Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky_kniga.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
180.7 Кб
Скачать

7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары

 

♦  Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыздар.

Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеліп, тұрақталған, жалпыға ортақ тұрақталған ортақ заңдылықтары, яғни нормалары бар. Ол заңдылықтардың бір бөлегі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, оны лексикалық нормалар деп атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз. Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтарын орфоэпиялық нормалар деп атаймыз.

 

♦   Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:

төменде – төмөнде

құбылыс – құбұлұс

дөңгелек – дөңгөлөк

қуат – құуат

құрылыс – құрұлұс

құрылым – құрұлұм

 

         Ықшамдау құбылысы

 

 Қазақ тілінде құрама сөз (біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз), сөз аралығында қатар келген екі дауыстының алдыңғысын (көбінесе қысаң дауыстылар) түсіріп айту – заңды құбылыс. Сөздің түбірін қысқартып жазу қалай дұрыс болмаса, сөз аралығындағы екі дауыстыны қатар айту да сондай дөрекі қатеге жатады.

 

♦  Мына сөздерді айтып жаттығыңыздар:

                    не айтты? – н әйтты?

                    Не алдың? – н алдың?

                   өте ерте - өт ерте

                   жеті ағайынды – жет ағайынды

                   сарыағаш – сар ағаш

 

♦ Әліпбидегі и әрпі ый, ій дыбыс тіркесін береді. Тек тый, сый сөздері мен осы түбірдің туынды сөздері ғана ый әрпімен жазылады: сыйлық, тыйым.

Қалған жағдайда и әрпі сөз құрамындағы басқа дауыстылардың ырқымен жуан, жіңішке болып оқылады: қиын – қыйын, жиын – жыйын, тиімділік – тійімділік, мирас – мыйрас. Мұнда көп қиындық жоқ. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жеке тұрғандағы қалпы жуан дыбысталады: мы, ыр, сы, ты, ды, шы. Сондықтан ми – мый, мидай – мыйдай, сипат – сыйпат.

 

         ♦ Үйлесім заңдылығы немесе дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуін ескеріп, мына сөздерді орфоэпиялық нормасына сай айтып, жаттығып көріңіздер:

            көп жасау – көб жасау

            көп деңгейлі – көбдеңгейлі

            қазақ елі – қазағ елі

            сұйық зат – сұйұғ зат

            газ жолы – гажжолы

            мұзжарғыш – мұжжарғыш

            сан мыңдаған – сам мыңдаған

            үшбұрыш – үшпұрұш

            жазсын – жассын

            тас жол – ташшол

            үш жүз – үшшүз

            саясатшы – сайасатшы

Сонымен, қазақ тілінің ауызша сөйлеу жүйесінде негізгі-негізгі деген осындай айтылу заңдылықтары бар. Дұрыс сөйлемеу берілген мәтін мазмұнын игеруді баяулатады. Ақпарат дұрыс қабылданғанда ғана коммуникация жылдам әрі сапалы жүреді.

 

Мәтіндердің айтылым үлгілері

Сөздік

айтарлықтай айырмашылық – существенная разница

тірек сөздер – опорные слова

бастарын қосып жинаған ғалымдар – собранные ученые

бірнеше ғасырлар бойы – в течении многих веков

негізгі оқулығы болып келді – считался основным учебником

кідіріс – пауза

айтылым – говорение

 

♦ Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

Ғылыми мәтін оқылғанда дауыста ойнақылық, эмоциялылық байқалмаған дұрыс. Сонымен бірге жалпы алғанда орташа немесе баяу қарқында, абзацтары мен сөйлемдері арасында орташа немесе көлемді кідірістер жасалып оқылуы керек. Дауыс әуезі бірқалыпты келіп, әуен мен дауыс қаттылығы арасында айтарлықтай айырмашылық болмауы керек. Терминдік мағынадағы тірек сөздер мәтіннің айтылымының өн бойында ой екпіні арқылы ерекшеленуі керек.

 

♦  Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз.

 

Шын мәніндегі алгебраның тууы

Сегіз жүз жиырмасыншы жылы халиф Мамұн өзінің сарайына бастарын қосып жинаған ғалымдардың ішіндегі ең көрнектісі орта азиялық математик және астроном Мұхаммед Хорезми болды.

Сол кездегі математика саласынан жасалған еңбектердің ең маңыздысы М.Хорезмидің «Әлджебр және әлмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап» атты шығармасы. Оның бұл еңбегін латын тіліне аударғанда ғалымның «әл-ховарезм» деген сөзі «алгорифм» немесе «алгоритм» деген сөзге айналып кеткен.  М.Хорезмидің бұл шығармасы араб тілінен латын тіліне аударылып, бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европада алгебраның негізгі оқулығы болып келді. 

 

Ісқағаз стиліндегі мәтін.

         ♦ Оқып, аударыңыз.

Бұл стильдегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша құрылып, одан ауытқу сирек болады. Мәтіннің құрылымына қарай әр түрлі бөліктері (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.с.) тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. Себебі ісқағаз стиліндегі мәтіндердің басты мақсаты – адресаттың көңіл-күйіне әсер ету, оның эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір шаралар ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына қарай оның интонациясы да ерекшеленіп тұрады. Сонымен, ресми қатынастағы ісқағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына негізінен бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады. Ой екпіні түскен бұйрық, ұйғарым секілді тірек сөздер ерекшеленіп тұрады.

 

♦  Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз, аударыңыз.

 

Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңы.

                   Жалпы ережелер. 2-тарау.

5-бап. Ғылыми қызметкердің құқықтары мен міндеттері (үзінді)

 

Ғылыми қызметкердің :

а) өзінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлік қызметтің басқа да нәтижелеріне өтінім беруіне, сондай-ақ зияткерлік меншігін қорғауға;

б) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзі авторы болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іске асырудан түскен табыстарды алуға;

в) өзінің шығармашылық үлесіне сәйкес сыйақылар, көтермелеу сыйлықтары мен жеңілдіктер алуға;

... Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

 

♦ Төменде берілген жаңылтпашты тез әрі анық айтуға жаттығыңыз. Өздеріңіз білетін жаңылтпаштарыңызды еске түсіріңіз:

    Тары – азық, қазы – азық,

Нан – азыққа қазық.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]