деген мағынаны білдіреді.
А. «ол естиді»
Б. «ол сұрайды»
В. «ол айтады»
Г. «ол оқиды»
Д. «ол жазады»
57. «Аудитордың тәуелсіздігі» тіркесінің дұрыс аудармасын белгілеңіз.
А. независимость аудитора
Б. настоящий аудитор
В. древние аудиторы
Г. аудиторы «А» класса
Д. аудиторская проверка
58. Сөз табын анықтаңыз: «міндеттеме».
А. зат есім
Б. сын есім
В. сан есім
Г. үстеу
Д. етістік
59. Жедел өткен шақты белгілеңіз.
А. көрсетті
Б. көрсет
В. көрсетпек
Г. көрсеткен
Д. көрсетер
60. Жеке тұлғаларға – қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А. жатыс
Б. барыс
В. көмектес
Г. ілік
Д. табыс
61. ... белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қатысуға тйым салу туралы заң қабылданды.
А. Грекияда
Б. Шотландияда
В. Мысырда
Г. Антикалық елдерде
Д. Америкада
62. ІІ жақ жіктік жалғауын (сыпайы, жекеше) көрсетіңіз.
А. –біз6;
Б. –сің2;
В. –сіз2;
Г. –сыңдар2;
Д. –мін6;
63. Келер шақтың қатарын белгілеңіз.
А. бұрынғы, жедел, дағдылы (ауыспалы)
Б. мақсатты, болжалды, ауыспалы
В. мақсатты, бұрынғы
Г. нақ (күрделі, дара), ауыспалы
Д. ауыспалы, бұрынғы
64. Ауыспалы осы (келер) шақтың жасалу жолын белгілеңіз.
А. –ып3 + жіктік жалғауы
Б. –мақ6 + жіктік жалғауы
В. –ған4+ жіктік жалғауы
Г. –а3+ жіктік жалғауы
Д. –ар3+ жіктік жалғауы
65. Қалау райдың жасалу жолын анықтаңыз.
А. +айын4
Б. +ар3+ж.ж.
В. +ғы4+тәуелдік жалғау, кел-
Г. –ып3+ж.ж.
Д. –ған4+ж.ж.
66. Айт...салды – нүктенің орнына тиісті жұрнақты жазыңыз.
А. -п
Б. -ып
В. -қан
Г. -ар
Д. пақ
67. «Профессор, читающий лекцию» тіркесінің дұрыс аудармасы –...
А. дәрісханаға кірген профессор
Б. дәріс оқып тұрған профессор
В. өнегелі профессор
Г. білімді, білікті профессор
Д. дәрісті жақсы оқитын профессор
Д. зат есім
68. Менің (танысу) келіп тұр. – етістікті қалау райда қолданыңыз.
А. таныспақ
Б. танысар
В. танысатын
Г. танысып
Д. танысқым
69. Сәнияның үстін... көйлек әдемі. – қажетті жұрнақты жазыңыз.
А. -дегі
Б. -дағы
В. -нің
Г. -не
Д. –мен
70. «Ойкос» деген сөз « ...» мағынаны білдіреді.
А. мектеп, оқушы
Б. үй, шаруашылық
В. есеп, шот
Г. адам, табиғат
Д. сыйлық, марапат
71. Негізгі етістіктен соң ... етістік қолданылады.
А. көмекші
Б. негізгі
В. негізгі, көмекші
Г. дара, күрделі, құранды
Д. күрделі
72. Жүргізіліп келеді – етістіктерді байланыстырып тұрған жұрнақты атаңыз.
А. тұйық етістік жұрнағы
Б. есімше жұрнағы
В. бұйрық рай жұрнағы
Г. көсемше жұрнағы
Д. қалау рай жұрнағы
73. Оқулықтың ішін... жаттығулар қиын емес. – қажетті жұрнақты табыңыз.
А. -мен
Б. -дағы
В. -нен
Г. -не
Д. -дегі
74. Кереуеттің (под) мысық жатыр.
А. астында
Б. астына
В. астын
Г. астымен
Д. астынан
75. «Тот, который находится» мағынасын білдіретін жұрнақтар қатарын белгілеңіз.
