
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
Аңдатпа
Аңдатпа – жазылған еңбектердің, оқулықтар, ғылыми мақалалар, рефераттар, диплом және бітіру жұмыстарының т.б. қысқаша мазмұнын баяндайтын құжат түрі.
Дмитриев Д.
ЭиАТК – 04
АҢДАТПА
Бұл бітіру жұмысы “Шахталық көтергіш қондырғысының ҚҚМ асинхронды электржетегі” тақырыбына орындалды. Оған келесі бөлімдер кіреді: арнайы, өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі, экономикалық бөлім.
Арнайы бөлімде транспорттық-көтергіш қондырғысына арналған ҚҚМ тізбегінің есептеулері келтірілген. Шахтаның көтергіш қондырғысының көтеру тахограмммасы жасалған, ҚҚМ тізбегін модельдеу арқылы алынған динамикалық сипаттамалары келтірілген.
Экономикалық бөлімде шахтаның көтергіш қондырғысындағы электржетегі басқару жүйесінің екі нұсқасының салыстырмалы талдауы жасалған. Таңдалған жобаның келтірілген шығыны бағаланған.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде шахтаның көтергіш қондырғысының машина бөлімшесіндегі шуылға есептеулер жасалған.
АННОТАЦИЯ
Выпускная работа выполнена на тему “Асинхронный электропривод шахтной подъемной установки с МДП”. В него входят следующие разделы: специальная часть, безопасность жизнедеятельности, экономическая часть.
В специальной части производится расчет схемы МДП для транспортного-подъемной установки, имеются динамические характеристики, полученные при моделировании схемы МДП.
В эконмической части производится сравнительный анализ выбора двух вариантов системы управления электроприводом шахтной подъемной установки. Оцениваются приведенные затраты выбранного проекта.
В разделе “Безопасность жизнедеятельности” производится расчет шума в машином отделении шахтной подъемной установки.
Шевченко В. С.
БВТ-04-4
АҢДАТПА
Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан оқытуға
арналған Web-сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі
мәселелер зерттеліп анықталған:
- жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар, Web-технологиялар мен жобалау тілі;
- программалық және ақпараттық құралдар;
Құрылған жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген. Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарықтандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген.
АННОТАЦИЯ
В данной выпускной работе разрабатывается Web-сайт для дистанционного обучения по предмету Интернет- технологии. Для создания эффективной обучающей системы исследовано и определено следующее:
- цели, существующие Web-технологии и язык разработка, необходимые для каечственного функционирования данной системы;
- прогаммные и аппаратные средства.
Производен расчет экономической эффективности разработанной системы. Рассмотрены вопросы безопсности жизнедеятельности, условий труда, выполнен расчет освещенности и кондиционирования рабочего помещения.
Хан Д.
МТС-04
АҢДАТПА
Бұл бітіру жұмысында GPS навигациясын Тараз қаласының ұялы байланыс желісіне енгізу зерттелді. GPS навигациясы ең қысқа жолды, нысанның орналасқан жерін және оған дейінгі қашықтықты анықтау үшін пайдаланылады. Ол GPS қабылдағыштан және ұялы телефоннан тұратын аппаратура жиынтығы ретінде ұсынылды. Жұмыс барысында GPS қабылдағыштарын негізгі сипаттамалары мен таңдауы жасалды. Сонымен қатар радионавигациялық өрістің есептеулері, атмосфераның әр түрлі қабаттарындағы өшуіне өзгертулер жасалды. Ол нысанның координаттарының дәлірек анықталуына мүмкіндік жасайды. Өзімен бірге ұялы телефонды және қабылдағышты алып жүретін кез-келген тұлға GPS навигация қызметін қолдана алатын болады.
