
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Сөздік
тыңдаушы – слушатель
мінбе – трибуна
ұстамды болу – быть сдержанным
тілдік амал-тәсілдер – языковые сред
ескеруі керек – должен учитывать
батылдық – смелость
сенімділік – уверенность
әсерлі, қызықты (сөз)– воздействующая, интересная (речь)
қобалжу – волноваться
♦ Мәтінді оқып, аударыңыз.
Монолог – бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы , саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі.
Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады.
Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:
1) тыңдаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.
2) білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды.
3) сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын.
4) сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың қимылдарын қатыстыруға болады.
5) екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады.
6) айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет.
7) айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек. Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға оңай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз - алтын, көп сөз – көмір» дегендей, аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек.
8) «Жүйелі сөз жөнін табады» дегендей, сөйлейтін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз
байланысты желіге құрылады.
♦ Мәтіндегі мақалдарды көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіріңіз.
10. Диалог.
Жер туралы заң жобасын талқылайық (дөңгелек үстел)
Сөздік
Талқылау - обсуждение
Кезекті отырыс – очередное заседание
Жеке меншік – частная собственность
Түзету – поправка, исправление
Пайдалану құқығы – право использования
Алыпсатарлық – спекуляция
Ұжымдық – коллективный
Балама – альтернатива, эквивалент
Мерзім – срок
Енгізу – включить
Толықтырулар мен өзгерістер – дополнения и изменения
Дағдарыс – кризис
♦ Мәтінді рөлдермен оқыңыз
Төраға: Бүгінгі отырысымызда «Жер туралы» заң жобасын талқылаймыз.
- Депутат Б. ............... Жерді 99 жылға жалға беру туралы бапты өзгерту керек. Меніңше, бұл өте ұзақ мерзім, оны қысқартқан дұрыс.
- Депутат С. ................. Жобадағы «субаренда» дегенді алып тастау керек. Бұл алыпсатарлыққа алып келеді.
- Депутат С. ................ Жер тек мемлекет меншігінде болуы керек. Ұжымдық шаруашылықты ендіру керек.
- Депутат В.................. Жобада жарамсыз жерді сатуға болады делінген. Бұл тұжырыммен келісе алмаймыз. Жарамсыз жердің астында байлық көп. Мысалы, Арал теңізінің құрғап қалған бөлігі – 2 млн. га жер. Жері егін егуге, мал бағуға жарамайды, бірақ сатуға болмайды.
- Депутат О. ................. Меніңше, негізгі проблема жердің экологиялық дағдарысында. Мысалы, Семей полигонындағы 2 млн. га жер радиоактивті қалдықтармен бүлінген, оны пайдалану өте қауіпті. Ал 4,8 млн га жарамсыз жер Байқоңырда. Барлығы 180 млн. га жер жарамсыз.Жер – біздің анамыз. «Жері азғанның елі азады, елі азғанның ері азады» дейді халық. Сондықтан жерді экологиялық дағдарыстан құтқару керек.
- Депутат Д. .................... Жерді пайдалануға болады, бірақ сатуға болмайды. Жер туралы заң біздің саяси талаптарымызға жауап беру керек. Жер мемлекеттік меншікте болуы керек.
♦ Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.
♦ Мәтіннен мақалды тауып жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
♦ Сізге қай депутаттың сөзі ұнады? Неліктен? Ойыңызды
дәлелдеңіз.
♦ Берілген цитатаны жаттап алыңыз:
«Жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс».
(Ә.Бөкейханов).