А. –са2
Б. айын4, -ыңыз4, -ыңдар4, -ыңыздар4, -сын2
В. –атын4, -мақ6, -ар3
Г. ып3, -а3, -ғалы4
Д. –дағы4
76. Қажеттіліктің ең жоғарғы сатысы не деп аталады?
А. өзін-өзі өзектілендіру
Б. әлеуметтік байланыстағы
В. құрметтеудегі
Г. қауіпсіздіктегі
Д. физиологиялық
77. «План,составленный нами» тіркесінің дұрыс аудармасы – ...
А. жоспар әрқашан керек
Б. жоспарлаудың пайдасы
В. жоспар құра білу керек
Г. біз білетін жоспар
Д. біз құрған жоспар
78. Жеке қабілеттерімді дамыт... келеді. – нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
А. -қымыз
Б. -қысы
В. -қың
Г. -қым
Д. –қылары
79. Үйдің (вокруг) тазалайық.
А. үстіне
Б. ортасында
В. айналасын
Г. ішіне
Д. алдына
80. «Улучшая жизнь народа» тіркесінің дұрыс аудармасы – ...
А. халықтың тұрмысы жақсы
Б. халыққа қызмет ету
В. халықтың өмірі үшін
Г. халықтың тұрмысы
Д. халықтың өмірін жақсартып
ІІ деңгей.
1 тапсырма. Етістіктерді шақ формаларына жіктеңіздер.
а) Берілген етістікті ауыспалы осы-келер шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Есеп беру, дамыту.
б) Берілген етістікті нақ осы шақтың күрделі түрінде болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Сөйлеу, қайту.
в) Берілген етістікті болжалды келер шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Білім алу, билеу.
г) Берілген етістікті мақсатты келер шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Бәсекелесу, абыройға ие болу.
д) Берілген етістікті жедел өткен шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Тексеру, қызметтік өсу.
ж) Берілген етістікті бұрынғы өткен шақта (-ған4) шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Санау, мақсатқа жету.
з) Берілген етістікті бұрынғы өткен шақта (-ып3) болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Сену, ынталандыру.
е) Берілген етістікті дағдылы (ауыспалы) өткен шақта болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Әрекет ету, сыйлау.
ё) Берілген етістікті қалау райда (осы шақ) болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Анықтау, жету.
ё) Берілген етістікті қалау райда (келер шақ) болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Бастық болу, білу.
ё) Берілген етістікті қалау райда (өткен шақ) болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Жеткізу, сенім арту.
ё) Берілген етістікті бұйрық райда болымды және болымсыз түрде жіктеңіз. Айта беру, жоспар құру, жол көрсету, тамашалау, ойластыра қою, жуу, табу, көріп шығу, айырбастау, өтірік айту, қанағат тұту.
2 тапсырма. Берілген етістіктермен тіркестіріп мүмкіндігінше күрделі және құранды етістіктер жазыңыздар, аударыңыздар.
Сұрай – жаздау, біту, түсу, салу, беру, жөнелу, бастау, көтеру, алу, қою.
Қайталап – тастау, жаздау, жасау, қою, келу, салу, біту, емес, жөнелу, көру.
Айтқалы – жату, білу, кету, жазу, отыру, күлу, тұру, көтеру, тұру, беру.
Пайда – болу, қылу, кету, шығару, көру, ету, табу, көтеру, қою, әкелу, айту.
Үнемдеген – екен, салу, емес, жазу, дейді, айтты, қылды, отырды, болды.
Жазғысы – сұрады, келді, айтты, келмеді, ашу, келіп отыр, келіп тұрған жоқ.
3 тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.
а) 1.В Казахстане мы отмечаем Новый год дважды. 2. Я завтра собираюсь пойти в театр.
б) 1. Уолт Дисней, создатель Микки Мауса, боялся мышей. 2. Улитки могут спать до трех лет.
в) 1. Мне хочется танцевать. 2. Вы вообще не хотите его понять.
г) 1. Менеджер – это специалист, которого нанимают для организации, для осуществления управленческой деятельности. 2. Действие – единица деятельности, определяемая конкретной ситуацей.
д) 1. Мы идем разговоривая. 2. Приближаясь к станции, поезд замедлил ход.