Бітіру жұмысында бизнес-жоспар құрылды, онда пайдалану шығындары есептелді, бұл қызметті енгізу нәтижесінен түсетін пайда анықталып, қызмет көрсетудің болашақта керектігін анықтайтын өтемділік мерзімі есептелінді. Өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды, мұнда басты электрмагниттік өрістің сәулесіне қауіпсіз қашықтықты анықтау және ғимаратты найзағайдан қорғануды есептеулер мәселелеріне аударылды.
АННОТАЦИЯ
В данной выпускной работе исследовано внедрение GPS-навигации в сотовые сети города Тараза. GPS-навигация предназначена для определения местонахождения объекта. Она представляет собой комплекс апаратуры, состоящей из GPS-приемника и сотового телефона. В ходе работы произведен выбор и описание основных характеристик GPS-приемников. Также произведен расчет радионавигационного поля, поправка на затухание в различных слоях атмосферы, что позволяет более точно определить координаты объекта. GPS-навигацией могут пользоватся все, кто имеет при себе сотовый телефон и приемник.
В выпускной работе составлен бизнес-план, в которым были рассчитаны эксплуатационные расходы, определена прибыль от внедрения данной услуги и рассчитан срок окупаемости, что позволит определить преспективу данной услуги. Рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности, где там безопасного расстояния от излучения электромагнитных полей и молниезащиты здания.
Андреев М.
БРЭ-04
АҢДАТПА
Бұл бітіру жұмысында басқа елдерде цифрлық радиохабар таратуды енгізудің тәжірибесін талдау негізінде, Қазақстан Республикасындағы телерадиохабар таратудың цифрлық желісін ұйымдастыру және іске асыру қаншалықты күрделі проблема болып табылатындығы көрсетілген.
Жұмыста DVB-N (MPEG-2) стандарты пайдалану арқылы Астана ЦТД желісі әзірленген. Жоғары тиімді MPEG-2 стандартын қолдану абоненттік декодерді бірегейлеуге және келешекте жоғары анықтықты теледидарға өту мүмкіндігін қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Жоспарланған желіде қашықтан басқару және мониторинг жүйелерін пайдалану қарастырылған. ТД бағдарламаларын таратқыщтарға жеткізу “Казсат” жерсеріктік тарату жүйесімен іске асырылатын болады.
Сондай-ақ жұмыста бизнес-жоспар ұсынылған, ЦТД желісін негізудің техника-экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігі анықталған және өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В выпускной работе на основании анализа опыта внедрения цифрового радиовещания в других странах показаны проблемы, стратегия организации и реализации сети цифрового телерадиовещания в Республике Казхстан.
В выпускной работе разработана сеть ЦТВ в г. Астане с использованием стандарта DVB-Т (MPEG-2). Применение высокоэффективного стандарта MPEG-2 позволит унифицировать абонентский декодер и упростить возможность перехода в будущем к телевидению высокой четкости. В планируемой сети предусмотрено использования и мониторинга. Доставка ТВ-программ к передатчикам будет осуществляться системой спутникового вещания “Казсат”.
Также в работе представлен бизнес-план, определены технико-экономические показатели эффективности от внедрения сети ЦТВ и рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности.
Өтініш
Өтініш – белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын
жүзеге асыруды өтініп жазатын ресми құжат.
Сөздік
заявление - өтініш
прошу – сұраймын / өтінемін
проживающий – тұратын
прилагается - тіркелген
принять - қабылдау
перевести – ауыстыру
стаж - өтіл
♦ Мына стандарт құрылымдарды есте сақтаңыз:
Кезекті демалысқа шығу выйти в очередной отпуск
Кезектен тыс демалыс беру дать внеочередной отпуск
Рұқсат ету разрешить, дать разрешение
Рұқсат етуіңізді сұраймын прошу разрешить, прошу дать разрешение
Сізден ... сұраймын Прошу Вас...
...ден бастап с...числа
♦ Дұрыс аудармасын табыңыз:
өтініш жазу рассмотреть жалобу/заявление
өтініш беру регистрировать жалобу/заявление
өтінішті қабылдап алу дать ответ на жалобу/заявление
өтінішті тіркеу жалоба/заявление гражданина
өтінішті қарау подать жалобу/заявление
өтініштің мазмұны написать жалобу/заявление
өтінішке жауап беру принять жалобу/заявление
азаматтың өтініші не рассматривать жалобу/заявление
өтінішті қарамау содержание жалобы/заявления
♦ Тұрақты тіркестерді есте сақтаңыз. Олардың әрқайсысы үшін жағдаят диалог ойлаңыз.
Кесте бойынша, қол қою, рұқсат беру, құжат дайындау, тапсырманы орындау, өтініш беру.
♦ Мына құрылымдарға назар аударыңыз, есте сақтаңыз (запомните).
Кімге
- АЭжБИ ректоры профессор Ғ.Ж.Дәукеев-ке
- Ғ.Ж.Дәукеев мырза-ға
- Электроника және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі профессор Ә.Берікұлы-на
- ҚОжЕҚ кафедрасының меңгерушісі профессор М.Қ.Дүйсебаев-қа
Кімнен
- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Р.Қ.Бөкейханова-дан
- Аударма бөлімінің бастығы С.Х.Дүкенбай-дан
- ҒЗС бастығы С.Р.Ерланұлы-нан
- ҚКК төрағасы В.И.Фельский-ден
♦ Шығыс септік –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен + бастап.
Данная конструкция переводится деепричастным оборотом Начиная с... .
♦ Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Начиная с этого года, начиная с середины месяца, начиная с пятницы, начиная с самого утра, начиная со следующего года, начиная со следующей недели, начиная с завтрашнего дня, начиная с 15 января сего года.
♦ Ауыспалы осы шақты жедел өткен шаққа өзгертіңіз.
Мен өтініш жазамын. Мен бүгіннін бастап кезектен тыс демалысқа шығамын. Бүгін кешкі бестен бастап сегізге дейін мәжілісте боламын. Түске дейін құжаттарды дайындаймын.
♦ Табыс септіктің қолданысын есте сақтаңыз
Бас энергетик қызметіне қабылдауыңыз-ды
Кезекті (кезектен тыс) демалыс беруіңіз-ді
Іссапарға жіберуіңіз-ді
Мені басқа бөлімге ауыстыруыңыз-ды өтінемін
Жалақымды көтеруіңіз-ді (сұраймын)
Өндірістен қол үзбей оқуға рұқсат беруіңіз-ді
Еңбек келісімін ұзартуыңыз-ды
♦ Өтініш үлгілерімен танысыңыз
АЭжБИ ректоры, проф.Ғ.Ж.Дәукеевке
қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
Д.М.Арыстанғалиевадан
ӨТІНІШ
2009 жылғы шілде айының 5-інен бастап осы жылғы кезекті еңбек
демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.
Д.Арыстанғалиева
2009 жыл, маусымның 5-і
«Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы
Б.Асқарұлы мырзаға
Алматы қаласы, В.Радостовец көшесі,
362-үйде тұратын С.Жанботаевтан
ӨТІНІШ
Мені 2009 жылдың 10 шілдесінен бастап техника бөлімінің директоры қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Екі жоғары білімім бар. Еңбек өтілім – 5 жыл.
Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.
С.Жанботаев
5 шілде 2009 ж.
Арыз – хабарламаның түрі. Арызда азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарының бұзылуы көрсетіледі. Өтінішке қарағанда, арыздың мазмұны мен тақырыбы кең, әрі әр алуан.
♦ Төмендегі құрылымдарды пайдалана отырып, бір өтініш жазыңыз.
Арыз, өтініш жазуға себеп болған жайттарды көрсететін стандарт құрылымдар: үй-жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, денсаулығыма байланысты, ... қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, ... қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына байланысты т.б.
Арыз, өтініштің талап-мақсатын көрсететін құрылымдар: академиялық демалыс беруіңізді сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, басқа факультетке ауыстыруыңызды сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді сұраймын, жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.
♦ Бұрыштаманың түрлерімен танысыңыздар:
Қаралсын – рассмотреть
Талқылансын – обсудить
Бекітілсін – утвердить
Тапсырылсын – поручить
Ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения
Комиссия құрылсын – создать комиссию
Баяндалсын – доложить
♦ Бұйрық
Бұйрық-кәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрық - кәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, жою, қайта құру; кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есептеу, жабдықтау, өнімді өткізу, сондай-ақ қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық кәсіпорынның барлық қызмекерлері үшін міндетті.
Сөздік
бұйрық – приказ
жеке құрам – личный состав
бұйрық беру – отдать приказ
бұйрыққа бағыну – подчинится приказу
тағайындалсын – назначить
қабылдансын – принять
босатылсын – освобадить
ауыстырылсын – заменить, перевести
жүктелсін – возлажить
белгіленсін – определить, установить
штаттық кестеге сәйкес – согласно штатному расписанию
қызмет – должность
бос
орын пайда болуына
басқа
жұмысқа ауысуына
қызметі жоғарылауына
денсаулығына
отбасы
жағдайына
зейнеткерлікке
шығуына
байланысты
ресми сапарға кетуіне
іссапарға кетуіне
кәсіпорынның жойылуына
еңбек шартының мерзімі өтуіне
себепсіз
жұмыстан қалғаны
еңбек
тәртібін бұзғаны
ерекше
жұмысы
үшін
жұмысқа үнемі кешігетіні
жұмыстан ерте кеткені
қызметтік жағдайын орынсыз пайдаланғаны
♦ Ырықсыз етіс: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н + бұйрық райдың үшінші жағында қолданылған өкілеттік құжаттардағы баяндауыштарды аударыңыз, оларды қатыстырып, сөйлемдер құраңыздар (орыс және қазақ тілдерінде).
Сайлансын, бекітілсін, жарамсыз деп табылсын, іске қосылсын, жол берілмесін, көмек көрсетілсін, қамтамасыз етілсін, өзгеріс енгізілсін, қарауға жіберілсін, қорғауға жіберілсін, рұқсат етілсін, тексерілсін, бақылауға алынсын, жауапкершілік жүктелсін, т.б.
♦ Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз, сөз тіркестерін құраңыздар.
Үлгі:
Енгізу – енгіз-іл-сін - өзгеріс енгізілсін.
Босату - ........................
Қысқарту - ....................
Жүргізу - .......................
Орындау - ......................
Тыйым салу - ................
♦ Екі қатардағы сөздерді сәйкестендіріңіз:
Жұмысқа кестеге сәйкес
Штаттық белгілеу
Орынбаевтың жағдайына байланысты
Үстемақы шығуына байланысты
Отбасы сынақ мерзімімен
Еңбек шартының қызметінен
Зейнеткерлікке өтініші
2 апталық қабылдау туралы
атқаратын аяқталуына байланысты
Бұйрықтың үлгісімен танысыңыз
Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті бойынша
№ 9 Бұйрық
Алматы қаласы 21.05.2005 ж.
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмаған студенттер туралы
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмағандарына байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
Мына студенттер институттан шығарылсын:
1. Семенов В.В.
2. Нефедов К.И.
3. Жетенов Т.М.
Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және
мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы,
профессор М.М.Аршидинов
хатшы З.Садырова
♦ Мына жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.
1. А.Асановты физика кафедрасына инженер қызметіне қабылдау туралы
2. Ж.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін үйлестіруші қызметінен босату туралы
3. Институт ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым салу туралы
♦ Ресми іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердің мағынасын ашып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз:
Басы ашық – даусыз, айқын;
Бас қосты –
Көз жазбады –
Іс тындырды –
Қол астында –
Есеп берді –
Қол қойды –
Қол астында –
Іске қосты –
Дауыс беру –